МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет12/17
Дата05.11.2016
өлшемі14,12 Mb.
#578
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
    Бұл бет үшін навигация:
  • Қазан

(Қазан қаласындағы Кремль)



Қазан - Ресей Федерациясындағы қала, Татарстан Республикасының астанасы. Едiл өзенінің сол жағалауында Қазан өзенінің сағасында орналасқан. Ауданы 287,8 км 7 әкiмшілік ауданнан тұрады. Тұрғыны 1,1 млн. адам (2000). Қазан 10-11 ғасырларда Едiл Булгариясының солтүстік аймағында сауда орталығы және корғаныс шебi ретiнде пайда болған. 1399 жылы Мәскеу князьдiгiнiң әскерi қаланы қиратты. 15 ғасырдың 30-40 - жылдарынан бастап Қазан хандығы құрылып, кала қайта бой көтердi. 1438 жылдан Қазан хандығының астанасына айналды. Ол кезде тұрғын халықтың негiзiн татарлар, удмурттар, мордвалар, башқұрттар құраған. 1552 ж. орыс патшасы Иван Грозный Қазанды жаулап алып, Ресей мемлекетiнiң құрамына қосты. 1708 — 1920 ж. Қазан губерния орт. болды. Кеңес өкiметi жылдары Татар автон. республикасының астанасына айналды. 1992 ж. 7 ақпаннан Татарстан республикасының астанасы. Көне және ортағасырлық тарихи және сәулет ескерткiштері көп. Қазанда Кремль (16 ғ.), Сүйiмбике мұнарасы (17 ғасырдың аяғы, 18 ғасырдың басы), Благовещенск (1556 - 62), Петропавл соборлары (1723 - 26), губернатор сарайы (1845-48) Марджани (18 г.), Борнай мешiттерi (1872), Қазан университетінің кешенi (1820 — 30), мемлекеттік банк ғимараты (1912 - 15), т.б. архит. ескерткiштер сақталған. Қалада 11 жоғары оқу орны, театр, 8 мұражай, т.б. мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерi бар. Қазанда машина жасау, металл өңдеу, мұнай-химия, жеңіл және тамақ өнеркәсiптерi дамыған. Құрылыс материалдарын өндiруге арналған iрi кәсiпорындар бар. 1997 жылдан метрополитен құрлысы жүргізіле бастады.

Бастапқы қатынынан бір ұл қалды,

Бала қып нағашысы қолына алды

Қыз алдым деп алданбай, сырт айналмай,

Тағы да университет Қазан барды.

Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,

Сен де соған жейтұғын асыңды асшы.

Дін исламның бір болып ынтымағы,



Патшаның қол астында бір жарасшы.

Әдеб:. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002. 451 бет. 5 том. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 64. Көпеев М. Ж. Таңдамалы. Екі томдық. 1-т. –Алматы: Ғылым, 1990. –Б. 63.

ИРАН
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет