Диссертация ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева Алматы, 2008 мазмұНЫ



бет1/14
Дата15.09.2017
өлшемі2,82 Mb.
#33121
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ

ӘОЖ 811. 512. 122: 396 Қолжазба құқығында



БАЙҒҰТОВА АҚЛИМА МАРХАБАТҚЫЗЫ
«Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты
10.02.02 – қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған

ДИССЕРТАЦИЯ

Ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының

докторы, профессор Ж.А.Манкеева

Алматы, 2008



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................................3

1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІ ............................................................................................................................................6

1.1 Қоғамдық ғылымдар аясында «әйел» концептісінің сипатталуы..........................7

1.2 «Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі .............................. ....10


    1. 1.3 «Қазақ әйелі» концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан зерттеу…......15

      1. 1.3.1 «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау.............................................................................................................18

      2. 1.3.2 «Қазақ әйелі» концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі ...............26

      3. 1.3.3 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік

сипаты ………………………………………………………………………………….34

      1. 1.3. 4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени

сипаты..............................................................................................................................42

1.3.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты қолөнер, кәсіп, тамақ атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер ........................................................................... 47



      1. 1.4 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды

      2. мәні ..................................................................................................................................54

      3. 1.5 «Қазақ әйелі» концептісіне қатысты онимдердің этномәдени сипаты ..............64

1.6 Әйел~ана тілі және әйел~ана қарым-қатынасы ………………………………...67


    1. 2 «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІН АНТРОПОЦЕНТРИСТІК БАҒЫТ АЯСЫНДА ЗЕРТТЕУ… . …………………………………………………………...72

    2. 2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы .............................................................................72

2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшеліктері ................................74

2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер .................................................. ….78



    1. 2.2 Қазақ дүниетанымына сәйкес «әйел» концептісі ................................................80

    2. 2.2.1«Қазақ әйелі» концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени

    3. сипаты .............................................................................................................................92

2.2.2 «Қазақ әйелі» концептісіне байланысты қалыптасқан фразеологиялық

тіркес пен паремиология ..............................................................................................95



    1. 2.3 Көркем мәтіндегі «қазақ әйелі» концептісі ..........................................................99

    2. 2.3.1 Абай өлеңдеріндегі «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі ..............................104

    3. 2.3.2 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты ………………………………………………………………………………..107

2.4 Мифтік танымдағы «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі …………………….112

2.5 Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың негізгі бірлігі ретінде...................................................................................................119

2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісін психолингвистикалық әдіс ретінде қарау ...128

2.6.1 «Қазақ әйелі» концептісі ассоциациялық өріс аясында ................................ 132

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................................ 136
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................138
КІРІСПЕ

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.

Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.

Ал мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.

Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. «қазақ әйелі» концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

- «қазақ әйелі» концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;

- қазақ әйелінің «Ғалам бейнесі» контексіндегі концептілік аясын сипаттау;

- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. «қазақ әйелі» бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;



- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;

- «қазақ әйелі» концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;



- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;

- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету;

- «қазақ әйелі» концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.



Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

Зерттеудің негізгі жаңалығы – «қазақ әйелі» концептісін ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

- «қазақ әйелі» концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;

- «қазақ әйелі» концептісінің аясына кіретін сөздер, көркем және прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;

- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы «қазақ әйелі» туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;

- аталған концептіге қатысты тілдік ұжымның аялық білімінің эксплицитті және имплицитті түрлері ажыратылды.



Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, «Әлеуметтік лингвистика», «Лингвоелтану» пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.



Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін ­зерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасат­пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі – этносты сипаттайтын ерекше этноөзектік концептілер;

– зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар, бағалау мен коннотациялар – қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар;

«қазақ әйелінің» концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік жүйеде жасалып, символдық деңгейге көтерілген;

«қазақ әйелі» концептісі – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән­мазмұны, қызметі;

­ тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа сапада жаңғырту «қазақ әйелі» концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.



Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми конференцияларда: «Қазіргі таңдағы ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2005), «Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), «Әуезов оқулары – 5» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына орай өткізілген «Қазақ тілінің лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007) және ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы «Лингвистикалық жұма» атты ғылыми-әдістемелік семинарда (10 маусым, 2006) баяндалды.

Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация тақырыбына қатысты 9 мақала жарияланды.



Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ» КОНЦЕПТІСІ
Тіл – әрбір елдің, әрбір ұлттың тарихын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін, тіпті сол ұлттың өз болмысын танытатын, оны сақтап қалатын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ұлы қазына ретінде қоғамдағы ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда тілдің құрылымдық, коммуникациялық қызметтерінен басқа да қырларын, қасиеттерін анықтау терең зерттеуді талап етіп отыр.

Атап айтқанда, тіл мен адамның өзара тығыз қатынасына қарай анықталған салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл және адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктер), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.

Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты.

Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай келіп, біздің ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы деп түсінуге болатын сияқты. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі.



«Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А.Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша ұғындырады: «...мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли неопределенное множество предметов одного и того же рода» [1].

Осымен сабақтастырып, В.З.Демьянков [2], Ю.С.Степанов [3] ұғым мен концептінің аражігін ажырата қарастырады. Осы тектес концепт туралы пікірлердің ішінен қазіргі кезде көптеген ғалымдар тарапынан қолдау тауып, ғылыми тәжірибеде қолданылып жүрген – А.Вежбицкаяның анықтамасы. Ғалым концептіні адамның әлем туралы тиянақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде таниды [4, с. 85 ].




    1. Қоғамдық ғылымдар аясында «әйел» концептісінің сипатталуы

Соңғы жүз жылдықта әлемдік деңгейде жыныс мәселесіне қызығушылық байқалады деп айтуға болады. Аталған мәселе өнерде, ғылымда, қоғамдық өмірде бұрын-соңды болмаған дәрежеде көтеріле бастады. Қоғам субьектілері ретінде еркек пен әйелді қабылдауда бірнеше көзқарас бар. Шығыс даналығы болмыстың бүтіндігі ретінде Инь мен Янның (әйелдік және еркектік бастау) бірлігін атап көрсетеді. Олар бинарлы, яғни мәдениеттегі Инь немесе Янның рөліне басымдылық беру тіршілік негізін бұрмалайды деп түсініледі. Осы екі бастау табиғатта да, мәдениетте де бір-бірін толықтырады.

Ал әйелдер өте төмен тіршілік иелері деп есептеген Аристотель қосжынысты өзін-өзі ұрықтандыратын жануарлардың бар екенін есепке ала отырып, жынысқа бөлу биологиялық негізде жүзеге аспайтынын айтады: «Лучше, когда высший принцип отделен от низшего. Поэтому, если это возможно, мужское отделено от женского» [5, с.396-400]. Ортағасырлық христиан философы Филон Александрийскийдің түсінігінше, «еркектік – саналы, рационалды, құдайлық, ал әйелдік – лас дене әлемінің бейнесі». Осы кезеңде Я.Шпренгер мен Г.Инститорис сынды монахтардың туындысы – «Молот ведьм» әу бастағы күнәлылығы негізінде әйелдерді басып-жаныштау мен қырып-жоюдың әділдігін дәлелдеуге тырысқан. Олардың пікірінше, әйелдердің сенімі аз, ол femina сөзінің этимологиясымен түсіндіріледі, fe (латынның fides – «сенім») және minus (аз) деген сөздерінен туған, сол себепті сайтанның, ібілістің арбауына жиі түседі де, жер бетіндегі зұлымдық әкелуші күш болып табылады. [6, с.51,52].

Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында «еркек-әйел» оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Олар әйелдерді өздерінің жартысы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші «мені» ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Философтардың пайымдауынша, осылайша әлеуметтік прогресстің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты. Әйел табиғатын тек бала туу қызметіне негіздеу дәстүрі және осы орайда оны толық емес, «арнайы қызметі бар ғана жартыкеш адам» деп тану Томас Аквинат, М.Монтень, Э.Роттердамский, Г.Спенсер және сонымен бірге өзге құндылықтағы басымдылықтарды насихаттайтын иррационалды бағыттың өкілдерінде кездеседі.

Ал әйел болмысының мәнін А.Шопенгауэр жыныстық махаббат аясында қарастырады. Ол екі жыныс та ұрпақ жалғастыру ісіне тең дәрежеде қатысады деп есептейді. Алайда нақты жеке тұлғаны дүниеге әкелу жауапкершілігі әйелде екенін атап өтеді. Оның пікірінше, тектік (родовой) инстинкт еркектерде көлденең, ал әйелдерде тереңге бағытталған. Шопенгауэр ер адамдардың тұрақсыздыққа, ал әйелдердің тұрақтылыққа бейім екенін осымен түсіндіреді. Ол әйелдік қабылдау – интуитивті-иррационалды, ал еркектікі – мәнді, ақиқат шындықтың құбылыстарын рационалды ұғыну деп түсінеді. Әйелдердің міндеті жыныстық инстинктімен тікелей байланысты болғандықтан, олар жалпыадамзаттық мүддені көбірек білдіреді. Бұл – еркектердің табиғи қасиеті – жеке-даралық, ал әйелдердің табиғи белгісі – ұжымдық және тобырлық инстинкт дегенді білдіреді. Философтың пікірінше, табиғи қасиеттеріне сәйкес ерлер өзін қоршаған барлық құбылыстардың мәнін түсіну арқылы оларды өзіне бағындырғысы келсе, әйелдер өздерінің табиғи міндеттеріне орай ерлердің өзіне ие болуға ұмтылады [7, с.195].

Ал Ф.Ницшенің пайымдауынша, әйелдік бастау ерлер арасында бір кездері басым болған және ол қазіргі заманғы құндылықтардың жасалуына негіз болған. Неміс ойшылы «еркектік» пен «әйелдікті» өзгермейтін қарама-қарсылықтар ретінде емес, адамның бір-бірін толықтыратын қырлары деп таниды. Оның ойынша, әрбір адам бойында анасынан дарыған әйел бейнесі бар, ол әйел затын құрметтей ме, жек көре ме, жоқ әлде мүлде немқұрайды қарай ма, осыған байланысты [8, с.320]. Ф.Ницше ақыл-ес – әйелдің басымдылығы, ал ерлерге ішкі уайым мен құштарлық тереңдігі тән, осы шығармашылыққа шексіз құштарлығы арқасында ерлер өздерінің әйелге қарағанда кемеліне азырақ жетпеген ақыл-парасатын қолдана алады деп есептейді [8, с.421].

З.Фрейд бойынша, әйелдік психология қыздың ең алғаш ашқан өзінің «анатомиялық кемшіндігін ұғыну» әсерінен қалыптасады. Ғалымның ойынша, адам тұлғасын қалыптастыруда оның жынысына байланыссыз ана ролінен гөрі әке орны жоғары. Ер адамның отбасында басшы болуы, әйелдің оған бағынышты болуы – табиғи нәрселер, еркек пен әйел психологиясы олардың тәрбиесі мен мәдени жағдайына байланысты болғанмен, туабітті факторлармен анықталады. Фрейд әйел психологиясының енжарлық, көнгіштік, эмоционалдық сияқты қырларын әйелдің «еркек болуды қалау» тілегінің нәтижесі екендігімен, оның баланы қалау тілегіне айналуымен түсіндіреді [9, с.135].

О.Вейнингер өзінің «Пол и характер» атты еңбегінде еркектік және әйелдік дүниетанымды салыстырмалы түрде зерттеуге ұмтылады. Ол барлық руханилық, адамгершілік, парасаттылық негізі – маскулиндік, яғни еркектік екенін ашық мәлімдеген. Әйелдерде ойлау мен сезіну біртұтас, бөлінбейтін нәрсені құрайды, ал ерлер өз ойларын сезімдерінен айыра білуге қабілетті, соған орай әйелдік негіз бейсаналылыққа ие деп есептейді. Вейнингердің пікірінше, әйелдік нәзіктік жанында еркек болғанда ғана саналылыққа, мазмұнға ие [10,.с.108]. Ерлер барлық бастан өткенді логикалық тұрғыда бірінен соң бірі келетін үздіксіз оқиғалар арқылы байланыстырып, бір бүтінге айналдыра алады, ал әйел жадына мұндай қасиет тән емес. Үздіксіз еске ие болу қандай да бір құндылықтарды құру үшін іргелі негіз болып табылады, осыған байланысты әйелдік бастау «адамгершілікке жат». Әйелдердің өзіндік «мені» болмағандықтан, оларда ерік-жігер, мінез, сенім де жоқ. Осыдан келіп әйел табиғаты енжарлыққа, өзінен едәуір күшті еркек негізінің үстемдік етуіне ұмтылады [10, с.480] дегенді айтады австриялық ойшыл.

Орыс философтары Н.Бердяев пен В.Розанов әйелді, оның ойлау, сезу, дүниені қабылдау қабілетін, кейде физиологиялық ерекшеліктерін адам болмысының құндылықтар жүйесіндегі жоғары орынға қойып, ерекше бағалаған. Олар әйел мәселесін олардың мәдени мәртебесі деңгейінде қарастыруға ұмтылған. «Әйелдік нәзіктік» – ғарыштық және тарихи үдерістің мақсаты, ол «Ғаламның» өзі, сол себепті мәңгілік «әйелдік нәзіктік» ғарыштың ғұмырлық іргелі негіздерінің бірін құрайды. «Әйелдік нәзіктік» ұстанымының мәдениеттегі көрінісі әйелдің ерлердің шығармашылығын «шабыттандырушы» күшке айналу керектігінен көрінеді. Идеалды «маскулиндік» бүлікшіл батырлыққа дейінгі белсенді әрекетті, ал нағыз «әйелдік» нәзіктік, жуастық, үнсіздік, төзімділік, тыныш отбасылық өмірге ұмтылушылық сияқты қасиеттерді қамтиды,» – дейді орыс ойшылдары [11, с.36].

Жоғарыдағы ойшылдардың «әйел» туралы көзқарасы, әйелді бағалауы біркелкі емес екені байқалады.

Осыған сәйкес тілімізде «Әйелдің аты әйел» деген қалыптасқан тіркес бар. Аталған тіркесті қазақ халқы бір жақты ұғынбайды.

Біріншіден, әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел– ана, әйел – әдемілік, әйел – нәзіктік, әйел – сұлулық, әйел – сезімталдық, әйел – сыпайылық, әйел – әдеп, әйел – үйлесім, әйел – жарасым... деп танимыз. Мысалы:



Қоян жырық есіктен кірген бойда үйдегілерді түгендей бір қарап алды да:

  • Аман ба, әй қатын? – деді. Қасындағысы жырқ етіп қалды.

Ақбала ығысқан жоқ:

  • Сенің аузыңа қайдағы бір жұртта қалған сөз түседі-ау! – деді.

  • Е, қатын дегенге намыстанамысың? Қатын емей немене ең! Жұт жылы жарты қап бидай, жалғыз бұзаулы сиырға сатылғаның өтірік пе?

  • Сонда да сенің аузыңа түсе қоймағанмын. Жырылып кеткемін.

Әйел қашан да әйел ғой... «Жырық аузыңнан жырылып кеткенмін» дегелі тұрды да, оны айтпай, әдеп сақтап еді, бірақ «жырылып» дегеннің өзі де жетіп жатыр екен, қоян жырық үндей алмай қалды. Өр кеуде басыла берді

(Ғ.Мүсірепов. Кездеспей кеткен бір бейне).

Екіншіден, әйел – төменгі әлемнің, күнәның, опасыздық пен жамандықтың, ретсіздіктің символы. Орыс тілінде «әйел» сөзінің жағымсыз түп­төркіні бар, себебі онда ­щина жұрнағынан жасалған сөздердің бәрі көзге ілмеу, менсінбеу, жек көру сияқты жағымсыз бағаға, коннотацияға ие. Мысалы, женщина, деревенщина, казенщина, групповщина, чертовщина, обломовщина т.б. Қазақ мәдениетінде де әйелге қатысты жағымсыз коннотациядағы ассоциациялар кездеседі. Әйелге байланысты әсіресе ауызекі тілде көп қолданылатын шүйкебас, төмен етекті, шөпжелке, ұрғашы сияқты кемсіту мағынасындағы сөздер бар. Әйелді «ақылы шолақ, сөзі көп» деп еркектен кем санайтын түсінік қазаққа да тән екені көркем мәтіннен де көрінеді: «Өсекші он әйелден өтірікші бір шал артық», балалар, тым болмағанда әкелеріңнің қадір-қасиетін айтып беретін бір ауылға жаман болса да бір шал керек (О. Бөкей. Мұзтау).


  • Әй, әй, Мөңке, - деп ол бір бүйірден килікті. – Көлгектейтін не бар. Көмейіңді буып, қылғынып сөйлеуді қой. Әйел ауыр қаза емес. О, тәйірі, теңіз жағасында ең таңдаулы әйел мықты бір қараның пұлынан аспайтын боп тұр ғой.

Ойбай-ау, бұрынғылар біліп айтқан ғой. Бұл әйел жеті дұспанның бірі ғой. Ер жігітке опа берген бе? Ау! Ау, Еламанжан-ау, Ақбала да опасыз болып шықты. (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

Қап, мына мыстан дымымызды құртты-ау! Айтқан соң айта түспей ме ақыры (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала).

Дәстүрлі қазақ дүниетанымында тұлғалықты, даралықты білдіретін төл категориялар бар. Осындай ұғымға «тектілік» жатады. Тектілік ерге де, әйелге де, байға да, кедейге де тән қасиет. Ол кез келген адамда болмайды. Тектілік деңгейін «тұқым мен қан тектілігі, азаматтың өз басының тектілігі, халқының тектілігі» деп бөлген философ ғалым А.Адаеваның пікірінше, «осы тұқым мен қан тектілігі туралы қазақ түсінігі ерте заманнан бастау алғанын және бұл қасиетке атасы мен анасының бірдей жауапты екенін, көбінесе әкесінен гөрі анасының тегіне қатты мән берілетіндігін, қазақ түсінігінде елді текті адам билеуі тиіс екенін дәлелдейтін мысалдар жеткілікті» [12, 96 б.]. Әсіресе, ақын-жыраулар шығармашылығындағы «қазақ әйелі» концептісінің көрінісі жоғарыдағы ұлттық дүниетаным құндылықтарына сәйкес келеді:



Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан,

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата-мұрадан!

Мұны неге білмейсің! ( Асан қайғы. Бес ғасыр жырлайды).

Шынында да, халық аңыздары мен жырларында, тарихи хикаяларда, шежірелерде, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардан ата-бабаларымыздың ең алдымен ана тегіне ерекше назар аударғаны жайлы деректерді жиі кездеседі. Бұл туралы Л.Н.Гумилевтің: «...Анасының шыққан тегіне айрықша маңыз берілген. Мәселен, Ханзада Төременді тақтан тайдырудың себебі «шешесінің шыққан тегінің төмендігі болады. Әрине, бұл желеу, оның саяси жауларының айла-амалы ғана, бірақ сол дәлелінің қызықтығына қараңызшы», – деп жазуы тегін емес [13, 72 б.].

Жоғарыдағы жайттарды қазіргі ғылыми зерттеулер нәтижесі де дәйектей түседі. Заманауи генетика ғылымы ақыл-парасаттың ана бағыты арқылы берілетінін дәлелдейді. Ойлау қабілетіне жауап беретін гендер–Х-хромосомасы ұзындық бойына орналасқан. Әйелдерде ол екеу (ХХ), еркектерде біреу (XҮ). Дүниеге келген ұл бала ақыл қабілетін өзінің анасының генінен алады, ал қыз бала бір Х хромосомасын шешесінен, біреуін әке жағынан әжесінен алады, себебі әкенің Ү хромосомасында аталған қабілет жоқ. Ақыл-парасаттың ұрпақтан ұрпаққа берілуі осылайша жүзеге асады [14, с. 682-683].



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет