Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы



бет112/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   227
Әбдіре. Қол сандықтан айдаһар жылан шықты (М-Ж., 101). Қалайы сандық ішіндей, Алтын ділдә алпыс мың (М-Ж., 35). Меруерт, маржан, інжу әбдіреде жатты – кім көрді? Тізілсе, жұрт көзіне түсетұғын болды. Қара сөз солардың әбдіреде жатқаны (М-Ж., 98).
Абдыра или абдара – ящикъ (Будагов, 391). Әбдіре тек қана «сандық» емес, «кебеже» мағынасында қолданылады. Монғ. (авдар – кебеже, сандық (Мон.-қаз. Сөз., 1954); Қалмақша: авдр – сундук (Рус. –қал. Сл., 1964). Абдари – қол сандықша (Пер.-рус. Сл. 1983). Нұрмағамбетов: манж. Абдари моо емен ағаш деген ұғым береді, демек, әбдірә - ағаштан жасалған зат дейді (34). Әбдірә > ағаш. Үлкен ағаш та болуы мүмкін Абантұс اَبَنوسْ – эбеновое дерево (въ Индіи бываеть блое, плодъ его называется тандұ تندو – diasрiras ebenum – Hunter Hind. Dic. Баберъ 427) (Будагов, 1 том. 1869: 6). А. صندوق сундукъ, мн. صناديق, сандиқ, ящикъ, صندوقجه сундучокъ, ларчикъ для драгоцнностей, сундукъ для храненія денгъ, касса, бауль кожан. чемоданъ, банкъ, публичная касса, сундучникъ (Будагов, 704). Киім-кешек, әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қол сандық, әбдіре және жағлан пайдаланған [58].
Түйін. Әбдірә > сандық > (үлкен ағаш, ағаштан жасалған деген мағынада болуы мүмкін). Әбдіре мен асадал үй жабдығы. Абантұс > абдра > әбдіре >үлкен ағаш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет