МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет75/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105
ТАҒДЫР – Алланың бастан-соңына дейін болатын істердің уақытын және орнын ерекшеліктерін әуелден білуі және маңдайға жазуы. Басқаша айтқанда, тағдыр-Алланың заңдары, өлшемдері;Адам тағдыры Алланың қалауымен болады. Барлық адамның тағдыры ана құрсағына түспес бұрын жазылып, Аллаһтың берген жазған өлшеміне бір мезетте кем немесе артық болмайды. Тағдырға адамның қай анадан туатыны, ғұмыры, ризығы, көретін жақсылығы мен жамандығы, үйленуі, бала-шағалы болуы, кіммен қандай ғұмыр кешіп, қашан дүниеден өтуі жазылады.
Қаза – істердің оның заңымен өлшеміне сай пайда болуы болып табылады. Барлық нәрсенің тағдырын Алла белгілеген.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында тағдыр сөзі кездестіруге болады.
Мысалы:
Тағдыр жетіп, шаһи Көркін дүние салды,
Парахзат патша болып орнын алды.
Бұл дүние жеті басты жалмауыз ғой,
Бай-жарлы жұтқан және уәзір, ханды
- дейді. Басқа да қолжазбаларынан тағдыр сөзі қолданысқа түскен.
Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 4 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2004. –Б. 361. Лүтфи Шентүрк Исламда сенімнің негіздері. Анкара – 2000. 78 б.
ХАЗІРЕТ (حدرت) хадратун ­ ишан. Түбір тұлғасы қазақша - әзірет. 1) тарихи ағзам, ұлы мәртебелі, мырза, ханум, бәйбіше деп патшалардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың, пайғамбарлардың, пірлердің атына, титулына қосылып айтылып, солай жазылатын құрметті атақ (әзірет Әлі – Мұхаммедтен кейінгі төртінші халифаның теңеуі); 2) әулие, жырықтық (Әзірет Сұлтан – Ахмет Яссауидің теңеуі); 3) қатынасу, қатысу, ішінде болу. Ғазірет, Қазірет, Қазырет, Хазрет, Хазірет, Хәзрәт, Хәзрет т.б. варианттары бар.
Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында әсіресе діни лирикасында осы хазірет сөзі жиі кездеседі. Мәселен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) сазабасы қолдаушысы, күйеу баласы болған Әли (р.а.) жайында былай жазған:
Бәрекелді! – десіпті жұрттың бәрі,
Шаттанысып отырды жас пен кәрі.
Жамағат жайланысып отырғанда,
Ашуланып отырды Хазірет Ғалы.
«Хазірет» сөзі басқа да ақынның қолжазбаларынан да кезіктіруге болады.
Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 130. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 61.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет