МәШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



бет19/25
Дата06.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#36239
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
-Сіп, -сып тұлғасының жырдағы қызметі үлкен: жақындасып, сүйгенсіп, кісімсіп, жауаптасып, күжірейсіп, ұстасып, ұрандасып мұндағы әсіресе даулы мәселе -сы // -сі п тұлғалы сөздер. Есімше тұлғалы -ген сіп формасының қызметі де ерекше. /-Сі/ туынды сөз жасайтын ал, -п көсемшенің жұрнағы деп тануға болар еді, бірақ тілшілер -сып, -сіп–ті жіктік жалғауының мен//сен, мән//сән, сын//сін тұлғасына жуық келетінін айтады.
Бол етістігі есім сөздермен тіркесіп келіп, құранды етістік жасайды: бұйрық болды, күндіз болды, түнсіз болды, мінсіз болды, жолсыз болды, сөз болды, үнсіз болды т.б. -Сіз есім сөзден болымсыздық мағына білдіріп туынды сын есім жасайды /түнсіз, мінсіз, жолсыз/ т.б.
- Тұғын көне формалы сөздер жиі ұшырайды, ықшамдалған күйі -тұр // дұр // дүр формасы да кездеседі. Бұл турасында бірер сөз айтқанбыз. Әрине, -дұр//-дүр тұлғасы туралы қилы пікірлер көп. Бұл турасында «Қыз Жібек» жырының тілін зерттегенде тоқталғанбыз. Сонымен, М-Ж. Көпеев шығармасында: жауатұғын, дейтұғын, қалмайтұғын, көретұғын, ойнайтұғын, тонайтұғын, ұстайтұғын, сөйлейтұғын, баратұғын, кірмейтұғын, қызбайтұғын, бұзбайтұғын, қозтайтұғын, ойлайтұғын, жейтұғын, болатұғын, алмайтұғын, жалмайтұғын, бармайтұғын, жүретұғын, білетұғын, еретұғын, алжитұғын, айтатұғын, жұмсайтұғын т.б.
М-Ж. Көпеевтің шығармасында тұрақты тіркестер өте көп ұшырасады. Жалпы, ауызекі сөйлеу тілі болсын, ауыз әдебиетінің бізге жеткен тілдік белгісінің бірі – сөз мәйегі болып табылатын осы – фразеологиялық сөздер. Жазбалық болмай тұрып–ақ ауыздан–ауызда өңделіп қашала-қашала бізге жетті. Сол сияқты, мақал, мәтел, жұмбақ жаңылтпаш бұлар-ауыз әдебиетінің бұзылмай жеткен тілдік элементтері. Мысалы: Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Бектердің оң қолында тұрағыңыз, Тұрмын қажып, теріс қақпай, көзін тігіп, көз салып, зәрін төгіп, сөз аяғы, құрғақ тілмен, жағымда жапырақ ет жоқ, көз жетпейді, Дәнекер тамағына түспей қалса, Мойнына жіңішкенің әбден мініп, Шиқан, тілме әуре боп қамшауымен, Есітиді құлақтыдан әбден бұрын, Отындықтан оттық мосы т.б.
Мұның ішінде қилы морфологиялық, синтаксистік қатынасқа түскен фразеологиялар ұшырасады. Олардың көбі өсімдік атауларына, құс аттарына, адам, жан-жануар тіршілігіне қатысты болып келеді.
М-Ж. Көпеев шығармаларында Науаий'>Баскин, Дарвин, Белинский, Жалинус, Затаевич, М.О.Әуезов, Мұсабеков, Науаий есімдеріне байланысты ойларын айтып, пікірлерін келтіріп, өз қағидаларын құрған. Мысалы, Науаи туындыларын көп оқып, білгені көрінеді. М-Ж. Көпеев Науаий шығармасынан үзінді ала отырып: «Ол не қылды, бұл не қылды? // Ол біл үр, ол бу қылмас/, /Әр не қылса, ол қылар/. /Хәкімті дін уақиф ирмастүр, кісі/. /Болмады бұл еш кішілігінің ісі/» - деп құдай ісінің ақтығын сөз қылады.
Өзбек әдебиетінің атасы атанған Әлішер Науаи турасында Абай Құнанбаев:
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Навои, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз–бу һәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд
- деп өлеңіне қосып түрік ақындары мен шайырларына басын иген.
Сопылық философияның басын түйген, Қожа Ахмет Яссауи шығармасына тәнті болған. Орта Азия ақын-шайырларын ұстаз тұта отырып, Абай да, Мәшһүр - Жүсіп те дін ақиқат ісінен аттап кете алмаған. Абай, Фирдауси айтып кеткен мәннен ала отырып, қара сөздеріне үлгі еткен. Шығысы Батыс болып кеткенмен Абай Құнанбаев ислам ісіне теріс қарамаған, ата - баба жолын қатты ұстанған. Шәкәрімге үйретіп кеткен. Абай «Қарасөзі» құпиясы артында жатқан, әлі оқушысын таба алмай жатқан туынды. «Қарасөзді» оқу үшін арабша, парсыша білім болуы керек–ті. Құр аудармасынан оқып, Абай былай деді дегеннен түк болмайды. Араб сөздері мәтін ішінде құбылып келе береді. Қасиетті құран кәрім харіпімен жазылған әрбір жәдігерге абай болған жөн.
Абай Құнанбаев «Бес нәрседен қашық бол», «Бес нәрсеге асық бол» деп. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес асыл іске: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды жатқызады. М-Ж. Көпеевтің «Төрт асыл, бес берекенің шешуі» деген философиялық өлеңінде. Төрт асыл ісе: жаратқан алла тағаланы бір деп білмек тіліменнен, сол тілдің бір дегенін шын деп көңілге алу, он екі мүшесін құдайдың құлшылығында қылу, пайғамбар сенетін орынға келтіру. Бес береке: құдайдан қорқып уақытымен оқыған намаз, малайғыны сөзден бой баққаны, зікуат уа қайырхасен, екі аяғының арасына ие болу, құдайға және халыққа қылған аманат уағдасында қалу - дейді.
Абайдың айтқанымен, М-Ж. Көпеевтің айтқандарының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Екеуі де түптеп келгенде имандылықты, адамияттылықты сөз қылады. Ынсап, қанағат, еңбек, терең ой арқылы толық адам бейнесін жасау идеясы паш етілді. М-Ж. Көпеев: ғәміл, сүннат, ләзиз, хасен, дәллә, тәсір, мұнафик, мүңкір, уа сөздерін пайдаланса, Абай да араб сөздерін қолданады: нәфритлі, ғибратлі, аят, хадис, күпір, мизан т.б.
Орыс тілінен енген сөздердің қазақыланып кеткен түрі: шабадан, самауырын, шәйнек, сияз, шотқа, піркнәшікті, ісмерлер, переуатын, кібірит, писугей, жандарал т.б.
М - Ж. Көпеев шығармасында кірме сөздер әсіресе орыс тілінен енген сөздер белгілі бір қосымшалар жалғанып, мәтін ыңғайында жұмсалады. Мысалы: милион + шік, піркән + шік. Кішірейту мағынасында қазақ сөздері: бұқашық, текешік ұшырасады. Кейбір сөздердің қос варианты: ларзан // арзан, зарар // залал / бұл сөз - Абай да кездеседі / Зарра // зарда т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет