МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет76/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
НӘКИР - періште аты. қ. «МҮҢКІР».
МҰСА (موس) пайғамбар. Египет жерінде Ибраһим пайғамбардың ұрпағы Яқуб пен Жүсіп тұрған еді. Сол жерді кейіннен Ферғауын басқарған. Ол Ферғауын Аллаһқа сенбегендіктен еліне қаһарлы, әділетсіз хан болған. Яқуб пайғамбардың тағы бір есімі ­ Исраил. Сондықтан оның ұрпақтарын Исраил ұрпақтары деп атайды.
Ферғауын бір күні түс көреді. Түсінде бір сәбидің дүниеге келіп, оның хандығын тас-талқан еткенін көреді. Бұл түсінен шошынған ырымшыл Ферғауын осы түстің міндетті түрде орындалатынын сезіп, өз құлдарына Египеттің барлық ұл балаларын өлтіруге әмір берді. Осы кезде Мұса атты сәби дүниеге келген еді. Оны да Ферғауынның зұлым құлдары өлтіріп қояр деген қауіптен анасы Мұсаны себетке салып, суға ағынымен жайлап ағызып жібереді. Бұл себетті Ферғауынның мейірімді әрі балажанды әйелі тауып алады да өзіне қалдырып, асырайды. Мұсаның ата-анасы кім екенін ешбір жан білмейтін еді. Сол себепті ханшайым сәбиге лайықты «сүт ана» іздеді. Аллаһтың құдіретімен Мұсаның туған анасы хан сарайына балаға сүт ана ретінде орналасты. Анасы баласын құшағына алып қайта қауышты. Өзі өсіріп, жеткізді.
Мұса Ферғауынның хан сарайында өсірілгендіктен оған пайда келтірер деген түрлі ілімдер үйретті. Күндердің күнінде Мұса Ферғауынның сарайынан шығып, қалаға барғанда өз елінің және египеттік екі жігіттің төбелесіп жатқанын көріп араша түпек болады. Абайсызда египеттік жігітті өз елінің жігітін қорғамақ мақсатта өлтіріп алады. Өз ісіне өкініш білдіріп, қатты қапалана Аллаһ күнәсін кешірер ме екен деп жылайды. Мейірімді Аллаһ Мұсаны өз күнәларынан босатты. Бір күні өз елінің жігіті төбелесқор екені соншалықты, тағы да бір жігітпен ілігісіп тұрғанын көріп, қасына барғанда әлгі жігіт: «О. Мұса! Сен енді мені өлтірмек ойың бар ма? Сен кеше бір адамның жанын о дүниеге аттануға себепші болдың. Ол жақсы адамдардың қылығы емес.» - дейді. Шошып кеткен Мұса өз жөніне кетеді. Ферғауын Мұсаның бұл ісін біліп қояды да, Мұса елі мен жерін тастап кетеді. Жүре-жүре Шұғайыб пайғамбардың еліне келеді. Қойшылар қойларын бағып, суғаратын бұлақ басына жеткенде кезек күтіп тұрған екі қызды көріп, жәрдемдеседі. Әлгі қыздар әкесіне баяндап болған оқиғаны айтады. Әкесі Мұсаны шақырып алып, екі қыздың біріне үйленуін және бірнеше жылдар бойы қой бағып, бірге тұруын ұсынады. Болашақ пайғамбар оған келіседі де, бай бақытты өмір сүре береді.
Бірнеше жылдар өткен соң Мұса әйелімен өз еліне оралып, анасымен қауышпақ үшін Египетке аттанады. Шөл далада түнде суық болғандықтан Мұса әйелі екеуі тоңа бастайды. От жағып, жылынбақ болғанымен Мұсаның қолынан ештеңе келе қоймады. Сол кезде Мұса Синин тайының шыңына қараса, оның оң жағында от жанып тұрғанын көреді. Әйеліне ол жерде не ел бар екенін немесе бір от барын айтып, сол жерде өзін күтуін өтінеді. Мұса тауға қарай бет алып бара жатып, оттың шыққан жеріне жақындағанда күтпеген жерден бір ғажайып дауыс естиді.
­ О, Мұса! Мен сенің құдайыңмын! Мен Аллаһпын! Сен Тува жерінің қасиетті жерінде тұрсың. Сол себептен сен аяқ киіміңді шеш. Сені Өзімнің пайғамбарым етемін. Мен ­ жалғыз құдаймын. Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Маған ғана құлшылық қыл, Менен ғана жәрдем ізде және Менен ғана дұға тіле! – дейді.
Аллаһ оған өзін нақты сезіну үшін және өз еліне пайғамбар екенін дәлелдей алу үшін түрлі қасиет дарытты. Соның бірі қолындағы таяғын жерге тастаса жыланға айналатын болған. Ал қолын қатты қысып жанына ұстаса қолдары аппақ болып кететін болған. Осы қасиеттерді Аллаһ оғанбергендіктен Ферғауын шектем тым шығып кетті, ол өзін құдай санап, шатасып жүргендігін білдір деп аттандырады. Сол кезде Мұса Аллаһтан ақиқи білім, көркем мінез сұрайды.
­ О, Мұса, Мен сені ақиқи біліммен және көркем мінезбен көрікті еттім. Сен Харунды өзіңе шақыр. Екеуің бірігіп Ферғауынға бірге аттаныңдар. Ол адамдарға рұқсат еткен барлық шектен тым шықты. Бірақ сен онымен жұмсақ түрде сөйлес. Бәлкім ол Аллаһтың қаһарынан қорқып, менің дініме бет бұратын болар. Аллаһтан басқа Құдай жоқ. – дейді Аллаһ. Харун мен Мұса Египетке аттанады. Ферғауын Аллаһтың айтқандарын естіп қатты ашуланып, қаһарланады. Бірақ Ферғауынның қаһары Мұса мен Харунды еш шошытпады. Мұса Аллаһтың қалауымен құдіретке айналған таяғын жерге лақтырып жібергенде, таяқ жыланға айналды. Бірақ Ферғауын сен сиқыршысың, сенде еш пайғамбарлық қасиет жоқ деп қарсы тұрып, өз еліндегі барлық сиқырмен айналысатын адамдарын алдыртып, сынатады. Барлық сиқыршы өздерінше бір жылан жасағанымен Мұсаның таяғы еңгезердей бір жыланға айналып, барлық ұсақ жыландарды әп сәтте жұтып қояды. Бұл құдіретті көрген сиқыршылар Құдайдың барын мойындап, Мұсаның дінін қабылдайды. Сөйтіп олар Аллаһтың адал құлдарына айналады.
Ферғауынды тастап кеткен Мұса Харун екеуі зұлымдықтан көз ашпаған халыққа барып: «Аллаһ бізге Ферғауын мен Египеттен бас тартуымызды бұйырды» - дейді. Ел-жұртымен Мұса Египетті тастап жолға шығады. Ферғауын оны өз әскерлерімен артынан қуғанда Мұса өз елімен теңізге дейін жетеді. Артынан ерген ел теңізді көріп қатты шошынып, абдырап қалады. Сол кезде Аллаһ Мұсаға қолындағы таяғымен теңізді бір ұруын бұйырады. Аллаһтың айтқанын жасағанда теңіз екіге айрылып, Мұса ортасынан елімен өте шығады. Артынан қуып келе жатқан Ферғауынның әскері теңіздің ортасына жеткенде теңізді Мұса қайта таяғымен бір ұрғанда теңіз қайта қосылып, Ферғауын әскерімен қоса теңізге батып қырылады.
Көптеген уақыт елімен бірге шөл далада өмір сүрген Мұсаға бір күні Аллаһ Синин тауына шығып, 40 күн сонда болуын әмір етеді. 40 күнді көп санаған халық имандары әлсіреп, басқа пұттарға табына бастайды. Алтыннан бұзаудың мүсінін құйып, жансыз мүсінге жан-тәнімен табынып, құлдық ұрып жүреді. Таудан қайтқан Мұса халқының осы бір жиіркенішті ісіне қапаланып, алтын бұзауды өз қолымен сындырады. «Аллаһтан басқа еш құдайға табынбаңдар!» - деп Аллаһтың уаһи еткен қасиетті кітабы «Тауратты» ұсынады. Бұл кітапта Аллаһ адамдардың екі дүниеде бақытты өмір сүруі үшін тек Аллаһқа жалбарынуын, әділетті, бейбіт өмір кешуін, қайырымды болуын бұйырған.
Хазірет Мұсаның уақытында оқу-жазу білетін адам өте аз болған. Израйылдықтар хазірет Мұса ғалаиһиссалам өліп, бірнеше жылдан кейін Алладан түскен Тәураттың түпнұсқасын жоғалтты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көкке көтерілгенде Мұсаға (ғ.с.) жолыққандығы баян етілген.
Бесінші көкке және жетіп қалдық,
Тұр екен Ыдырыс сонда: хабар алдық.
Бесіншіде жолықтық біз һарұнға
Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.

Жылады, көріп бізді Мұса нәби:


-Көрмей ме сендей болып тусам, кәне-ей?»
Соң қылып бәрімізден шығарса да,
Оң қылып, абзал қылды Құдай сені!
М±самен мен сµйлессем Т±р тауында,
Сенімен жолыќтым ѓой н±р тауында.
Таурат ‰шін аятыл к‰рсі бердім,
Оќыса болар пайда кµп ќауымѓа.
Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 56. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б.150. Книга из библиотеки сайта www.islamua.net.
МҮҢКӘР ­ діни ұғымда адам өлген соњ ќабірде с±рақ-жауап алатын екі періштеніњ аты. Исламдыќ түсінікте Аллаға шынайы сенім білдірген жаны таза, рухы биік мұсылмандарды саралап, дінсіздер мен күнәға батќандарды қабірде жазалайды. Б±л олардыњ жаһаннамда тартатын жазасының алды саналады. М. — Н. Қ±ран Кәрімде арнайы аталмағанымен, кей аяттар олардың есімдерімен байланыстырылады. Мыс., «Періштелер, олардыњ беттеріне, арқаларына ±рып, жандарын алғанда қалай болар еді?!» (М±хаммед сүре/27 аят). Сондай-ақ Әнфәл сүресіндегі 50 — 52 аяттар да осымен мағыналас келеді.
Ислам дінінің негізін салушы, адамзаттың сұлтаны Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың хадитерінде Мүңкәр мен Нәкирді былайша сипаттайды. Омар ибн Хаттабтан жеткен хадисте «Ол пайғамбарымыздан (с.а.с.): Ей, Аллаһтың Елшісі! Мүңкәр-Нәкир дегеніміз кім? – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қабірде сынақтан өткізетін періште. Жердің астынан тістерімен, шаштарымен сүзіп шығады. Дауыстары қатты күннің шатырлаған күннің күркірегеніндей. Көздері жалт етіп атылған найзағайдай. Өздерімен бірге жер бетіндегі адамдар жиналып көтере алмайтын темір шоқпарды ала келеді » - деп жауап берді.» (Әбу Дәуіт, Әл –Байһақи, Әл-Қубур).
Мүңкәр мен Нәкир туралы діни лирикалық шығармалардың авторы, діндар ақын Мәшһүр-Жүсіптің өлеңдерінен де ұшырастыруға болады.
Мысалы:
Ѓажайып сусаѓанда кµрдім бір ша,
Аѓалар, іш к‰йгеннен ќыламын аћа!
«Мен раббик!» - деген шаќта Мєњк‰р-Нєњк‰р,
Тіліме жєрдем бергіл, Раббым Алла!

Раббым Алла, нєбиім [54] – хаќ М±хаммед!


Дінім – ислам: руза, намаз – бізге міндет!
Періште М‰њкір-Нєњк‰р, менде нењ бар,
Мєзћабым [55] улфа сізден ізгі миллєт [56]!
Ақын өлеңдерінде «Мүңкәр» мен «Нәкир» «Мәңкүр-Нәңкүр», «Мүңкір-Нәңкүр» варианттарымен кездеседі.
Әдеб.: Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 6 том./ Бас. ред. Б.Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2004. 646 б.
Оңдасынов Н. Д. Арабша- қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 174. Будагов. Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том II. Санктпетербургъ. Типографиія импераьорской академіи наукъ. 1871. - С. 254. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б.103, 104. Мәжди Мухаммад Әш-Шиһауи. «Қабір азабы» Алматы – «Кәусар» - 2006ж. – Б. -32-33.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет