Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Кебеже (кеб (п) еже) екі сөзден тұратын сияқты. Кеб



бет115/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227
Кебеже (кеб (п) еже) екі сөзден тұратын сияқты. Кеб (п) дыбысы тілдің даму барысында фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Кеп як., «киеп» форма мағынасын береді. Монғ. Хэв – қалып (Қаз.-мон. Сөз., 1977, 175); Қалм. Кев – тұлға (Рус.-кал.сл., 1964, 751). Қырғ. Кеп – қалып, киім, маска (Юдахин, 375). Нұрмағамбетов (135), Сыздықованы (65) – қараңыз. Р. Сыздықова «кебенек» сөзінің түбірі «кеп» болар дейді. Қазақ тілінде кебенек келгір деген қарғыс бар. Демек, «кеп» – тің бір мағынасы «өлім келсін» деген болар. Еже -е (же) тамақ же, жем сөздерінің құрамында сақталған сияқты. Олай болса, еже (жем `ішіп – жем`) атауының ықшамдалған түрі болуы мүмкін. Каз. имъ (ж(е)м – А.Қ.) – ядро, зерно (въ плодахъ), а. іеммъ, мн. жжем. море, океанъ. а. дикій голубь. (Будагов, 365). Кебеже>кеп+жем. Кебеже көбінесе ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған, оюлы үлкен сырлы сандық. С. Қасиманов бұл атаудың құрамын кебі - қап, жем - ас деп анықтайды (Ж. А. Манкеева, 1997: 229). Бұл сөздерге А. Қ. Сейілхан да мән берген (2001). Е. Жанпейісов: Жүк аяқ – жүк жиятын, ұзынша келген, аласалау орындық тәрізді нәрсе. Бұрын тамақ сақтайтын, сондай-ақ көшкенде түйеге теңдеп, ішіне жас балаларды отырғызатын сандықшаны осылай кебеже деп атаған. М-Ж. Көпеев тура осы сөзге қатысты былай дейді: Бір шөкті түйені шөкімен алып шығыпты. Ол түйенің шөгінде бесік бар екен, кебеже бар екен (Сарыарқа кімдікі екендігі? 1907. – Б.4 ). *Шөке – окружность груди верблюда (Будагов, 497 б.). Кебеже лексемасы қазақ тілінде қазір онша қолданылмайтынын айтады [37, б.127]. Дегенмен, ел ішінде әлі де болса үлкендер кебеже сөзін қолданатынын байқадық. Қазақ ежелден азық-түлік сақтауға кебежені пайдаланған [58, б.42].
Түйін. Кебеже, кебін, кебіс, кепеш түркінің түбірлес төл сөздері сияқты. Кебеже > кебін > кепеш > кеп (б) түбір тұлғалары байланысты болуы мүмкін. Семантикалық бір мағынасы – кептіру (сақтау, су қылмау т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет