Түйін. Ершік > ат әбзелі > ашамай.
Ашамай. Жылағанда Бозмұнай ашамайға мінгізіп (М-Ж., 173). Ашамай – бірнеше мағынасы бар (Рахымжанов, 1992); 3-4 жастағы ұл мен қызға арнайы жасалған ер (ҚСЭ: 1990, 33); Бектаев – детское седло, 2001: 91 бет). Түйеге жүк арту үшін жасалған ер (ҚТС, 1999: 59 бет). Седелка – части конской упряжи кожаная подушка на передней части спины лощади (Ожегов, 1984: 630). Фасмер чех, поляк, украйн, орыс, ағылшын тілдері арқылы отыру (сидение) дегенге жуықтатады (1956: 590). Седло деп тоқымы бар, екі жағында тебінгісі бар, т.б. түсінік береді де түйеге арналған ер, ыңыршақ ер дейді (В.М. Даль. ТСРЯ, 2001: 584). Өгізге жүк арту үшін жасалған ер (ҚТДС, 1996: 79 бет). Ашамайлы керей ру аты да болған (ҚТТС, 1959; 514). Көне түркі руникасында ашамай «от» деп оқылған (Ә. Әбіласан. Көне сөздер құпиясы. 1996: 104-109). Б. Базылхан: аша > ача > ац (аша, айыр) деп жазған (1999: 46). Ашамай – ердің қарапайым түрі («Семей таңы» газеті, кыркүйектің 11-і, 1991.); Ашамай-жас балаға арналған кішкентай ғана ер ағаш (Азамат: 1990. № 3 (14); Ашамай (аша + май) екі түбірден құралады. Ашаны көне түркілер қайың ағашынан кейіннен болаттан жасап, қару орнына қолданғанын байқаймыз (ҚСЭ, 1972: 621). -Май диалектілік қосымша ретінде қаралады (Ғ. Қалиев. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. 1986: 218). Біздің оймызша, май – атқа қатысты алынған, ал ашамай ерге ашаның айыр бейнесі алынған сияқты. Аша сөзімен айыр мағыналары жағынан ұқсас келеді. Мысалы: Айыр өркеш түйемен болмас пар, Ұзын түнді өткізді аяулықпен (М-Ж., 50); Үш ашалы шанышқылы; Қайық шығар деп еді (М-Ж., 55). Өзі шешен, айыр көмей темір жақ домбыда тартып, ән қосқанда алдына адам түспеген (М-Ж., 31). Тоқым қағу тойы – 7, 8 жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады. Сонда, әке-шешесі бір малын сойып, ауыл-аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды (С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 1994: 26). ӨМЗҮК - ердің алдыңғы және артқы қастары (М. Қ.); Сиыр мен өгізге ер-тоқым да, қом да қолайсыз. Сондықтан олардың арқасына салатын тұрманды «ашамай» деп атайды. Оның астына да тоқым немесе ескі киізден жасалған тоқым – зәлті желқом төселеді (С.М., – Б. 123). Ашамай > ер.
Достарыңызбен бөлісу: |