МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет61/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
ҚҰПТАН НАМАЗЫ عيشة­ қ. «Намаз».
«ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» لا اله إلا الله- араб тілінен енген діни сөйлем, тікелей мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ». Бұл сөйлем, яғни ұғым, әсіресе, мұсылмандар қолданысында өте жиі кездеседі. Ислам дінін ұстанушы ұғымында бүкіл әлемді, жалпы он сегіз мың ғаламды жаратқан ол Аллаһ. Өз жаратылысында адамды ерекше марапатпен және жындар мен періштелер арасында өте мәртебелі жаратқандық. Өз жаратылысының әрбіреуін сондай ұлы махаббатпен жаратқандықтан оларды ризықтандырып, керек-жарағын қамтамасыздандырып, тағдырын шешіп, тіпті жамандық пен жақсылықты өзі жаратқан болса да қорғап-қоршап тұратын осы ұлы Аллаһ. Сондықтан дүниеге Адам боп келгендіктен, көрген күніне шүкірлік етіп, тәубеге келу керек екендіктен тек Аллаһқа ғана құлшылық қылуды талап етеді. Аллаһтан басқа құдайға табынған Адам көп құдайшыл атанғандықтан ондай адамды мұсылман емес деп есептейді. Ислам дінінің Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға уаһи жеткізіп, Құран түсіруінің себебі де сол, «Аллаһтан басқа құдай жоқ, тек бір ғана Аллаһқа сиыныңдар» деген үндеу еді. Мұхаммед с.а.с.-ға пайғамбарлық келгенде 13 жыл бойы Исламға шақырған ол тек тауһид ілімін яғни Аллаһты бірлеуге шақырған еді. Исламды қабылдап, мұсылман болған әрбір Адам тілін кәлимаға бұрып, шын ықыласымен «ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ, МҰХАММАДУР-РАСУЛ АЛЛАҺ» - демек, Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп айтуы тиіс. Исламға сеніп, кәлима айтпаған адамның иманы толық болмайды. Тіпті Ислам дінінде «ЛӘӘ ИЛӘӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» деген адамды өлтіруге тыйым салынады. Қасиетті Құранның Лұқман сүресінің 29-30-аяттарында: «Көрмедің бе? Расында Аллаһ түнді күндізге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырады. Барлығы бір мерзімге дейін жүреді. Рас, Аллаһ, олардың істегендерін толық білуші. Міне шексіз Аллаһ – Ол хақ. Сөз жоқ олардың Аллаһтан өзгеге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Аллаһ – Ол өте жоғары, аса ұлы.» - дейді.
Осындай ұлы Аллаһқа сиынып, Хақтың пәк жолымен жүрген, . Ислам дінін берік ұстанған ақын, данагөй Мәшһүр – Жүсіп Көпеев те Аллаһ сөзін жиі қолданады.
Мысалы:
Дүниеде ешбір кәләм ауызға алмай,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет