Жең көптеген түркі тілінде қол деген мағына береді. Жеңлік // йәңлик ұйғ. `қолғап` – туынды сөз шелпек пысырғанда күйіп қалмау үшін киеді. Киімнің жеңі ретінде айтылады. Йенг аз., йің баш., жең кбал., чең тув., т.б. жеңсе қаз. диалек (Аманжолов, 379). -лик, -лік жұрнағы мен -се кішірейткіш жұрнақтан жасалған сөздер. Демек, әуелгі түбірі жең етістігінен жең зат, туынды түбір тура мағынасы: жеңге киімнің жеңі, ауыспалы мағынасы жең ұшынан жалғасу, жеңгетай болу, күйеу мен қалыңдықты алғашқы түнде қосатын адам деген мағынада болған. Ә. Қайдар жең ұшынан жалғасудың этнографиясын сипаттап жазды. Саудагерлер мен алып-сатарлардың өзара келісімінен шыққан сөз екендігін айтады (Қайдар, 2003: 137). Жеңге мен жезде семантикалық жағынан жуық, мәндес сөздер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |