МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет71/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
ФАТИМА БИНТ МУХАММАД ­ Ислам дінін негізін салған пайғамбарлар мөрі әрі адамзаттың асылы болған хазіретті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ең кенже, ең сүйікті әрі пайғамбарымыздың пәк ұрпағын жалғастырған қызы. Ол пайғамбарымыздың ең алғаш Ислам дінін дүниеге әкелгенде алғаш иман еткен, асыл жары Хадиша Кубрадан Пайғамбарымызға әлі пайғамбарлық міндеті берілместен аз ғана уақыт бұрын дүниеге келген. «Қаралы жылда» Хадиша Кубра дүние салып, Фатима ананың аялы алақанынсыз қалады. Мейірімділік Пайғамбары (с.а.с.) оған әрі әке, әрі шеше бола білді. Өзінің ұрпағын осы қызы жалғастыратынын сезіп білген Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны көзінің қарашығындай көретін. Хазіретті Фатиманы сахабалар да жақсы көріп, құрмет көрсететін. Әкесіне аумай тартқан оны «Умму Әбиһа» (Әкесінің анасы) деп атайтын еді. Бұл жайында Хазіретті Айша (р.а.) анамыз: «Фатима үйге кіргенде Расулаллаһ орнынан тұрып, қызының маңдайынан сүйіп, өз орнына отырғызатын. Пайғамбар оның қасына барған кезде ол да орнынан тұрып, әкесін сүйіп, өз орнын беретін. Жүріс-тұрысы, мінез-құлқы жағынан Аллаһ Расулына Фатима сияқты ұқсас адамды көрген емеспін. » - дейді. Сахабалар арасында хазіретті Әбу Бәкір (р.а.) және Омар (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) туыстық қатынас орнату үшін оның сүйікті қызына құда түседі. Фатимада хазіретті Әлидің де көңілі болған еді. Аллаһтың әмірімен Мұхаммед (с.а.с.) Әлиге (р.а.) қызын қосып, некесін өзі қияды. Бір жылдан кейін хазіретті Хасан мен Хусейн дүниеге келді. Мұхаммед (с.а.с.) «Дүниеде иіскеп сүйген қос райханым» деп екі немересін екі тізесіне отырғызып, ерекше еркелететін. Пайғамбарымыздың мүбәрәк ұрпақтары осы екі немересінен тарады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда хазіретті Фатимаға өмірдің мәні қалмады. Күндіз-түні көз жасын төгіп, жүрегі қан жылады. Пайғамбарымыздың жоқтығына алты ай ғана шыдай алды. Хазіретті Фатима хижраның он бірінші жылының рамазан айында ақтық сапарға аттанды. Жаназасын құдай қосқан қосағы хазіретті Әли өзі шығарды.
Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің діни лирикасында Мұхаммед пайғамбарға, оның өміріне арнап жазған жыр-дастандарында осы хазіретті Фаима анамыз жиі айтылады. Себебі, хазіретті Фатиманың барлық өмірі мүбәрәк әкесі Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбармен тығыз байланысты еді.
Ақын хазіретті Фатима жайлы «Ғалының ниеті» атты өлеңінде былайша деген еді:
Дүлдүлді сояйын деп сыртқа шықса,
Фатима намаз оқыр хұжырасында...
-деп діндарлығын көрсетсе:
... Дұғасы Фатиманың қабыл болып,
Тағамы сегіз жұмақ көшкен екен...
- деп, Аллаһтың сүйген құлы екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ Фатима қыздың мүбәрәктігі мен хазіреттілігін мына өлең жолдарымен сипаттаған:
Фатимаға қонаққа келген жанға
Құдайым тозақ отын арам етті...
- дейді. Бұл өлең жолдары ақынның жазған бір ғана өлеңінде жырланса, басқа да жыр-дастандарда түрліше сипаттарын ашады.
Әдеб.:Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар –Алматы, 2004. – Б.238-243. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 64-65.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет