ТӘКИЕ - Тақия. М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы «ќазаќ таќиясы», «таќия ‰й» тек ќана ѓаріп - ѓасірлерді ќабылдайтын таќия болмаѓан ќажылыќќа, ислам діні жолына т‰скен адамдардыњ да жатын-орыны болѓан. Мысалы: «Сонан кейін бұл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып: «қазақ тақиясы» деген тақия салдырып, ол үйді Құнанбай атына жаздырып, мұнан былай қазақтың келген хажы осында түсетұғын болсын деп, қазақтың өзінен ие болып бір шайхы тұратын болсын деп» (Мәшһүр-Жүсіп). Н.Д.Оњдасыновтың айтуынша:Тєкие − 1) кезбе, жићанкез, ќањѓырушыларды ќабылдайтын ‰й, жай, орын; 2) дєруіштердіњ т±ратын ‰й-жайы; 3) тірек, таяныш, с‰йеніш. Б.Сапаралы: «Сол ќазаќтан барѓан аќылдасып, Меккеден ќонаќ ‰й салѓызбаќ болады. Ќаражаттыњ кµбін Мырќы берсе керек, басќа ќажыѓа барѓандар елге ќайтќанда, Ќ±нанбай ќалып, екі айдай жатып, ќонаќ ‰йді бітіріп, «Ќазаќ Ќ±нанбай таќиясы» - деп жазѓызып елге ќайтады» Х.Маданов: Ќ±нанбай, Мырќы, Досжан хазіреттердіњ 1876 жылы меккеге барып, одан µлењмен жазылѓан шежіре алып келгенін жазады. Тєкиені арѓын Ќ±нанбай салѓандыќтан б±л таќия бірнеше кісіден µтіп барып, кіші ж‰з Досжан халфеніњ ќолына µтеді. Демек, тєкиеніњ салынѓаны шындыќ. «Мекеде уыќып ‰й салып, Пєтер ќып, жаќќан шыраќты демей ме?» -дейді Абай; Тєкие//таќия: є/а Сол сияқты: к/ќ дыбыстырдың өзгерісінен қалыптасқан. Оныњ (тє+кие) тєжім ететін ‰й дейтіндей ислєм дінімен ешќандай ќатысы жоќ. Түйін. М-Ж. Көпеев Мекеге барып, қонақ үй (гостиница) тақия салдырғаны тарихтан белгілі. Сондықтан да «тақия» баспана сияқты қолданылған.
Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 252.
ТОЗАҚ جهنم – адам баласы кеудесінен Жаны шығып, дүниеден қайтқаннан кейін Жан күнаһар болса азапталып, жазаланатын азап орны, жанның мәңгілік мекені. Мұндай жерге ең алдымен Аллаһқа, үкімдеріне қарсы келіп, оған серік қосқандар. Мұндай адамдар кәпір болады. Ислам жолынан өзге харам жолдарда кеткендер, Адам хақысын жеп, кісі өлтіргендер, Аллаһқа құлшылық қылудан бас тартып, Аллаһтың емес дүниенің құлдығына бас ұрғандар Аллаһтың әмірімен осы азап мекеніне айдалады. Шексіз азап, адам баласының тілі жетпейтін мәңгі қиындық көреді. Аллаһтың қаһарына іліккендер ол мекенде мәңгі қалып, ал кешірілгендер жазасын өтеген соң қайта жұмаққа қайтарылады.
Азап түрлері ауырлығына қара арта бергендіктен оның жазасы да түрліше болады, сол себепті тозақтың да түрлері бар.
Жаһаннам;
Жаһим;
Сақыр;
Сижжил;
Һадилазад;
Хатм
Тамұқ.
Қазақ ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармалары діни жырлар болғандықтан тозақ туралы мәліметтер табуға болады. Ақын дінді жырлап қана қоймай, адамзат баласын ислам дініне шақырып, адал жолмен мейірімді түрде салиқалы өмір сүруге үндеу тастап жүргендігі ақиқат. Сол себепті Мәшһүр-Жүсіп «тозаққа» да тоқталған. Мысалы:
«Тозақ оты қиын!» - дейді, -
Жұрттың бәрі солай сөйлеп.
Мұнан артық от болар ма,
Зағыпырандай жүзі солмақ?!
- деген. Ақын шығармаларының ішінде тіпті тозаққа байланысты бесінші бап «Жеті тозақ баянын» жазған.
... Тозақтың ғазабы бар тастан қатты,
От жанып, қайнатады адамзатты.
Отыны адам мен тас – ол тамұқтың
Құранда мазкор болған көр аяты.
Ішінде әр бөлменің жетпіс орын,
Қайнатар оған кірген жанның сорын.
Әр орында жетпіс мыңнан жыландар бар,
Жаралған һаммалары соның бұрын.
Ғазап бар, заһар, зақым бәрі де анық
Жазалы дамыл-дамыл жатар жанып.
Сол жыланның бір демі шықса титтей,
Бұл дүние бір сағатта кетер жанып.
- дейді. Данагөй ақынның тозақ жайында жазғандары басқа да өлеңдерде кездеседі. Осыдан ақынның дінге деген көзқарасының жетік, білімі артық екенін байқаймыз.
Әдеб.: Лүтфи Шентүрк Исламда сенімнің негіздері. Анкара – 2000. –Б. 76. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 86.
Достарыңызбен бөлісу: |