Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Боқша. Шешем берген боқшасы



бет132/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   227
Боқша. Шешем берген боқшасы, Шашылыңқы көрінді (М-Ж., 2 т. – Б. 201, Ауыз әдебиеті үлгісі); – Бойдаққа жарылмаған қарбыз, ашылмаған боқша бір жас қыз алып бер! – деп, Айдақ оған: (М-Ж., 6т. – Б. 109). Боқша әйелдер ердің қасына іліп қойып ішіне зат, бұйым салатын қаптың түрі болып табылады. Боқша – сумка, портфель. Талдықорған облысында сумка, партфель, папканы революциядан кейінгі жылдардың өзінде де құранқап, әптиекқап деп атаған (Диалек, 1960: 94). В. В. Радлов боkша [Kir.] мъшокъ, которая женщины кладуть себъ на сдло – Beutel, Sack, den die Frauen sich üder den Sattel legen–дейді [17, б.1647] Боғу – түйін, буын (В. Радлов) қазақ, қарақалпақ, башқұрт, өзбек сияқты тілдерде бау, боғ-байлам, егінді, пішенді баулап байлау дегенді білдіреді. Көне түркі тілдерінің ескерткіштерінде ба/бағ; бағла-байлау (Малов, пам. Др. Письм.). Қазақстанның кейбір аудандарында жам – ыдыс – аяқ, бұйым (Досқараев. Қаз. Тілі. Жер. Ерек.). Сонда, боғжама екі түбірден құралған түркі халқының сөзі болып шығады. Бірінші сыңары – боғ (а) – қыз жасауы түйілетін орамал, байланатын баулық, екіншісі – жам дүние, мүлік, ыдыс-аяқ (ҚТҚЭС, 1966: 62). Қоқыр-соқыр заттарды боқтықты жинамай лақтыр – деп жатады. Ақжайма қазіргі қазақша-орысша сөздігімізде бар. П. жам 1) чаша, каз. жам аяқ деревянная чаша, бадьянъ; въ уйг. жам или жам блюдо, миска, жама посуда, соссудъ для питья, су жама (аб жама – Будагов) аб – су (абжылан – А.Қ.) для воды, алтұн су жама золотая фляжка, фляжка изъ камня ядэ. 2) зеркало, стекло, зеркало представляющее отражающее свть (рассказывають, что Алекс. Макед. И персид. Царь Джемшидъ имли также зеркало) (Будагов, 428).
Бойра Жамбыл, Шымкент, Алматы төңірегінде «қамыстан тоқылған тоқыма» есебінде белгілі (ҚТДС, 68). О. Нақысбеков бойраны оңтүстік говорлар тобына ортақ лексикалық ерекшеліктерге жатқызады (Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы, 78).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет