Түйін. Зерттеушілер кэт//кэд түбір тұлғасын киіну, киію деп қарастырады. Олай болса, кэта (футболистер) киетін аяқ киімнің түбір тұлғасы кэт демек, түркі тіліндегі киіну, кию мағынасын беретін сөзбен түбірлес екендігі байқалады. «Етікшіге жолама – бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе» – деген сөз қалған.
Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеев шығармаларындағы киім атауларын: бас киім, сырт киім, іш киім, аяқ киім бөлуге болады. Олар өз ішінде: жыға, тәж, дулыға, бөрік, тақия, кепеш, айыр қалпақ, малақай, тұмақ, сәукеле, қарқара, орамал, шәлі, шалма, жаулық, кимешек, желек, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік, дамбал, шалбар, кемзал, лабас, жарғақ, көйлек, кебіс болып бөлінеді. Бұлардың ішінде түбірлес сөздер, мағынасы жағынан жақын лексика кездеседі. Мысалы: жыға, тәж, қарқара-дегендердің бір мағынасы тағатын қымбат тас. Орамал мен жөргем (ор>өр), сүлгі мен сулық (сү=су (сүңгі-қараңыз), томаға мен тұмақ (том>тұм), сырмақ, текемет, шекпен (сыр > шек > тік), сәлі, шәлі, сәлде, шаль, шалма, шалбар (сал), тон, ішік, дамбал, шалбар (тон > іш > тонбал > шалбал(р) > ыштан > іштон), кебіс, кебін, кебенек, кебім, қалпақ, кепеш (кеп > қалып) > көн етік > көн > көк > көйлек > тері. Жаулық > жау <> жап <> май > жауқазын, жаубүйрек (майлық), жаулық > жабу, малақай > мал > сауын > ақша, бөрік > бөрі, тақия > төбе, желек > желбір, жігіт-желең > желең > желек т.б. көрсетуге болады. Лапас > лыпа (кейбір жерде жаппа) > лабас. Сөздерді салыстыру арқылы түбір тұлғаның о бастағы мағынасын, не керісінше мағынасы арқылы түбірін табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |