Қандай бiр iстi бастар кезде
الرَّحِيمُ ألرَّحْمَنِ أللهِ بِسْمِ ألرَّجِيمِ ألشَّيْطانِ مِنْ بِاللهِ أعُوذُ
Ә`үзү бил әһи мин-әш-шайтанир-ражим”, “Бисмилләһир-Рахмәнир-Рахим”, (Қуылған шайтаннан және оның азғыруынан Аллаға сйынамын), (Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын) деп айтылуы керек.
Қандай бiр жұмысты бiтiргенде: الحمدلله“Әлхамдү лилләһ” (Аллаға шүкiр) деп айтылуы керек.
Бұл мәселенiң парасаттылығын бiлдiретiн хадистер:
«Адал iстiң қайсысы болса да, бисмилләмен басталмаса берекетсiз». (Кәнзүл-Ирфан. 2-хадис).
«Адал iстер Әлхамдү лилләһпен бiтiрiлмесе, хайыр және берекетi кесiледi». (Кәнзүл-Ирфан. 6-хадис)
Алла Тағаланың 99 көркем есімі Құран кәрімде айтылған.
« الله لا اله الا هو له الاسماء الحسنى»
« Аллаһу лә иләһә иллә һууә ләһул асмәу-хуснә»
«Ол Алла, Одан басқа еш тәңір жоқ. Әрі ең көркем есімдер Аллаға тән» -делінген.
«لله ملك السماوات والارض وما فيهن و هو على كل شئ قدير»
«Лилләһи мулус самауати уәл арди уә мә фиһинә, уә һууә ғәлә кулли шайин қадир»
Мағнасы: Көктермен жердің және ол екі арадағы нәрселер Алланың мүлкі. Ол барлық нәрсені жасауға құдырретті» -делінген.
Алланың елшісі Мұхаммад (ғ.с) хадисінде : «Алланың 99 көркем есімі бар. Кім оны жүрекпен айтып жатқа білсе сол әлбетте жәннатқа барады» -делінген.
Тағы бір хадисінде: «Алла Таағаланың 99 көркем есімдерін айтып дұға жасаңыз, тілегіңіз кіршіксіз қабыл болар» -делінген.
4.4 Иғтиқадда мәзһәбін білу
Иғтиқад бойынша: Діни мағынасы бұдүр, мәзһәбім: «اهل سنت والجماعة - әһли сүннет уәл-жамағат».
(Түсінік: Иғтиқад: Шариғат үкімдері: пәтуәлар, құлшылық ету жолдары. Ж.Х.)
Расул-Алла һәм оның әһли ғайалі [отбасы, жанұясы]. Сахабалары [Пайғамбардың] иғтиқадында болдылар. [Кімде кім сол Пайғамбар ғалайһис-саламнің] иғтиқадында болса, ол «әһли Сүннет уәл-Жамағат» жолымен болады.
Сауал?
Әһли Сүннет уәл-жамағат жолын адасқан топтардан ажырату үшін және [Әһли Сүннет уәл-Жамағат] иғтиқадында болу үшін қандай ғамал жасау керек?
Жауап:
بتفضيل الشيخين» - би-тафдил әш-Шайхайни» Хазіреті Әбу Бәкір уә Ғұмар ради Аллаһү ғанһүмаларды басқа үмметтерден артық, ерекше көру. «وحب المثنين - уә хүббә әл-Мүснәйн»: Хазіреті Ғұсман уә Али ради Аллаһү ғанһүмәларды дұрыст [өте адал, әділетті] – деп білу.
وتعظيم القبلتين – уәғзим әл-қибләтәйн». Қәғбәтулла мен бәйтул-Мұқаддасті құдіретті орын деп тану.
المسيع على الخفين – әл-Масих ғалал-хафайн». Екіге масих жасау.
«والصلوة على الجنازتين – уәс-Салауәту ғалал-Жаназатайн». Әділетті және фасих екі кісіге жаназа намазын оқу.
«والصلوة خلف الامامين - уәс-Салауату халфәл-имәмәйн». Әділетті дам ұжымақтық, Фасих дам тозақтық деп үкім шығармау.
«و القول بالمعصومين – уәл-қаул бил-мағаумайн». Пайғамбарлар, періштелер күнәдан пәк деп айту.
«و القول بالمعصومين – уәл-Иәтиқат би-хумудәл-фәриқайн». Кәпірлер мәңгі тамұқта [тозақ], мүминдер мәңгі ұжмақта деп иғтиқад ету.
«والايمان بالجارحتين – уәл-Имән бил-жәрахатайн». Көңілмен [ақылмен], тілмен иман ету.
«والقول با لامتناعين – уәл-қаул бил-әмтәнәғайн». Алла Тәбәрак уә Тағала бір орынға тәуелді болуы мүмкін емес. Һәм Алланың сипаттары [құдіреті] өзгеруі мүмкін емес деп білу.
«والايمان بالحيوتين – уәл-имән бил-хайуәтайн». Қабірде тірілуге һәм қиямет күнінде тірілуге иман келтіру.
«واثبات الشفاغتين – уә исбәт әш-Шафағатайн». Пайғамбарлардың һәм Салих мүминлердің шафағаттары міндетті түрде болатынына сену.
Иғтиқада: «Әһли Сүннет уәл-жамағат зүмрәсінен [жолымен] болу үшін 10 – ғаламат [белгі, дәлел] бардүр.
Бірінші ғаламат: Жамағатты іңкәр етпей [жамағатқа қарсы келмей] намазын жамағатпен бірге өтеу.
Жамағатпен оқуға Сүннет болған намаз сегіз түрлі.
1 Бес уақыт [намаз].
2 Жұма намазы.
3 Жаназа намазы.
4 Фатра айт намазы [Рамазан айы].
5 Адха айт намазы [Құрбан айты].
6 Әззәуих намазы.
7 Рамазан айындағы «Үтір» намазы.
8 Күсіп намазы, яғни күн тұтылса, ашылғанша оқылатын 2-рекағат намаз.
4.5 Жұмбақ
Бір жапырақ еті жоқ, бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ сөйлеген не нәрсе?
Бір жапырақ еті жоқ, бір ұрттам қаны жоқ,
Белгілі жаны жоқ сөйлеген не нәрсе?
Не керектің бәрі өзінен табылған не нәрсе?
Жансыз, денесіз дем алып тұрған не нәрсе?
Жан емес, адам емес, періште емес,
Адам баласына тағлим берген не нәрсе?
Жан емес, адам емес, періште емес.
Уахиға ие болған не нәрсе?
Өзі өлдіде өлгендегі себебімен,
Екінші өлікті тірілтеді не нәрсе?
Адам баласы білемін деп талап қылса,
Білмейтұғын нәрсесі болмайды.
Жалғыз-ақ жете білуіне көнбейтұғын не нәрсе?
Адам баласы не нәрсені үйренемін деп,
Талап қылса үйренуге көнеді.
Жалғыз –ақ үйренуге көнбейтұғын не нәрсе?
Бір айырылып кеткен соң қайта қосуға,
Көнбейтұғын не нәрсе?
Адамға алыс болғанда не алыс?
Адамға жақын болғанда не жақын?
Түзетуге көнбейтұғын не нәрсе?
Бір екі жолдас бар тізе қосып тұрғанда,
Дүниенің түбін түсіреді, тауды орнынан көшіреді.
Екеуін бірінен-бірін айырып,
Ешкімнің жолдас қылып алуына,
Көнбейтұғын не нәрсе?
Біріне-бірі қарасып көзін тайдырмастан,
Өмір өткізген не нәрсе?
Бірін-бірі қойысып шаршамастан,
Талмастан өмір өткізген не нәрсе?
Екеу-екеу бас қосқанның бірінен-бірі айрылмақ,
Өмірінде қосағын жазбастан,
Айдай ғаламға анық белгіленген,
Айрылмай өтетұғын не нәрсе?
Үш нәрседе сенім жоқ,
Тұрған орнында тұрадау деп ойлауға жарамайды,
Бұл үшеуі не нәрсе?
Шыққан орнына қайта сыймайтұғын не нәрсе?
Үш арсыз бар, үш дауасыз бар, үш қадірсіз бар.
Бұлар не нәрсе?
Үш нәрсені қылу жарамайды,
Ол үш нәрсе не нәрсе?
Адамның жете білуіне көнбейтұғын нәрсе Құдайдың заты,
Қандай екендігі, қайда тұратұғындығы.
Үйренуге көнбейтұғын нәрсе зеректік.
Бір айырылған соң қайта қосуға көнбейтұғын нәрсе бастық жігіттік.
Адамға алыстың алысы өткен өмір,
Жақынның жақыны өлім.
Түзетуге көнбейтұғын нәрсе бұзылған үй.
Екі жолдас жан мен дене.
Бірінен-бірі көзін айырма қарасып тұрған көкпен жер.
Бірін-бірі түйісіп өмір өткізген күндізбен түн.
Бірінен-бірі айырылмай өмір өткізген ақбоз ат, көкбоз ат.
Екі жолдыњ қолға түсіп бермейтұғын нәрсе сабыр.
Күн тимей су тимей кісіні бұлғайтұғын нәрсе ашу.
Осы тұрған орнында тұрадау деп,
Сенбейтін нәрселеріміздің бірі жан, бірі дәулет, бірі сыр.
Екі нәрсеге ие болуымыз керек,
Бірі қолыңдағы барың, бірі түбкі сырың.
Шыққан орнына қайта сыймайтұғын үш нәрсе,
Бірі мылтықтан атылған оқ,
Бірі жәйін балық, бірі ауыздан шыққан сөз.
Үш нәрсе тұрған орнында тұрып, тұрған орнына сыйымсыз;
Бірі өлген өлік, бірі от басындағы көл, бірі бой жеткен қыз.
Үш арсыз; бірі ұйқы, бірі тамақ, бірі күлкі.
Үш қадірсіз; бірі жігіттік, бірі денсаулық, бірі жалқау қатын.
Үш дауасыздың бірі мінез, бірі кәрілік, бірі өлім.
Құдай Тәбарак уа Тағала бізге ақылды не үшін берген?
Әр нәрсені ақылға билет, ақылға сиса ұста, ақылға симаса, ұнамаса таста деп сол үшін берген. Қылуға жарамайтұғын үш нәрсе; бірі кісі өлтіру, бірі кісі көңілін ренжіту, бірі өз қолынан салған өзі бұзу алдынғы екеуінен бұл жаман. Уә хуббу махаббат әннас ләһу махаббат тағала деген.
4.6 Тарихи мұғжизалар (асхабул-фил)
Бұл оқиға нақты зерттелмеген. Оны араб, сурия, грек тілдеріндегі зерттеулерден алып, кµптеген ғалымдардыњ пікірін салыстырып кµрсеттік. Мәселеге байланысты сүре - «Фил сүресі» -деп аталады. Бірінші аяттағы «Асхабул фил» -деген есімнен алынған. Құрандағы барлық 114 сүре «Меккелік», «Мединелік» деп бөлінеді. Мекелік сүрелер, Хазірет Мұхаммед пайғамбар Меккеде болған кезінде түскен, ал, Мединелік сүрелер Мединеде болғанда түскен сүрелер. «Фил» сүресінің Алладан түскен тарихына қарасақ, Меккелік екені анықталған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз өлеңдері немесе риуаяттарындағы «Абыраһа мен Мұтылаб» туралы өлеңі Құранның 30-шы парасындағы 105-ші «Фил» сүресінің тафсирі. Абыраһа мен Мұтылаб туралы аңызды Құранда баяндаудың себебі, ол болған оқиға. Сондықтан басқадай тарихи кітаптарда да көп жазылады. Мұндағы мақсат – адам баласы Алланың құдіретті күшін көрсін, содан сабақ алсын деген ұғым.
Абыраһа мен Мұтталиб жайындағы оқиғаға тарихи шолу. Мұсылман тарихшыларынан: Ибн Хишам, Табери, Ибн Халдунның еңбектерінде бір шешіммен жазылған. Оқиға былай басталады: himyer (Иемен) королі Тубан Әсед Әбу Қариб Мединеге барады. Онда иаһудилердің насихатын тыңдап, иаһуди дінін қабылдайды. Ол Мединедегі еврейлердің Қурайза ұрпақтарынан екі дін адамын алып Иеменге қайтып оралады. Өзімен бірге келген дін адамдарының көмегімен иаһудилікті жая бастайды. Осыған орай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:
«Жаһутке (жөйтке) Зунас патша болды ғалып,
Халқымен Жаһут дінін қабыл алып».-деп келтіреді.
Мұндағы «Жаһут» сөзі – еврей, «Жаһут діні» - еврей діні деген ұғымды білдіреді. Көне түркі тілінде «Жаһут» сөзі көп қолданылады. Сондықтан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осылай айтуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл сөзді дінтанушы Мұртаза Жүнісұлы Бұлытай «Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?» атты еңбегінде «иаһудилік жөһит діні»-деп жазған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының келесі айтқаны Зунууас патша.
Ол туралы ибн Хишам былай дейді: Иемен королі Тубан Әсед Әбу Қарибтің баласы Зунууас әкесінің өлімінен кейін патша болып сайланады. Ол Арабстанның оңтүстігіндегі «Нәжран» - деген Христиан тайпасын жою үшін шабуыл жасап, оларды жөһит дінін қабылдауға мәжбүр етеді. Ибн Хишам Нәжран тайпасының Хазірет Исаға (ғ.с.) келген Христиан дінінің әлі бұзыла қоймаған ағымында болғанын ескертеді.
Зунууас Нәжран елін басып алғаннан кейін жөһитлікті күшпен қабылдауларын талап етеді. Халықтың көбісі қарсы шығады. Сондықтан Зунууас көп адамды от жағып, соған лақтыртып өлтіреді. Қалғанын қылышпен бастарын алдырады. Орта есеппен 20.000 –дай кісі өлтіріледі. Мұны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:
Хабранидің дініне кірмеген Насраниді
Санақпен (Санейық) күйдіреді отқа салып.
Араб тілінде Христиан дегенді – «Насара», ал, Христиандық дегенді - «Насрани» -дейді. Қатты жапа шеккен Нәжран елінің бір азаматы елден қашып шығып, Хабашстан Патшасы Нәжашиден көмек сұрайды. Екінші риуаятта Рим патшасы Қаисеріден көмек сұрайды. Барған жерінде елінің қатты қиналғанын айтып, әскери көмек көрсетуін білдіреді. Бірінші риуаяттағы Нәжрандық христиан азаматының Хабашстан патшасы Нәжашиден көмек сұрағанын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай келтіреді:
Хабыстың патшасына жазды нама:
Насранидің дініне ерді һама.
Жаһутлардың Насраниді күйдіргенін,
Қағазбен (аз һар) ызғар етіп білдірді оңа (оны).
Деп айтты: Дін жөнінен жәбір көрдік,
Тұрады, ажыратыңыз жәрдем беріп.
Екінші риуаятта Рим патшасынан Хабашстан патшасы Нәжаши теңіз әскерін жіберуін сұрайды. Соңында Хабашстан патшасы Ұйрат деген мыңбасының әміріне 20.000 әскерді беріп Иеменге аттандырады. Сол жорықта Зунууас патша өлтіріліп, Жөһит елі жойылып, Иемен Хабашстанның әміріне бағынады. Бұл жорықты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былайша баяндаған:
Нәжаши патша қайратланды мұны естіп,
Қысасын әпермекке көңілі кетіп.
Жетпіс мың атты әскерді жібер –дейді,
Оларға екі адамды басшы етіп.
Бұл оқиға Ислам тарихында маңызды орын алады. Христиандар алғаш рет 340 жылы Иеменді басып алады. Содан 378-ші жылға дейін өз үкімдерін жүргізуді жалғастырады. Сол уақытта Христиан миссионерлері Иеменге көп келеді. Солардың ішінен Файмиун деген Христиан Нәжран халқын пұтқа табынудан құтқарып, христиан дінін уағыздайды. Аяғында Нәжрандықтар христиандықты толық қабылдай бастайды. Сол тұста Нәжран елін үш адам басқарып тұрды.
Біріншісі – Нәжран тайпасының сырт елдермен қарым–қатынасы мен әскер күшін басқарды.
Екіншісі – елдің ішкі саясатын, ал, үшіншісі – дін істерін басқарды. Арабстанның оңтүстігінде Нәжран елі мекендеген өлке маңызды орындардың бірі болды. Сауда мен өндіріс орталықтарының біріне айналды. Қытайдан келетін жібек, тері, қару-жарақ сияқтылар Иеменде көп еді. Осыған байланысты Зунууас тек қана дін жөнінде емес, экономикалық, саяси мақсатта Нәжранды бағындырмақ болады. Сириялық тарихшы ғалым Нәжрандықтардың шет елдермен қарым-қатынасы мен әскер күшін басқарушысы туралы былай деп жазды:
«Зунууас ол адамның екі қызын өлтіріп, әйелін алып кетеді. Кейін әйелін де өлтіреді. Одан кейін құдыққа (орға) от жағып, ішіне ерлерді, әйелдерді, балаларды, кәрілерді, поптарды бірінен кейін бірін күйдіріп өлтіреді. Шамамен 40.000 дейін адамды өлтіртеді. Бұл оқиға б.з. 523 жылы қазан айында болады.
Хабашстан Иеменге 525 ж. ауыр соққы жасап Зунууастың Һүмиар әмірлігін жойып жібереді. Бұл деректі Иеменнің Хусни Гурап деген ауданында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде осы оқиғаға байланысты көріністер жазылып, суреттелген тақтайшалардан анықтаған.
VI ғасырда жазылған христиандардың әртүрлі кітаптарында Зунууастың христиандарға жасаған зұлымдығы туралы ер-жақты зерттеліп, жазылған. Бұл оқиғаны араб тілінде «Асхабу-Ухуд» - деп атайды. Осыған байланысты жазғандардан, сол дәуірде өмір сүргендері де болған.
Олардың кітаптары мыналар: Prokopiyus, Cosmos Indcopleustis (бұл кітаптың авторы Нәжашидің бұйрығымен Batlamyusтың (Батламиус) грек тіліндегі кітабын Сурия тіліне аударған), Johannes Malala. Бұлардан кейін осы оқиғаға орай жазылған Johannes of Ephesus (585 ж.) атты кітапта Нәжран христиандарының өлтірілуі жайлы және Simeon мен Dercila Abbot von Gabulaға жазған хатының көшірмесі берілген. Поп Simeon бұл оқиғаны өз көзімен көрген Иемендіктерден риуаят еткен.
Хат «Христиан шаһидтерінің (шәит) өмірі)» атты кітапта 1881 ж. 1890 ж. Жарық көрген. Бұлардан басқа да көптеген деректер бар. Олардың бастылары Patriarch Dionusisus, Zacharia of Mitilene сурия тілінде жазылған еңбектер бар. Яқуб Суружидің «Нәжран христиандары» атты еңбегі. Erreha (Edessa) Pulusтің «Нәжран христиандарының өлімі» деген шығармасы. Суриани тілінде жазылған кітаптың бірі ағылшын тіліне (Book of the Himyarites) аударылған.
Шығыстанушы Filbiдің Arabian Higlanda атты кітабында Нәжрандықтардың қазасы болған орынды білетінін айтқан. Нәжран елінің сеніміне орай құбыласы болған. Хабашстан христиандары Нәжран елін билеп алғаннан кейін Қағба тәрізді құрылыс салып, Меккедегі Муғаззам Қағбаның орнына Құбыла ретінде ауыстырмақ болған. Себебі Абраһаның: «Иемен бүкіл әлем халқының назарында қасиетті орын» - деп қабылданады деген арманы болған. Абыраһаның бұл мақсатын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы төмендегідей суреттеген.
Ойланды, Абыраһа қиял жетіп:
«Бір үйді салдырайын пана етіп.
Бұл халықты тауап қыл! – деп әмір етейін.
Қағбаға бармасынлар мұнан µтіп!»
Мұны айтып, жанға ойлады кµп талазар,
Бірнеше ұсталарды келтілрділар
Ділда мен жауһардан зейнет беріп,
Нақыштыњ бәрін салды дүниеде бар.
Артықша сұлу етті зейнет беріп,
Тахсын ғып тањданады әркім кµріп.
Халқына пәрмен етіп, жар шақыртты:
«Бұл үйді тауап қыл, - деп – әр жыл келіп!
Ғарыз етіп Нажашыға білдірділар:
Бір үйді сіздіњ үшін (асладым) істедім жар.
Әр жылы халықтыњ бәрі тауап қылар,
Мұнден (мұнан) соњ Қағбаны қажы қылмайдылар!
(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары, 1-том, 35 б.).
Хабашстан – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында «Хабыс»-деп берілген (1 том, 33 б).
Хабаш әскерінің Иеменге шабуылын тарихшылар әр түрде суреттеген. Мысалы, Хафыз ибн ерген орданы екі қолбасшы басқарды. Біреуі – Ариат, екіншісі – Абыраһа болған дейді. Ал, Мұхаммед бин Исхах әскерді басқарған Ариат, Абыраһа әскерлермен бірге болған дейді. Бірде Ариат пен Абыраһа келісе алмай Абыраһа Ариатты өлтіреді. Осыдан бастап Абыраһа Иеменде әкім болады.
Гректің, Сурияның тарихшылары: Иеменді басып алғаннан кейін Хабашстан ордасына қарсы шыққан Иемендіктер қатарынан өлтірілді. Иеменнің Sumiofiashvah ( Esymphaeus) есімді әкімі Хабашиларға бағынып, салық төлеп тұратын болып келіседі. Салықтың мұндай түрін арабша «Жизиа»- деп атайды.
Бұл тұста Хабашстанда өз араларында келіспейтін тайпалар да болған-ды. Жалпы халықтың көбі бағынатын Абыраһа басқарған ордаға, бөлшектеніп жүрген барлық тайпалар қосылады. Сонымен Абыраһа патша болып сайланады. Ол Хабашстанның Audulis портында тұратың грек саудагерінің құлы болған.
Ақылды және пысықтығымен Иеменге әмірлік жүргізген Хабаш (Хабыс) ордасын басқарады. Грек тарихшылары Абыраһаның есімін Abramis, Сурия тарихшылары Abraham дейді. «Абыраһа» - деу хабашша айтылуы. Өйткені арабша Ибраһим деп атайды.
Абыраһа Иемендегі әмірлігін орнықтырғаннан кейін Хабашстанға әкімгерлік көрсетіп, Византияға да қарсы жоспар жасай бастайды. Оның мақсаты мұнымен шектелмей, Арабстанда христиандықты жаю, арабтардың шығыс елдер мен Византия арасындағы сауда айналымын өз қолына алу еді. Сонымен қатар Иран сасани салтанаты мен Византия арасындағы келіспеушілікті пайдаланып, Византияның шығыс елдермен сауда жасайтын жолдарын жауып, өздерінің маңызды жерді мекендегенін көрсетеді.
Абыраһа Иеменнің астанасы Санғада үлкен кілисе (шіркеу) салдырады. Араб тарихшылары мұны «әл-калис, әл-кулеис, әл-күллеис» - деп атайды. Бұл грек тіліндегі «әклиса» сөзінен арабшаға өткен үлгісі. Грек тіліндегі осы сөз ұрду тіліне «кілісе» түрінде кірген.
Мұхаммед бин Исхахтың риуаятында: хабаш патшасы «арабтардың Меккеге қажыға баруының орнына, өзінің салған шіркеуіне тауап етіп, қажылыққа келсе, құлшылығы қабыл болады» - деп үгіт таратады. Сол уақытта Ислам діні келмегенімен арабтар Меккедегі қағбаға барып, қажылық қып ондағы пұттпрға табынған. Сондықтан христиандар Иеменде үкім жүргізуінен бастап, жаңадан қағба салып, ерге барлық араб елдерінің Құбыласы етуді мақсат етеді. Соның нәтижесінде Нәжранда Қағба салдырады.
Ибн Касирдің риуаятында Абыраһаның жасаған өзгерісін ашық жариялағанын жазған. Арабтарды қыспаққа алу, дәрежесін төмендету және Қағбаны құлату. Мұхаммед бин Исхахтың риуаятында Абыраһаның ниетін ашық айтқанына арабтар ашуланып, Абыраһа салдырған шіркеудің ішіндегі әшекейін бұзып, арамдап кетеді. Ибн Кәсирдің айтуында Құрайыш жастары шіркеудің ішін өртеп жіберген. Бұл оқиғаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былайша баяндаған:
Бір араб Нәуфіл атты (атлы) Ләмінге барды,
Көңіліне әрбір қиялды ойға кетіп.
Ол үйдіњ есігіне бардылар тез,
Күзетші адамына ұшырады кез:
- Тауап қылам үшбу үйде жалғыз µзім,
Бір түн отырсам» - деп айттылар сµз.
Баршасы шығып күтті тілін алып,
Ол араб үй ішінде жалғыз қалып.
Нақыштыњ бәрін бұзып талам етті,
Кµрінбей µз жұртына жетті барып.
Абыраһа Құрайыштарға қарсы шабуылға шығу үшін, шіркеудің ішіндегі нақыштарды бұзып, арамдатқан өзі болуы да мүмкін. Себебі Меккені ергенлу үшін бір сылтау табу керек-ті. Екінші мақсаты Құрайыштарды бағындырып алса, басқа араб тайпаларын ергенлу жеңіл болатын. Абыраһа 570 жылы 60.000 әскер, 13 пілмен (кейбір риуаятта 9 піл) Меккеге қарай жолға шығады. Мұны естіген Иеменнің бұрынғы Зүнәфәр атты басшысы арабтардан қол жиып, жолын күтеді. Бірақ, Абыраһаның әскерінің көптігінен жеңіліп, тұтқындалады. Мұны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай жазады:
Он адамға бірлерден даярланды,
Ләміннен жеті жүз ер және барды.
Арабтан бірнеше мыњ ерг болып,
Абыраһаныњ әскерініњ жолын алды.
¦рысты екі лашкер (әскер) қарсы тұрып,
Майданға баһадүрлар тегіс шығып.
Ақыры арабтарға (ғарабларға) шәкіт беріп,
¦стады екі адамын пенде қылып.
Бұлардан кейін Арабстанның Хасым елінің билеушісі Нуфайл бин Хабиб Хасами өзінің қабиласын (тайпасын) жиып, Абыраһаға қарсы шығады. Олар да жеңіліп тұтқындалады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бұл соғысты былайша айтқан:
Хасымныњ сарқардасы Нәуфіл еді,
Атыраптыњ баршасына хабар берді.
Арабтан бір ташпа (тайпа) лашкер болып,
Алдына Абыраһаныњ қарсы келді.
Бұл соғыс қатты болды хадден µтіп,
Арабтарды Абыраһа жењді күші жетіп.
Ол келген адамдардыњ кµбін қырды,
¦стады Нәуфілді һәм әсер етіп.
Соңғы жолдағы «әсер» деген сөз «тұтқын» деген мағынада. Бұдан кейін былай жалғасады.
Тайпының манзылына барды және,
Халқының қарсы шығып бәрі һама.
Хисапсыз көп дүниені ерге қылды,
Бергенін қабыл қылып тимеді аңа (оны).
Бірінші жолдағы «тайпы» сөзі Меккеге жақын орналасқан Тайыф қаласы. Сол Тайыф қаласының тұрғындары Бәни Сақиф тайпасы Абыраһадан ерг құтылу, өздері табынатын Латтың мүсінін қорғап қалу үшін, тайпаны басқаратын Мәсутқа барады. Оны Абыраһаға жіберіп, Қағбадағы құдайлары (сол тұста Қағбаның ішінде үш жүзден аса пұт болған) Латқа тимесе, жолбасшы болып көмектесетіндерін білдіреді.
Олар осы мақсатпен бар байлығын Абыраһаның алдына жайып салып, Әбу Рағал есміді адамды қолбасшы қып ертіп жібереді. Олар Меккеге үш шақырым әл-Мұғаммис (немесе әл-Мұаммас) деген жерге жеткенде Әбу Рағал өледі. (Оның өлімі жайлы ешбіл риуаят жоқ). Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының риуаятында бұл жер былай аталған.
Онан (Анден) соң ол жайлардан көшіп кетті,
«Махмыс» - деп, ат қойылған жайға жетті.
Мұхаммед бин Исхахтың риуаятында Абыраһаның әскерлерінің біразы Меккеге алдын-ала барып, маңайындағы түйелерді айдап алып кетеді. Түйелердің 200 Хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.у.) атасы Абдулмұтталибтікі болған. Мұны Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы былай риуаят еткен.
Көп еді Мұтылабтың дүние малы,
Екі жүз даладағы түйелері.
Меккеден шауып алған малдарменен
Хабыстар кетіп еді алып (әні) оны.
Осы жерде Абыраһа Меккеге елші жібереді. Ондағы айтқаны: «егер қарсылық көрсетсеңдер мал-жандарыңа тимеймін. Бізбен кездескілерің келсе, Меккенің басшысын жіберіңдер» дейді. Ол уақытта Меккенің басшысы Абдулмұтталиб еді. Елші Абыраһаның айтқандарын Абдулмұтталибке жеткізеді. Сонда Абдулмұтталиб: «Біздің Абыраһамен соғысатын күшіміз жоқ. Бұл Алланың үйі. Егер ол қаласа өзі қорғайды» - дейді.
Елші: «Менімен бірге Абыраһаға барыңыз» - дейді. Ол қарсы келмей Абыраһаға бірге барады. Абдулмұтталиб келбетті адам болған. Оны Абыраһа алғаш көргенде қатты әсерленеді. Ол пілдегі тағынан түсіп Абдулмұтталибтің қасына келіп, не сұрайтынын білмек болады. Абдулмұтталиб «сенің адамдарың алып кеткен түйелерімді қайтар» - дейді. Мұны естіген Абыраһы: «сені алғаш көргенде қатты әсерлендім. Ал, мына сөзіңді естігенде, дәрежең төмендеді. Біз аталарыңның діни орталығы болған үйді құлатуға келдік. Сен болсаң оны ойламай өзіңнің түйелеріңді сұрап тұрсың» - дейді.
Абдулмұтталиб: «Мен тек түйелердің ғана иесімін, соны ғана сұрай аламын. Бұл үйдің Раббы бар. Ол өзі сақтайды» - деп тіл қатады. Абыраһа: «Ол Қағбаны менің қолымнан алып қала алмайды» деп мақтанады. Абдулмұтталиб болса: «Бұл екеуіңнің ортларыңдағы мәселе» - деп жауап береді. Сосын Абыраһа оның түйелерін қайтарып береді.
Ибн Аббастың риуаяты бұдан басқашалау. Абд бин Хумаид, Ибнул Мунзир, Ибн Мәрдуиа, Хаким, Әбу Нуаим, Бәихаки сынды ғалымдар Ибн Аббастың былайша риуаят еткенін айтады. Абыраһа әс-Сафаға жеткенде (Арафат пен Тайыф тауы арасындағы, қажылықта ақ киім киетін орынға жақын жер) Абдулмұтталиб қарсы алып, «Осы жерге дейін келуіңізге қажет жоқ еді. Қалаған бірдеңеңіз болса, хабар жіберсеңіз біз өзіміз апарып беретін едік» дейді. Абыраһа: «Бұл үйдің өте мықты екенін естідім. Соның мықтылығын көруге келдім».
Сонда Абдулмұтталиб «Ол Алланың үйі. Бүгінге дейін оған ешкім қол тигізе алмаған» дегенде, Абыраһа «Мен оны құлатпайынша кері қайтпаймын» - деп жауап береді. Абдулмұтталиб «Бізден не сұрасаңыз да береміз, артқа қайтыңыз!» -деп басу айтады. Абыраһа оған қарамай әскрлерімен бірге Қағбаға қарай жүріп кетеді.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының риуаяты осы екінші риуаятқа сәйкес келеді. Мысалы:
Суретін Мұтылабтыњ патша кµріп,
Кµрісті тағынан тұрып µзі келіп.
Қасынан орын беріп отырғызды,
Артықша бір махаббат кµњіліне еніп.
Патшаныњ Мұтылабқа кµњілі кетті,
Суреті, қияпаты ақылын ертті.
«Қағбаны бұзба»! – деп сұрар болса,
атиһам берейін деп қиял етті.
Сұрады сауал етіп Мұтылабтан:
- Мағлұм ет: не жұмысқа келедүр сен».
Кµњіліњде қайсы түрлі жұмысыњ болса
Баршасы атиһам етіп бередүр мен (ерг).
Мұтылаь патша айтты қылып азһар (ызғар),
Екі жүз түйелерім келіп дүрлар.
Әмір етіп µз түйемді қайтып берсењ,
Келмекте осы түрлі Мәди Ғамбар.
Абыраһа Мұтылабтан мұны есітті,
Ауыз (әуез) ғып, ашуланып, қаһар етті.
Деп айтты:
Әуелі сен келгеніњде
Кµњіліме бұрымыњнан шаттық жетті.
Сµзіњнен үмітсіздік кµрдім сеніњ,
Мәди ғам келгеніњде: «Түйем!» - дедіњ.
¤зіње үшбу жұмыс алашақ па еді,
Меккелік Құрайыштыњ кетасы едіњ.
‡стіње әсер тартып келіп тұрсам,
Меккені бұзбалыққа талап қылсам.
Қағбаны сұрағалы келгендүр деп,
«Келдіњ – деп, - не жұмысқа?» - сауал сұрасам.
Ғарыз етіп тіленбестен менен мұны,
Түйењді талап қылдыњ үшбу күні.
Суретіњ болып кµрінсе де,
Сµзіњніњ үмітсіздік болды түрі.
Екі риуаяттан шығатын қорытынды біреу-ақ. Меккедегі және маңайындағы тайпалардың бәрі жиналса да 60 мың әскермен келген Абыраһаның қолынан Қағыбаны алып қалу мүскін еместігі анық. Себебі, Құрайыштар Ахзаб соғысында Иаһудилер мен Мүшриктерден (дінге сенбейтін, Аллаға серік қосқандар) қол жинағанның өзінде 12.000 әскер әзер жинаған. Сондықтан олар 60.000 кісілік ордаға қалай қарсы шыға алсын.
Мұхаммед б. Исхахтың риуаяты. Абдулмұтталиб Абраһамен кездескен соң Құрайыштарға барып, балаларын, туыс-туғанын жиып, тауға тығылса, ерг қалатындарын айтады. Құрайыштың үлкендері Харем Шәрифке барып, Қағбаның есігіндегі шынжырлардан ұстап, ерг қалуларын Алладан тілейді. Сол уақыттта Қағбаның ішінде 360 пұт бар еді.
Бірақ, мұндай қысылтаяң уақытта Құрайыштар пұттарды ұмытып, Аллаға сыйына бастайды. Олардың дұғаларында өздерінің пұттарының аты аталмай, тек Алланың ғана аты аталады. Ибн Хишамның жазған Сиарында (Пайғамбар тарихы) Абдулмутталибтың мына бір дұғасы берілген:
«Құл өз үйін сақтауда,
Сен де өз үйіңді сақта.
Олардың амандығы сенің қолыңда.
Егер оларды тәрк етіп,
Қыбыламызды өзімен өзін қалдырсаң,
Өз еркің өзіңде, бұл саған ғана тән!»
Ибн Шәриф Абдулмутталибтің Алладан тілеген дұғасының басқа бір үлгісін жазған:
«Иә Рабб! Олардан ерг қалу үшін,
Сенен басқа ешкімнен үміт етпеймін.
Иә Рабб!- олардың қолынан үйіңді сақта,
Бұл үйдің дұшпаны сенің дұшпаның.
Өз жеріңді харабтан (соғыс) сақтай гөр!»
Абдулмутталибтің дұғасын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай баяндаған (1-том, 2003 ж. Павлодар, 40-бет).
Мұтылаб Қағбада жалғыз қалып,
Жабысып қалқасынан қайтты налып.
Алланыњ даргаһына мінажат қып,
Ай тұрды үшбу сµзді аузына алып.
Деп айтты:
Жә, Құдай-ау, ахидана,
Әуелден махсусы еді бұл үй сања.
¤з үйін сақтамаққа әлі келмес,
Жаратқан мақұлығыњныњ бәрі һама.
Абыраһа көп әскермен алып пілді,
Қағбаны бұзбалыққа талап қылды.
Жабуздар жабылмаса, ерг сақта,
Өз мүлкің баршаға ләм, бәрі күллі!
Құрайыштың үлкендері Абдулмутталибпен бірге дұға жасап болғаннан кейін тауға шығады. Меккеліктердің бәрі «Абыраһа не істер екен?»- деп тауда тамашалап тұрады. Абыраһа Меккеге жақындап келіп, Қағбаға қарай қозғала ерген кезде, Махмұт есімді ең үлкен пілі жата кетеді. Абыраһаның қолбасшылары «пілді жүргіземіз»- деп ұрып-соғып, жаралап тастайды. Пілді оңтүстікке, солтүстікке, шығысқа бұрса, тұра жөнеледі, ал, батысқа, Меккеге қарай бұрса, аттап баспай, жата кетеді. Дәл сол уақытта теңіз жақтан топ-тобымен сан мыңдаған құстар ұшып келіп, тұмсығындағы, аяғындағы тастарды Абраһаның әскерлеріне жаңбырдай жаудырады. Тас тигеннің денесі тесіліп, шіри бастайды. Мұхаммед б. Исхах пен Икрима «бұл өте қатерлі ауру және араб өлкесіне ең алғаш келген кезі» дейді.
Ибн Аббастың риуаятында: «Тас кімге тисе, оның денесі қышынып, терісі жарылып, тілініп, еті сүйегінен ыдырай бастайды». Ибн Аббастың басқа бір риуаятында «Еті езіліп, қанмен бірге ағып, сүйектері шығып қалды»- деген. Абыраһа да осындай халге түсті. Оның денесі парша-парша болып бөлініп, әр паршадан ірің аққан. Осы сәтте Абыраһаның әскерлері быт-шыт болып бөлініп, Иеменге қарай қаша бастайды. Жолда қарсы шығып, жеңіліс үстінде тұтқындалып, жол көрсетуші ретінде еріп келген Нуфәил б. Хабибтен кері қайтуға да жол көрсетуін сұрайды. Сонда ол, көмектеспейтінін айтып:
«Алла сізді қудалаған сәтте, қашатын жер таба алмассыз!
Абыраһа қазаға ұшырады, оған жеңіс болмас!»
Абыраһаның жер қайысқан әскерлері әр жерде шашылып өліп жатты. Бұл оқиғаны Ата б. Иәсар былай риуаят етеді: «Әскерлердің бәрі бір уақытта өлген жоқ. Жартысы сол жерде өлді. Абыраһа Хасым тайпасының мекенінде өлген». Алла Хабашыиларды осылай ғана жазалап қоймай, Иемендегі басқармасын қолдарынан алды. Піл оқиғасынан кейін хабашилардың беті қайтып, күші әлсіреп қалды. Бұдан кейін Иемендіктер әрекет ете бастайды. Иеменнің бұрынғы бастығы Зайф б. Зиазын Иран шахынан әскери көмек сұрайды. Иран шахы алты кемемен мың әскер береді. Сонымен Иемендіктер Хабаши мемлекетін қайта тұрмастай етіп қиратады.
Піл оқиғасы (бұл апат араб тарихында «Піл оқиғасы» -деп аталады). Мүздалифа мен Мина тауының арасындағы Мұхассаб сайындағы «Муассаб»- деген ойпатта болған. Салих Муслим мен Әбу Дәуіттің риуаятында – Имам Жағфардың әкесі Мұхаммад Бакірден, ол, Жәбірден Расул-Алланың Уәда қажылығы турасында мынадай әрекетін риуаят еткен: «Муздалифадан Минаға қарай жүргенде Алланың елшісі жүрісін жылдамдатты».
Имам Нәбәуи бұл туралы былай дейді: «Ол жерде Асхабы Фил (Піл иелері) оқиғасы болған. Сондықтан Сүннет жолын (Пайғамбардың салған жолы) ұстанған ерге бұ жерден жылдам өтуі керек». Муаттада (ең үлкен алты хадис кітабының бірі) Иман Малик Расул Алланың мына хадисін риуаят еткен: «муздалифада тұру керек. Бірақ, Муассаб ойпатында аялдауға болмайды». Нуфәил б. Хабибтің өз көзімен көріп, аитқанын Ибн Исхах риуаят еткен:
«Ей, адамдар! Шіркін, көрсеңдер ғой, көрмегендерге өкінішті!
Муассаб ойпатында біз не көрдік?
Құстарды көргенде Аллаға шүкір еттім,
Бірақ, сол сәтте, «тастар мағанда жауады»-деп қорықтым.
Олардың бәрі Нуфәилді іздеп жүргендей,
Тіпті, менде қарызы бардай көрінді».
Бұл оқиғаның маңыздылығы сондай үлкен-ді. Барлық араб халқына әйгілі еді. Осы орайда көптеген аңыз өлеңдер жазылған. Араб халқы Алланың құдіреті мен мұғжизасын көздерімен көргені өлеңдерінен түсінікті. Олар өздері сыйынған пұттардың еш бірінің атын атамаған. Мысалы, Абдулла б. Зибәраның айтқаны: «Алпыс мыңы да еліне қайта алмады, Кері қайтқан Абыраһа тірі қалмады. Бұл жерде бұрыннан Ад және Журһум қауымы болған, Алла оларға тиген жоқ».
Абу Қаис б. Әсладтың жазғаны:
«Тұрыңдар! Раббымызға құлшылық қылыңдар.
Мекке мен Мина тауларының арасындағы,
Байтулланың бұрыштарынан сипаңдар.
Әлемнің иесінен көмек келгенде,
Ол, патшаның әскерлерінің кейбіреулері құлап,
Жартысы таспен ұрылып ерг.»
Бұл оқиға турасында риуаят еткендер өте көп. Оқиғаның болғандығы, шындық екенін дәлелдеу үшін, ең бастыларын таңдап алдық. Мәселен, Үмми Хани мен Зубәир б. Аууам Расул Алланың хадисін риуаят етіп, бізге жеткізген. «Құрайыштар осыдан кейін он жыл (кейбір риуаятта жеті жыл) Аллаға сйынған». Хазірет Пайғамбардың бұл хадисінен шығатын қорытынды: Ол тұста әлі Ислам діні келе қоймаған.
Араб бәдәуилері түрлі пұттарға табынуда болған. Үмми Ханидің осы риуаятын Имам Бұхари, Тәбәрани, Хаким, Ибн Мәрдуиә, Ибн Әсәкирлер сынды тарихшы, хадисші ғалымдар риуаят еткен. Зубәир б. Аууамның айтқанын Тәбәрани, Ибн Мәрдуиә, Ибн Әсәкирлер жеткізген. Бұл хадисті Хатиб Бағдади тарих кітабында жазса, Саид б. Мусәилаб жеке риуаят еткен.
Оқиға болған жылды «Піл жылы» -деп атаған. Сол жылы Алланың елшісі Хазірет Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.у.) дүниеге келген. Хадисші, тарихшы ғалымдар «Піл оқиғасы» Мұхаррем айында болғанын, Расул Алланың Рәбиғул-Әууәл айында туғанын дәлелдейді. Көпшілігінің көзқарасы Расул Алланың піл оқиғасынан елу күннен кейін дүниеге келгенін қолдайды. Расул Алланың дүниеге келгенін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да риуаят еткен:
«Сол жылы Расул-құда дүниеге енді,
Әуелгі мом жазасы үшбу ер-ді.
Бұл пілдің оқиғасы аят бірлан,
Бір Құда Хабысына хабар берді».
Тарихи шолуға байланысты сөзімізді дәйектесек, осы орайда «Фил» сүресі түскен. Сүреде тек қана «Асхабы Филге» (Піл иелері) Алладан азап келгені баяндалған. Оқиға өте бертін болған, тіпті, Меккедегі әрбір балаға дейін, барлық араб халқы білген.
Абыраһадан Қағбаны ешбір тәңір, пұт қорғай алмағанын, оны тек бір Алла сақтап қалғанына көздері жетті. Құрайыштың үлкендері тек Алладан тілеген және қатты әсер еткені соншалық, бірнеше жыл Аллаға сыйынған. Сондықтан «Фил» сүресінде Піл иелерінің (Асхабы Фил) көрген азабын суреттеп, Құрайыштарға, барлық араб еліне, жалпы адамзатқа пұтқа табынуды қойып, Хазірет Мұхаммедтің дағуатына (дінге шақырды) мойынсұнуды бұйырады. Мұнымен қатар, Хақ Тағаланың бұйрығына, заңына қарсы шыққандарға, піл иелерін жоқ қылғаны тәрізді, Алладан азап келсе, оларды да жойып жіберетіні ескертілген.
Адамзат өмірінде мұндай оқиғалар көптеп кездеседі. Бірақ жұрттың көбі толық сене алмайды. Мысалы, Хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.у.) пайғамбарлығына алғашқыда ешкім сенбеген. Он жылдай уақытта бар-жоғы он үш ерг болған. Сондықтан барлық пайғамбарларға өздеріне тән қасиет ерген.
Сол пайғамбарлар қасиетімен мұғжиза (керемет) көрсету арқылы, дінді уағыздаған. Осы оқиғаны, көптеген ғалымдар нақты дәллелдермен халыққа жеткізген. Бәрінің мақсаты- «Әркім хикаядан сабақ алып, ғайб әлемге сенуге иманын орнықтыру». Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы хикаяның соңында өз ниетін білдірген:
Мен-дағы зікір ойладым мұның бәрін,
Білсін деп хикаясын әркім оның.
Расулдің жасы шарпы қырыққа келіп,
Айтайын пайғамбарлық келгенлерін.
Алладан жәрдем тілеп, һәм ғинаят,
Үшініш ракін сидан ойладым хат.
Шаһитке оқиғасын айтпағыммен
Расулдің рухы бәкір болған мүшат.
Оқиғаға байланысты Фил сүресі түсуі айтпай-ақ түсінікті. Бұл барлық адамзатқа ескерту болмақ.
Мұса ғалайһи салам
Бір күні хазрет Мұса ғалайһи салам Құдай Тағала бірлан раз айтушы бара тұрған жолында мүмин пенделердің достары көрді дейді. Ағла ғалиинға ұшпаққа, ұжмаққа жоғары шығып бара жатқандар екен іштерінде бір жан арық, әлсіз нашарлықтан ұша алмай әр жерге бір жығылып ғажизда нашар дәрмендігін көріп жаны ашып Тәңірі Тәбарак уа Тағаладан сұрады.
Өзге жандар ішінде мұндайын неден нашар хәл болған деп. Онда ол мүминнің жаны жауап берді я Мұса кәлимуллақпен пақыр мұхтаж едім, дүние лайықтың еш бірсіз артымда қалмаған еді, бір балам ғана бар еді. Оның пақырлығы өлік пенденің жүзі хасса зияда дүр. Ғұмырында бүтін жан екенін көп көрген жоқ, қарны тола ас аузына тиіп көрген жоқ.
Ешбір маған садақа хайыр жақсылық қылушының жоқтығынан өзге жандар ішінде әлсіз, нашары мен дейді. Хазрет Мұса ғалайһи салам мұны көріп .... бұл өліктің баласын сұрастырып тапты. Бір кәллі фазға қызметші екен. Бір аулақ жерге шақырып алып атаң үшін неге Құдайы ас бермейсің балам, атаң сондай нашар әлсіз екен десе баласы атасын қарғап сөге бастапты. Атам болмай кетсін, аты өшсін бізді осындай мұхтаж қалдырып кеткен. Оның несін ата дейін. Ұлы оған бермек түгілі тірі өзімнің ішпек жемек еш нәрсем жоқ, қарным аш, бір ауқатымды өткізе алмай жүрмін дейді. Хазрет Мұса айтты балам титтей дәнем табалмасаң ыдыс-аяқ табақты жуған жуынды судыњ сауабы атама болсын деп. Бисмиллаһ рахман рахим-деп ағар суға төксең соның сауабы һәм атаңа тисе ғажап емес деген соң бала жаһли келіп ол сауабы атама болсын деп қолында жуып тұрған ыдыс-аяқ табақтың жуындысын ағар суға төгіп жібереді. Құдайының құдіреті сол суда бір құрбақа тамағы құрғап тағам табалмай ашығып жатыр екен, сол жуынды судан қорек алып көп алғыс берген екен. Соның сауабы атасының рухына болыпты.
Күндердің бір күні хазрет Мұса ғалайһи салам баяғы достарды және көріпті қараса мұның атасы аруақтардың алдына түсіп ойнап күліп бара жатыпты, хазрет Мұсаны көріп құлдық қылып көп алғыс айтып балама сәлем айтың менің уақытымды хош қылды. Алла Тағала оның һәм уақытын хош қылсын депті.
Хазрет Мұса ғалайһи салам шаһарға келіп күллі фазлардікінен баланы іздеп табалмайды, әркімнен сұрастырса ол бай болып дегендері болып тондар киіп, аттар мініп, бір шаһардың алдына түскен екен. Келіп жолығып шалдыњ сәлемін айтыпты. Сіз келген соң өзімнің қызмет қылып жүрген қожайын байымның жалғыз бір қызы бар еді. Сол қызын қалың малсыз маған ғақыд қылды. Содан кейін көп ұзамай бай дүниеден өтті, қанша мал мүлкі маған мирас қалды.
Құдайға шүкір бұл күнде осы шаһардың алдыңғы қатардағы дәулетті байларының бірі болдым. Сіздің айтқан насихатыңызға амал қылып аяқ табақты жуған жуынды судың сауабы атама болсын деп ағар суға төккеннен мұнша дәулетке байлыққа жеттім деп хазрет Мұса ғалайһи саламға көп шүкірліктер айтты дейді.
«Өлі жарымай тірі байымайды» дегеннің асылы мұнан шыққан екен қиссадан. Мұнан екі пайда табылуы; бірі өлікке сауап боларлық іс қылса, пайдасы тірі адамның өзіне болып дүние молайады екен. Бірі аяқ табақтың жуынды суын «Бисмиллаһ» деп ағар суға төксе мұсылман перілерге тағам болып, есеп сауабтары қабыл болар екен.
Хазрет Әбу Қасим Қашри жас күнінде ғылым тахсил қылмақ үшін анасынан рұқсат талап қылған екен. Анасы рұқсат бермеген екен,жоқ ана рұқсат бер, егер рұқсат бермесең өлсем өліммен болмас. Ғылым тахсил қылмай үйде отыралмаймын дегеннен соң анасы еріксіз рұқсат берген екен. Сөйтседе баласын қимай ұзатып шығарып жол басына артынан телміріп қарап қалған екен.
Сонан баласы жолдастарымен бірге ілесіп, анасымен келісіп жолға шығып кеткеннен кейін анасы екі көзі баласында болып Шаһарға қайтарға тағаты болмай иә, Раббім жаратушым егер баламды бұл жолдан қайтармасањ үйге бармаймын, тағам ішпеймін деп жол үстінде отырып қалған екен.
Шейх Әбу Қасим Қашри шаһардан ұзап кеткен соң бір жайға түсіп кемелері шашырап төњкеріліп қалған екен. Мұнан түсініп әй тараңдар бұл сапарымда қайір болмайды, мен қайтамын деп жолдастары қоймай ол қайтып кеткен екен. Келсе анасы ұзатып салған жерінде отырыпты, қайран қалып, иә ана бұл уақыт ішінде жол басында не қылып отырсыз десе балам Құдайға мен сондай уәде қылдым егер баламды қайтарып бермесең үйге һәм бармаймын, тағам һәм татпаймын деп едім, шүкір Құдайға мінжатым зая кеткен жоқ сенің қайтып берді дегенде Әлһамдулиллаһ шүкір. Құдайға шүкір көп мехнатқа ұшырамай қайтқаныма. Мұндай жақсы боларма деп анасының алдына түсіп үйіне қарай аяњдай берген екен.
Сонда анасы дұға қылған екен. Балам мені силап қайтуына Алла Тағала сені ғылымнан бекер қалдырмасын, ғылым хәл, ғылым көп кәсіп керемет баршасы саған өзі келіп орнасын деген екен. Алла Тағала анасының бұл дұғасын қабыл қылып хазреті Хызыр ғалайһи саламға әмір қылған екен, бар құлым Әбу Қасим Қашриға ілім бер, ғылым хәл, ғылым кµп кәсіп және кереметін жеңілдікпен білдір деген екен. Хазреті Хызыр ғалайһи салам хазрет Имам Ағзам рахматуллаһтің өмірінде елу жыл молла патша сыртында болып ғылым тақсил қылған екен. Хазрет Имам Ағзам дүниеден өткеннен кейін жиырма бес жылын аруах шарифлардын ғылым тахсил қылған екен.
4.7 Мұхаммед Пайғамбардың Пайғамбарлығының мұғжизасы
Пайғамбардың пайғамбарлық қасиеті
Бірінші нүкте.
Әлемнің иесі әлбетте білгендігінен жасайды, хикметпен өзгертеді. Әр нәрсенің хикметін, мақсатын, пайдасын қалауына қарай бағындырады. Өзі жасағанын біледі, білгендіктен сөйлейді. Сол мақсатпен ақыл көзі ашық, ой – санасы, пікірі ояумен сөйлеседі. Адамзат ішінен кәміл адаммен пікір алысады. Ахлағы ұлы, адам баласының бесте бірі оған ұйыған, әлемнің жартысы оның үкімін мойындаған. Мың төрт жүз жыл ол әкелген нұрмен нұрланып, күнде бес рет онымен бірге Мауланың хұзырында табысады. Сондықтан Мұхаммед (с.ғ.у) мен тілдеседі, бұйрығын жібереді, елші қылады және қылған.
Екінші нүкте.
Пайғамбардың ең үлкен мұғжизасы – Құран Кәрім. Одан кейін Пайғамбар болуы. Мыңдаған әр түрлі пікірдегі адамдар оның пайғамбарлығын қабылдаған.
Расул-акрамның мұғжизалары сансыз көп және әр түрлі. Оның пайғамбарлығы жалпыға бірдей. Адамзаттың, жын-шайтанның да пайғамбары болған. Сондықтан әр түрлі жаратылысқа қатысты жеке-жеке кереметтері болған. Бұл қасиет басқа пайғамбарларда болмаған. Мысалы, Мусаның мұғжизасы – оның таяғы «Асаи-ы Мсуада». Исаға берілген мұғжиза – өлген адамды тірілтетіндей дәрежеде адам емдей алуы. Мұхаммед Пайғамбардың мұғжизаларының бәрін айту мүмкін емес. «Мұхаккикі Асфия» атаулы ғалымдар, Пайғамбардың пайғамбарлығын дәлелдейтін кереметтер жинағын баяндайтын бірнеше том кітап жазған.
Хазірет Ахмадианың (Мұхаммедтің) пайғамбарлығының дәлелі екі топқа бөлінеді.
Біріншісі: «Ирхасат»– Пайғамбарлық келуден бұрын және хазірет Мұхаммед дүниеге келген уақытта болған мұғжизалар, оқиғалар.
Екіншісі: Пайғамбарлық келгеннен басталған немесе басқадай барлық мұғжизалары. Бұл екінші бөлімі, өз ішінен екіге бөлінеді.
а) Пайғамбарлығының шындық екенін көрсететін кереметтер;
ә) Пайғамбарлық келгеннен бастап өмірінің соңына дейінгі уақытта болған мұғжизалар;
Тұлғасында, жаратылысында, бет әлпетінде, ахлағында, адамгершілік кәмілдігінде пайғамбарлығын көрсететін дәлелдер. Жаратылыс атаулының ішінде пайғамбарларға қатысты мұғжизалар.
Бұлардың алғашқысы мағнауи, рухани, және Құранға байланысты. Келесісі материалдық, көріністер. Бұның өзі екіге бөлінеді. Біреуі Пайғамбарлық уақытында дінді уағыздалған сәтте қарсы келушілер мен кәпірлердің бетін қайтару, мұсылмандардың иманын қуаттандырып, сенімін арттыру үшін берілген мұғжизалар.
Олар «шаққы қамар» айды бөлуі, саусақтарының арасынан су ағызуы, аз тағамнан көп адамның тойып тамақтануы, жан-жануарға, ағаш пен тасқа тіл бітіп сөйлеуі, Болашақта болатын оқиғаларды болжап айтуы.
Жанабы Алланың ілімімен, үйретуімен хабар берген, айтқан жаңалықтары айтқанындай болған.
4.8 Тарихи оқиғаларды қай уақытта, не себепте болатынын
алдын ала болжап айтуына түсіндірмелер
Бірінші түсіндірме: Пайғамбардың іс-әрекеті, адамзатпен қарым-қатынасы оның әділдігіне және пайғамбарлығына куәлік етеді. Барлық әрекеті адамдық қасиеттен жоғары болуы да мүмкін емес. Себебі Алла оны адамдармен бірдей етіп жаратқан. Егер жаратылысы адамнан жоғары болса, іс-әрекетімен, ахлағымен, қарым-қатынасымен дәріс беруі, имам болуы мүмкін емес еді. Тек қана пайғамбарлығын дәлелдеу үшін, қарсылық көрсеткендерге керемет көрсеткен.
Мұндағы мұғжизаға байланысты ең маңызды мәселе: ол – адамдардың бәрін жаппай сендіру иманға келтіру емес. Оларды тек қана жаңа дін Ислам, оның кітабы Құран Кәрім және пайғамбарлықтың келгеніне сендіру болған. Ал, егер барлық адамды иман еткізу үшін керемет көрсетсе онда бұл дүние емтихан, сынақ алаңы болудан тыс қалады. Көмірмен алмас бір дәрежеде, Абу Жаһил мен Абу Бәкір бір сапта тұрған болар еді. Қаншама адам, осы Пайғамбардың әр түрлі мұғжизаларын, пайғамбарлық дәлелдерін көріп иман еткен.
Кейбірлеулері Пайғамбардың бір кәламына бола немесе жүзін көріп-ақ иман еткен. Мүдаккик, Мұтафаккик ғалымдарды иман еткізген мыңдаған расулдік дәлелдері сахих риуаяттармен берілсе де кейбір бәдбахт бір топ адам адасқандықтың жолында кетіп барады. Мұны көрген көкірегі ояу ұлы бабаларымыз жанашырлық пен жырлаған.
Екінші түсіндірме: Хазірет Пайғамбар біз тәрізді ол да адам баласы. Адамдық қасиетімен адам сияқты әрекет етеді. Әрі Расул. Расулдік міндеті бойынша Алланың аудармашысы, Елшісі. Пайғамбарлығы уахиға бағынады.
Уахи екі түрге бөлінеді:
Біріншісі: «Уахи Сарихи» деп аталады. Әрі сөзі, әрі мағынасы уахи болған хабарлар. Мысалы Құран аяттары және хұдси хадистер. Бұл жерде Пайғамбар тек аудармашы, жеткізуші болған. Өз ойынан бір нәрсе қосуға құқығы болмаған.
Екіншісі: «Уахи Зымми» деп аталады. Сөзі аз мағынасы терең ой, пікір. Бұл – уахиға, илхамға бағынады. Пайғамбардың түсіндіріп айтуымен, баяндап жеткізумен орындалған уахи. Осы орайда уахи мен илхам сөзін түсіндірген жөн.
Уахи мен илхамды ажырататын ерекшіліктер.
Бірінші: Уахи періште арқылы келеді. Илхам періштесіз келеді.
Екінші айырмашылығы Уахи көлеңкесіз, таза, айрықша тікелей періште арқылы беріледі. Ал, Илхам көлеңкелі, әр түрлі түске боялып келеді. Жалпыға бірдей. Періштеге «келетін илхам, адамға берілетін илхам» - деп бөлінеді. Мысалы емші, бақсыларға берілген аян тәрізді.
Кейбір уақытта бір бұйрық немесе үкім, оқиғалар шешімі жалпылай топтасып келеді. Сол сәтте үкімнің мағынасын өзгертпей, түсінікті қылып, өз сөзімен адамдарға жеткізіп отырған.
Мәселен бір рет Сахабалар Пайғамбармен бірге отырған кезде гүрілдеген дауыс естіледі. Сонда хазірет Пайғамбар: «Бұл дауыс жетпіс жылдан бері Жаһаннамның түбіне домалап түсіп бара жатқан тас. Сол жаңа ғана түбіне жетті. Бұл оның дауысы» - дейді.
Бір сағат уақыттан кейін Пайғамбар мынадай жауап айтады: «Жетпіс жасқа келген бір мунафиқ (екі жүзді) өлді. Сол адам Жаһаннамға кетті» - деп түсіндіреді. Сондықтан кейбір хадистердің тура айтылған мағынасына емес, оның астарлы мағынасына қарау керек.
Үшінші түсіндірме: Пайғамбар хадистерін риуаят етушілерге қарап Тауатур, Хасан, Ахад т.б. хадис деп бөлінеді. Бұлардың ішінде шындығы жағынан ең қуаттысы Тауатур хадистер. Толық пайғамбардың айтқаны ма, әлде басқа біреудің айтқаны ма деп мүшриктер күдік туғызбас үшін, Ислам ғалымдары «Сахих тауатур», «Мағынауи, Рухани тауатур» - деп екіге бөлген. Бұлардың екіншісің өзі екіге бөлінеді.
Біріншісі: «Сукути» деп аталады. Араб тілінде бұл сөздің мағынасы: «үндемеу, мақұлдау, бір нәрсенің дұрыс екендігін ыммен білдіру» - дегенді білдіреді. Мәселен бір топ жамағаттың ішінде бір адам, сол жанағатқа бір оқиғадан хабар берсе, ол жамағат үнсіздікпен «дұрыс» деп қабылдаса, «Сукути хадис» деп аталады. «Мағнауи, Рухани тауатурдің» «Сукутиден» басқа екінші түріне толық атау берілмеген. Оны былайша түсіндіруге болады.
Пайғамбардың мұғжизаларынан: «Бір аяқ тағамға екі жүз адам тойып тамақтанды» деп хабар берілсе. Ол оқиғаны он адамнан кем емес, әр түрлі адам айтып, сөздер басқа-басқа болғанымен бәрі бір мағынада болса, ол ең анық қуатты хадис болып саналады. Кейбіреулер хадистің риуаятына қарап «Зайф», шындығы жағынан «әлсіз хадис» деп атайды. Ол дұрыс емес. Бұл мәселен жөнінде Қарымсақов Ақыт Ұлімжіұлы болсын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болсын ондай мәселе қозғамаған.
Төртінші түсіндірме: Пайғамбардың болашақты болжап айтқан хадистері, мұғжизалары бар. Оларды жеке-жеке дәл уақытымен анықтап айтпаған. Мәселен бірнеше жылда, бір ғасырда немесе жарты ғасырда қайталанып тұратын оқиғаларды жалпылай айтқан. Мысалы «Мәһди» туралы әр түрлі риуаяттар бар. Бұл туралы халық арасында мынадай түсінік кездеседі. Ақыр заман болғанда «жерден Мәді шығады, көктен Иса түседі» деген. Осындай риуаяттарды әркім әр түрлі түсініп жүр. Әр дәуірде мұсылмандардың иманын сақтайтын, әрі аласапыран адасқандық заманда күндікке түсуден қорғайтын ұлы адамдар болатынын айтқан.
Пайғамбар әр ғасырдың даму деңгейіне сай дінді толық түсініп меңгерген ізбасарлары, Хожа Ахмет Иасауи, Мәшһүр Жүсіп, Ақыт Ұлімжіұлы тәрізді әулие адамдар келетінінен хабар берген. Біз мұндай адамдарды жай ақын, жазушы ретінде емес, олардың әулиелік қасиетін алға қойуымыз қажет.
Бесінші түсіндірме: Құран Кәрімде: «Лә иа’ламу әл-ғайба иллә Алла» деп аталатын Алланың адам баласына қойған маңызды қағидасы бар. Ол: «келешекті, болашақты тек бір Алла ғана біледі. Алладан басқа ешкім білуі мүмкін емес» деген ұғым. Сондықтан біреу өз ойымен, ақылымен келешекті болжап айтса, ол өте кешірілмес күнә болады. Осы ережеге сай Пайғамбар ғалаһиссалам өз ақылымен ғайыпты болжап айтпаған. Оған ғайыпты Алла ғана білдірген.
Бұл мәселе жөнінде Құранда: Бақара-33 аят, Әнғам-59, Ағраф-188, һүд-123, Нахыл-77, Кәһф-26, Мәрям-78, Фурқан-6, Нәміл-65, Лұқман-34, Сәбә-48, Фатыр-38, Ясин-11, Хұжрат-18, Қалам-47, Тәкуир-24 аяттарында баяндалған.
Мысалға айта кетер болсақ, бақара сүресі 33-ші аятта Алла тағаланың хазірет Адам Атаға былай бұйырғаны бар: «Алла: Әй Адам! Оларға (періштелерге) мыналардың атауларын баян ет» деді. Сонда Адам ғ.с. оларға заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Сендерге көктер мен жердің ғайыптарын, (құпиясын шүбәсіз мен ғана білдіремін дедім емес пе? Және сендердің көрсетіп, анық және көрсетпей жасырын істегендеріңді мен білемін деді».
Әнғам сүресі 59-шы аятта: «Ғайыптың кілттері Оның жанында. Оны Ол өзі ғана біледі. Қара жердегіні де, теңіздегіні де біледі. Бір жапырақ түссе де біледі...»
Ағраф сүресі 188-ші аятта: Пайғамбардан ақырзаманның, қиямет қайымның қашан болатынын кәпірлер сұрағанда, «осылай жауап бер» - деп түскен аят. Ол аят мынадай: «(Мұхаммед) Оларға: «Алла қаламаса, өзіме пайда, зиян келтіретіндей қасиетке ие емеспін. Егер ғайыпты (біздің ақылымыз жетпейтін нәрселерді) білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Мен иман еткен елді; қорқытушы, қуандырушымын» - деп айт».
Һүд сүресі 123-ші аятта Алла сенушілер мен сенбеушілерге ескерту берген. «Көктер мен жердің ғайыптары (құпиясы) Аллаға тән. Істің бәрі оған қайтады (есеп беру бар). Ендеше, оған құлшылық қылып, Оған тәуекел ет. Сенің Раббың жасаған және жасайтын істеріңнен хабарсыз емес (бәрін біледі)».
Нахыл сүресі 77-ші аятта: «Көктердің және жердің құпиясы Аллаға тән. Қиямет сағаты (уақыты) кірпік қаққандай, тіпті одан да жақынырақ...».
Меккеліктер Пайғамбардан қияметтің қашан болатынын сұрай берген. Сол уақытта осы аят түскен. Ғайыпты бір Алла ғана біледі. Өз өмірлеріңе салыстырып Қияметтің уақыты ұзақ екен деп ойламаңдар. Ол кірпік қаққан сәттен де жылдам келуі мүмкін делінген.
Кәһф сүресі 26-шы аятта: «Ей Пайғамбар оларға: «Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі ғайыптарды тек Ол ғана біледі. Ол толық көруші, естеуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды» - деп айт» делінген.
Бұл сүреде «Асхабы Кәһф» яғни үңгірде үш жүз жыл ұйықтағандар туралы сұраққа жауап берілген. Адамның ақылы шектеулі екенін, бір мөлшерден ары ойлауға ақылы жетпейтіні баяндалған. Біз кейбір нәрселерді естігеніміз бойынша қабылдауымыз керек. Оған мысал: Алла тағала, періштелер, жын шайтандар және өзіміздің рухымыз. Адам өзінің рухының бар екеніне сенеді. Бірақ оның қай мүшеде, жүректеме, бастама орналасқанын және түрін, түсін, пішінін, салмағын біліп айта алмайды. Бұл Алланың көзге көрінбейтін құдіретін дәлелдейтін дәлелдердің бірі.
Мәриям сүресі 78-80-ші аяттарда: «Ол ғайыпты білдіме? Немесе Алладан уәде алды ма? Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз Оған азапты арттырған сайын арттырамыз. Оның айтқанына (мал-мүлкіне, балаларына) біз ие боламыз. Ол бізге жалғыз келеді».
Бұл аятта Меккелік, тәкаббар, дінді қабылдамай қарсы шыққан бір адам туралы айтылған. Ол адам дінді қабылдамағанымен қоймай: «Сіздер мені адасушы және азапқа тартыласың десеңдер де, мен бәріңнен баймын, ұлдарым көп» - деп мақтанады. Сонда ол адамның байлығы мен ұлдарының мәңгі емес екенін, келешекте не болатын білмейтінін айтқан.
Фурқан сүресі 6-шы аят: «(Мұхаммед ғ.с.): «Құранды көктер мен жердің құпиясын білетін Алла түсірді» деп айт. Күдінсіз Алла өте жарылқаушы, аса мейрімді».
Кәпірлерден бір топ адам: «Мұхаммед Құранды өзі шығарады, ол бұрыңғылардың аңызы, оны бұл жаздырып алды» деп орынсыз жала жабады. Сол уақытта осы аят түседі.
Нәміл сүресі 65-ші аят: «(Мұхаммед ғ.с.): Көктер мен жердегі құпияны Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндерін де білмейді».
Лұқман сүресі 34-ші аят: «Қияметтің уақытының мәліметі Алланың жанында. Жаңбырды ол жаудырады, жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлетінін де білмейді. Күндіксіз Алла толық білуіші, хабар алушы».
Сәбә сүресі 48-ші аят: «Оларға: «Раббым еш күдіксіз (менің жүрегіме) ақиқатты орналастырады. Ол ғайыпты толық білуші» деп айт».
Фатыр сүресі 38-ші аят: «Шүбәсіз Алла көктер мен жердің құпиясын біледі. Шындығында Ол көңілдегіні (ойлаған ойды) да біледі».
Ясин сүресі 11-ші аят: «Шын мәнінде сен, зікірге (Құранға) еріп, ғайыб әлем мен Рахманды (Алланы) көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал, оларды жарылқау, құрметті сыйлық пен қуант!».
Хұжрат сүресі 18-ші аят: «Расында, Алла көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңнің бәрін көруші».
Қалам сүресі 47-ші аят: «Ғайыптың кілті (жасырын ғылым) олардың жанында болып, олар соны жаза ма? (жазып отырма?)».
Бұл аяттағы сұрақ Пайғамбарға қойылған. Негізінде пайғамбарға қарсы шыққандардың жайын баяндайды. Яғни, «көзіңізге жабылған перденің арғы жағын қалай көріп қойдыңыз. Сонымен бірге, Алланың Расулін біздің тарапымыздан тағайындалғанын және оның сіздерге баяндаған ақиқатының қате екенін қайдан оқып білдіңіз?».
Тәкуир сүресі 24-ші аят: «Мұхаммед ғ.с. ғайып туралы берілген хабарларды кемітпеді».
Расул Алладан алған хабарлардың ешбірін жасырмай сіздерге жеткізіп берді. Оның ішінде: Алланың заты, сипаттары, өлімнен кейінгі өмір, қиямет, ақирет, жәннат, жаһаннам жайында ешбірін азайтпай, жасырмай баяндап берген.
Құран Кәрімдегі осы түсіндірмелердің бәрі, ғайыпты Алладан басқа ешкім біле алмайтынын баяндаған. Шариғат заңы бойынша, егер кімде-кім ғайыпты және болашақты болжап айтса, ол Ислам дінін ұстанатын адам деп саналмайды. Бұл мәселелерден абай болған жөн.
Бұл мәселе жөнінде Пайғамбардың хадистері өте көп. Мысалы: Бұхари, Мүслим, Наса-и, Имам Ахмед, Ибн Жәрир, Ибн Әби Хатим тәрізді данышпан ғалымдар Айша радиаллаһу анһадан мына хадисті риуаят еткен. Алла былай бұйырды: «Еи Расулім!»: «Көктерде және жерде ғайыпты және көрінбейтін құпияларды Алладан басқа білетін ешбір жаратылыс жоқ» деп айт».
Біз жоғарыда айтқанбыз, Пайғамбар әпенді өзіндігінен ғайыпты білмеген. Оған Алла Тағала есіне салып білдірген. Сосын ол керек кезінде мұғжиза ретінде адамдарға жеткізген. Алла тағала кейбір жағдайлардың ғайып болып, құпия сақталуын қалаған. Оның бірнеше себептері бар.
Бұл дүниеде адамға ұнамайтын, қорқынышты жағдайлар бар. Ондай оқиғалардың өмерде болуынан бұрын білу өте қиын.
Өлім, ажал жасырын.
Адамның басына келетін қайғы- қасіреттің бәрі құпия.
Егер ажалдың қашан келетінін адам білер болса, онда ажалдың уақыты жақындағанда жүреге жарылар немесе уақыт жақындаған сайын өмірдің мәні, берекеті кетер.
Қайғы-қасіреттің қашан болары белгілі болса, бұл өмір сынақ алаңы болмас еді. Алла адамды сынау үшін, көлденеңнен қайғы, аяқ астынан байлық, атақ-даңқ береді.
Алтыншы түсіндірме: Пайғамбар ғалайһиссаламның өмірбаяны адамзат тарихы ретінде ғана баяндалған. Сөздің қысқасы, оның өміріндегі барлық мұғжизалары суреттеліп айтылмаған. Себебі пайғамбардың өмірін кез келген адам оқиды, қызығады, зерттейді де «бұлай белуы мүмкін емес, бұл тек аңыз, ертегі» деп қорытынды шығарады. Оның басынан өткен мұғжизаларды химия заңы, биология заңы, физика заңы, жалпы пән ғылымдары заңына салып, салыстырар болсақ мүмкін емес нәрселер.
Мәселен хазірет Мұхаммед сахарада құмнан жүргенде ізі түспеген. Бірақ тастың үстінен жүргенде ізі қалған. Осыған мысал ретінде, қазіргі таңда ізі түскен екі тас бар. Екеуі де Осман империясы дәуірінде Стамбулға әкелінген. Бірі «Топкапы» сарайында, екіншісі «Әииуб әл-Әнсари» кесенесінде сақталынған. Бұны Қарымсақов Ақыт Үлімжіұлы былай суреттеген:
«Нұр Мұхаммед он сегіз келді жасқа
Артықша сипат біткен қаламқасқа.
Алланың шын хабибі пайғамбарым
Балқиды аяқ басса қара тасқа».
4.9 Пайғамбардың ғайыптан хабар беруі
Халифалар мен мұсылман мемлекеттер жайында
Хазірет пайғамбар Алиге: «Сенің түбіңе жетіп, шаһид қылатын иди Харижилердің ішінен Абдуррахман ибн-и Мүлжамул-Харижи деген иди» деп айтады. Бірақ, Али ол адамды бұрынан тапитын-ды. Ол кімнің қолынан өлетінін біле тұра, «осы иди мені өлтірер» деп Абдуррахман б. Мүлжемге еш қастандық жасамаған. Бұл оның еш нәрседен қорықпайтындығы, тек бір Алладан ғана қорқатындығының дәлілі. Сонымен Харижилерден Абдуррахман б. Мүлжем өз келісімі бойынша бірнеше күн бұрын Али тұрып жатқан Куфа қаласына келеді. 661 жылы 17-ші Рамазан күні, хазірет Али таң намазында, имамдыққа жамағаттың алдына шыққан сәтте тығылып тұрған Абдуррахман б. Мүлжем Алидің басын қылышымен шауып жібереді. Али 63 жасында шаһид болады.
Хазірет Пайғамбар өзінен кейін Әбу Бәкір мен Омардың халифа болатынын айтады. Әбу Бәкірдің дәуірі аз болатынын, Омардың заманы көп болатынын, ең көп футухат жасайтын халифа екенінен хабар идия.
«Шығыстан батысқа дейін менің үмметімнің қолына өтеді. Ешбір үммет мұндай мүлікке ие болмаған» деп бұйырады. Айтқанындай күншығыс елі Индонезия, Малазиядан Андалусқа (Испанияға) дейін Исламды қабылдайды.
«Үшінші халифа болып, ел басына Хазірет Осман келетінін және ол кісі Құран оқып отырғанда өлтірілетінін хабар идия». Пайғамбардың бұл айтқаны 656 жылы Османның 82 жасында дәл келеді.
Алиден кейін хазірет Хасан халифа болатынын, және оның ел басында 6 – ай тұратынын айтады. Сонымен бірге Хасанның халифалығынан кейін Хулафа-и Рашидин (Рашид, әділ, адал Халифалар) дәуірі аяқталып, Амауиа (Амауилер) дәуірі басталатынын айтады. Айтқанындай, бұл оқиғалардың бәрі дәл келеді.
Амауиа дәулетінің патшаларының ішінде зұлымдық қылатындары, Иазид пен Уалид патша болатынын, хазірет Муауианың көп жыл ел басқаратынын, әділ патша болатын айтқан. Ғаббасиа (Аббасилер) дәулеті құрылатынын, көп жыл аяқта тұратынын хабарлаған.
Бір уақытта Сағд ибн Абу Уаққас ауыр науқастанып жатқан кезінде: «Болашақта әскер басы болатын, көптеген футухат жасайтынын, бірнеше ұлттар мен қауымдар одан жақсылық көріп, Исламға кіретінін, біразы қарсы шығып, оның қолынан қаза болатынын хабарлаған». Айтқанындай Сағд Ислам ордасын басқарып Иран сұлтандарын өзіне бағындырып, көптеген қауымның Исламды қабылдауына себепкер болған.
Шыңғыстың ордабасы Хулагу Аббасиа мемлекетін талқандап, құлататынын хабарлаған. Бұл оқиға айтқанындай болып келеді. Хулагу әскерлері Бағдаттағы Ислам кітапханасын суға ағызып жібереді. Содан бір ай бойы Басра өзені көк бояумен боялып ағады.
Әһли Бәйті (өзінің отбасы) туралы хабарлар
Хазірет Фатимаға (радиалалаһу ғанһә): «Менің әһли-Бәйтімнің ішінен алғашқысы болып, менің артымнан сен келесің» дейді. Айтқанындай алты айдан кейін Фатима дүниеден өтеді.
Константинофель фатх етіліп, Ислам дәулетіне қосылатынын айтады. «Константинофльді бағындырған сұлтан недеген керемет және оның әскері недеген әскер» деп Фатих Сұлтан Мехмедті суреттеген.
Итба ибн Әбу Лаһабтың өлімін: «Оны Алланың иті жеиді» деп хабар идия. Айтқанындай Әбу Лаһаб Иемен жаққа кетіп бара жатқанда арыстанға иди болады.
Мекке фатх қылынғанда Пайғамбардың азаншысы Билал Хабаши Қағбаның үстіне шығып азан шақырады. Сол сәтте Құрайыштың үш үлкен тайпаларының көсемдері идия ибн Хишам, Әбу Суфиан, Ғаттаб ибн Әсид өзара отырып әңгімелеседі. Бұлар ол күнде иман етпеген, ең тәкаббар адамдар еді.
Ғаттаб айтады: «Әкем Әсид бұл күнді көрмей кеткені үшін недеген бақытты иди».
идия айтады: «Мұхаммед мына қара қарғадан басқа азаншы қылатын иди таба алмағанба!?».
Әбу Суфиан айтады: «Мен қорқам, ештеңе айта алмаймын, жанымызда ешкім болмаса да, осы Батханың (Меккенің ескі аты) тастары оған хабар беруі мүмкін» дейді. Ақиқатында біраздан соң хазірет Пайғамбар оларға кездеседі. Ешбір әрібін де өзгертпей не айтқандарын айтып береді. Сол сәтте Ғаттаб пен идия шаһадат етіп, мұсылман болады.
Бәдір соғысында хазірет Аббас Сахабалардың қолына тұтқынға түседі. Тұтқынның бәріне идия төлеп құтылуға рұқсат беріледі. Аббас айтады: «Құнымды төлейтіндей ақшам жоқ» дейді. Сонда хазірет Пайғамбар: «Әйелің Үммү Фадылдың қасында, қаншама ақшаны тығып кеткен едің ғой» дегенде, Аббас: «Айтқаныңыз рас, оны әйелім екемізден басқа ешкім белмеуші еді» деп иман етіп, Исламға кіреді.
Бұл оқиғаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларының 1-ші папкасының 57 бетінде былай баяндаған:
«Әз Хазіретіміз Әбу Бакір Сыддық радиаллаһү ғанһү екеуі жаяулап, қашып Мәдина Мүнауарға барды. Артынан Икрала атлы (атты) кіші (кісі), салт басты, сабау қамшылы болып соңынан барды.
Мәдина халқы төбесінен тік тұрды.
Бәдр соғысы болды. Сонда мүшриклар жаман қырғын тапты Әбу Жаһил лағин (лағанат) сол соғыста өлді.
Пайғамбардың Әкесінің ағасы Ғаббас (Аббас) ради Аллаһү ғанһү башлығ (баста) иетміш кіші есір (тұтқан) болып қолға түсті. Бұлар өздерін өлтірмей босатуын, құнып төлеп құтылу үшін фидия беруге көнді.
Әз Хазіретіміз сахабаларымен ақылдасты. Хазірт Әбу Бакір сыддиқ ради Аллаһү ғанһү сөйлейді: «Үшбу Қолға түскен есірлер кәрісі бар, жасы бар, бәрі, өз ағайын туысқанымыз».
Әр қайсысы өз шамасына қарап, бары барынша, жоғы жоғынша Фидия берсін. Бергенін алып, өздерін босатсаңыз ынтымаққа көніп, икемге келіп, мұсылман да болар. Және мына алынған мал мұсылманларға ат, топ, азық болуға молайып, мұсылманның күш-қуат артуына сеп болар еді» - деді».
Хижраның жетінші жылында Мұхаррам айында Мединенің иаһүдилары Хайбарға барып, ол жердегі атақты сиқыршы Лубайд бин Асыммен кездесіп, хазірет Мұхаммедке сиқыр жасауын сұрайды. Содан Пайғамбардың тарағын ұрлап алып, шашымен 12 – рет түйіп, жанына тағы бір құрма қосып сиқыр оқып, Бәни Зурайқ тайпасының қарамағындағы «Зәруан немесе Зи-Әруан» деп аталатын құдықтың түбіне салып тасқа басып қойады. Содан Пайғамбар қатты науқастанады. Сол тұста «Муаууизанатайн» сүрелері нәзіл болады.
Осы сүре түскеннен кейін Пайғамбар сиқырлық жасалғанын біліп, хазірет Али және Сахабаларына айтады: «Бәлен жерде «Зәруан» - деген құдықта тасқа бастырылған тарақ бар. Соны әкеліңдер» деп бұйырады. Тарақты әкеліп Муаууизанатайн сүрелерін оқығанда, шашпен түйілген түйіндер өзінен өзі тарқатылады.
Түркілер, Каспи теңізінің төңірегіндегі ұлттар Арабтарға қарсы келетінін және Исламды қабылдайтындарын айтқан.
4.10 Расул-Алланың «Берекетті тағам» жөніндегі мұғжизалары
Тағам турасында айтылатын мұғжиларды риуаят еткен сахабалар біріншіден: «Асры сыдық» дәуірінде өмір сүрген (әділдік орнаған уақыт), ақиқатқа толық көзі жеткен, өте адал, әділ, тура жолды тапқан, тозаңның бір түйіріндей (молекуласындай) өтірік айтпайтын адамдар еді. Себебі біз баяндайтын оқиғалардың көбі бірнеше кісі риуаят еткен. Қалғандары болғандығы шындық екенін растап, куәлік еткен.
Екіншіден: бұл сахабалар Құран аяттарын толық жатқа білген адамдар.
Үшіншіден: Расул-Алланың іс-әрекетін, қал жағдайын күнделікті бақылап отырған. Сонымен қатар, Пайғамбардың шығарған, жеткізіп отырған үкімдерін және мұғжизаларға қатысты іс-әрекеттерін кездерінен таса қылмай, күнделікті жанынан қалмай жазып, естеріне сақтаған. Айрықша сол ғасырда мұғжизаларға, үкімдеге байланысты айтылған хадитерді жазып отырған. Олар «Абадила-и Сабға» деп аталған жеті сахаба.
Бұл сахабалардан «Тәбиғиндардан» мыңдаған мұхаккинтер (Ислам ғалымдары) хадистер мен мұғжиларды жазу түрінде сақтаған. Бұлардан кейін, Имам Шафи, Имам Әбу Ханифа, Имам Ханбали, Имам Малик сияқты Мүжтаһид төрт имам және мыңдаған Мұхаккик Хадисшілер жазып жаттаған. Тіпті, Хижраның 200-ші жылы Бұхари, Мүслимдер «Ақиқат әһлі» деп аталып, «Күтүбі Ситтені», алты үлкен Хадис кітабын жазғандар. Олар:
1) Хафыз Әбу Абдулла Мұхаммад ибн Жафи-ил-Бұхари. Кітабы «Сахих Бұхари» деп аталады. Сахих хадистерді (ең дұрыс хадистерді) тексеру үшін, Ислам ілім орталықтарын аралап, хадис ғалымдарынан пайдаланған. Қайтыс болған уақыты хижра 256 жылы. Кітабында 7395 хадис бар.
2) Имам Мүслим бин әл-Хажжаж (хижра 204-261). Кітабы «Сахих Мүслим» деп аталады. Жүз мың хадистен таңдап 2775 хадис алған. Бұл кітапты 15 жылда жазған.
3) Әбу Абдулла Мұхаммад Иазид Қаузи. Қайтыс болған уақыты хижра 273-ші жылы. Кітабы «Ибн-у Маже немесе Сүнән-и Ибн-и Маже» деп аталады.
4) Әбу Даууд Сүлайман Әс-Сижстани. Қайтыс болған уақыты хижра 275 жылы. Кітабы «Әбу Даууд немесе Сүнәни Әбу Даууд» деп аталады. Осы кітабында 4800 хадис бар. Бұл кісінің «Жамиғус-Сүнәни» деген кітабында бес жүз мың хадис бар. Ол кісі Ислам заңгерлерінің арасында маңзыды орны бар. Заңгер болған адам.
5) Хафыз Әбу Иса әт-Тирмизи. Кітабы «Тирмизи немесе Сүнәни Тирмизи» деп аталады. Қайтыс болған уақыты хижра 275 жылы.
6) Хафыз Әбу Нәса-и. Кітабы «Нәса-и немесе Сүнән Нәса-и, Мүжтәба» деп аталады. Наса-и хижраның 303 жылы қайтыс болған.
Бұхари мен Мүслимнің хадис кітаптары «Сахихаин» деп, ал, қалғандарының кітабы «Сүнән» деп аталады.
Бұлардан басқа Ибн Жаузи (хижра 508-597 ж.) тәрізді ақпен қараны айыра білген ғалымдар шығып Пайғамбардың хадисі мен сахабалардың сөзін ажыратып, дәлелдеген.
Жалаләд-дин Сұйути (Хижра 849-911ж.) сияқты Тәфсир, Фықһ, Хадис, Калам, Сиар (хазірет Пайғамбардың өмір баяны) ілімдерінің ғалымдары сахих хадистерді ажыратып, бір қалыпқа келтіріп жинаған. Сондықтан біздің баяндайтын хадистер мен мұғжизалар өте сенімді адамдардың қолынан, жаттауынан өтіп, бізге жеткен хадистер.
Достарыңызбен бөлісу: |