МәШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет72/105
Дата06.02.2022
өлшемі14,12 Mb.
#38799
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
ЖЕБІРЕЙІЛ (جبرئل) періште қ. «ЖӘБІРЕЙІЛ».
ӘЛИ ӘЛ- МУРТАДА ­ Негізгі аты ­ Әли ибн Әбу Талиб ибн Әбу Муталиб ибн Хишам ибн Әбди Манап ибн Қусаий ибн Киләб ибн Мурра ибн Кағб Луей Әл-Қураиши Әл- Хашими. Ол Хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ағасы Әбу Талибтің шаңырағындағы кенже ұл. Хазіретті Әли төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Фатима анамыздың көзі тірісінде ол екінші рет үйленбеген. Мүминдердің әміршісі, жәннәтпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күйеу баласы, Аллаһтың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы ретінде танылған төртінші халифаның ғұмыры дастанға толы. Оның шыншылдығы, батырлығы, Расулаллаһқа (с.а.с.) жақындығы, тақуалығы және парасаттылығы кейінгі ұрпаққа өнеге. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұмыр кешкен уақытындағы маңызды соғыстарға қатысып, сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті. Әлиге (р.а.) тағдыр тамаша сыйын тарту етіп, оны Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қарауына алды. Ол кезде Әлидің жасы бесте еді. Ол тарих деректеріне қарағанда 9-10 жасында мұсылманшылықты қабылдады. Әлидің (р.а.) аты аталғанда қас батырдың жау жүректігі мен жауынгерлігі дұшпандарын тітіркендіретін еді. Табук шайқасынан басқа Ислам үшін жасалған бүкіл шайқастарда ол аңызға айналарлық ерлік танытты. Табук соғысына Аллаһ Елшісінің арнайы бұйрығы арқылы қатыспады. Соғыстың мезетінде дұшпандардың бала-шаға мен әйелдер мен аналарға, қыз-келіншектерге тиіп кетуі мүмкін деген қауіппен Мадинада қалады. Ол Хайбар, Ухуд, Бадр соғыстарына қатысып, көптеген жеңістерге қол жеткізді. Ерлігіне риза болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) риза болғаны соншалықты, Әлиге Зульфиқар қылышын сыйға тартты. Ал Әли болса сол қылышты өмірінің соңына дейін өзімен тастамады. Аллаһтың Елшісі дүниеден өткен кезде де барлық жерлеу істерінің рәсімдерімен тікелей Әли (р.а.) айналысты. Омар (р.а.) халифа болғаннан кейін халифа болған осы Әли (р.а.) болды. Ол сахабалардың арасындағы аса білімділердің бірі еді. Ол уахиді хатқа түсіргендердің бірі. Құранды Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден өткен соң алты ай ішінде жинастырды. Әлидің халифалығы төрт жыл тоғыз айға созылды. Хижра жыл санағының қырқыншы жылы рамазан айының он жетісінде, жұма күннің таңында таң намазын оқуға шыққан Әлиді (р.а.) харижит Абдуррахман ибн Мулжамулы қылышымен басынан жарқаттауының салдарынан, алпыс үш жасында Әли де өтті дүниеден... Жаназа намазын ұлы Хасан оқыды және түнде жерленді. Ислам үмбеті арыстан жүректі, даналық дариясы Әлисіз қалды...
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни шығармаларында Мұхаммед пайғамбардың ғұмыры мен пайғамбарлығын жыр еткенде Әли (р.а.) бірге жырланды. Мейірімділіктің теңізі болған хазіретті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбармен бірге бар ғұмырын бірге өткізген. Сол себепті Әли де ерекше жырға қосылған.
Мысалы:

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет