Таға – доға. Жер таға шегедей мұз боп қалып, Атымды ақша беріп тағалаттым (М-Ж., 215); Белбеудің айылбасы, белбеудің доғасы - тоқу. Тоқи (белдік, доға сөздеріне қатысты) (М.Қ. 3 т. 1997: 308). Қаһарлы Жанақ доғал оқ Жанақ атаныпты (М-Ж., 22). Доға кир. – (о) тат. доға – дуга; пряжка (Будагов, 398). Тоға – железная бляха, при помощи которой соединяются и закрепляются концы ремней, кожаных поясов, конских подпруг и др. предметов (Қайдар, 2003: 89). Доға Торғ., Жанг., Аман., Жамб. Обл. Қорғалжын ауд. Мерке ауд; Луговой ауд., Шу. Айылбас деген мағынадағы доға (ҚТДС, 1999: 169). Доғал мен доға түбірлес сөздер.
Доға сөзін фонетикалық жағынан талдасақ, көне түркі тілінде д, з, л, п, р дыбыстарынан сөз басталмаған. Қазіргі қазақ тіліндегі осы аталған дыбыстардан басталатын сөздің бірсыпырасы шеттен енген сөздер екенін (замат, зирек, зейін), енді бірсыпырасы т – д сәйкестігінің нәтижесі екенін (тирмен-дирмен) көруге болады (М. Томанов, 62 бет). «Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы орта ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Оған дәлел М. Қашқари сөздігі» – дейді М. Томанов (55). С. Аманжолов д//т дыбыстарының алмасуын көрсетеді (тоғару вм доғару, тайындау вм. Дайындау, тұзақ вм. Дұзақ и.т.д.) д//т солтүстік–диалектісі мен әдеби тілінде доға, оңтүстік диалектісінде доға, шығыс диалектісінде тоға (1959: 123, 183). Доға сөзінің орысша аудармасы дуга (Қ. Бектаев, 147). М. Қашқари доға сөзіне қатысты: тоқилады тоқұлады: тоғалады, доғалады; Еr tоқиlаdы. Ер қадзыш тоқұлады – Адам қайысты тоғылады; яғни Адам қайысқа айылын тақты мысалды келтіреді (1998: III т. 436). Доға сөзінің түбір тұлғасы то болуы мүмкін. Өйткені, көне түркі тілінде сөз ұяң дауыссыздарынан басталмаған. Ал, -ға деген қосымшаның көне түркі -ғұ (ғу) болуы мүмкін. М. Қашқари етістіктерге әуелі -ғ кейін у,ұ (ғу) қосылып құрал-сайман аттары құралады. Бұл түрік тілінің бәріне тән қағида. Осы жолмен етістіктер есімге айналып, құрал-жабдықтың атын білдіреді. Рышdы (пышды) деген кесті, пішті мағынасындағы етістіктің түбіріне -ғу қосылып жасалған бір нәрсені кесіп-пішетін аспапты білдіретін пышқы пышқи (пышғу) – пышақ сөзі соның мысалы (I том: 38-39). Қ. Жұбанов (121); Томанов осы ойды қостайды (55 бет). Доға–дуга//радуга - деп түсіндіреді (М. Фасмер, 1964: 549) ҚТТС-де доға сөзінің бірнеше мағыналары берілген (1999: 155). Доға: в литературном языке оно означает «дуга», а здесь: айлбас (бляха). Тур.КО.(С. Аманжолов, 1959: 371).
Достарыңызбен бөлісу: |