Металлдар мен құймалар арқылы электрхимиялық қаптамалар алудың технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,78 Mb.
#83701
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
Все лекции по Гальвантехника
шах книга
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4 – бөлім
4.1 Гальванотехника.
Технологиялық операциялардың негізгі топтары 
Гальванотехника - қолданбалы электрохимияның ең ірі қатарына жататын екі 
негізгі бағытты қарастырады: ол гальвоностегия және гальвонопластика
Гальвоностегияға - беттік заттардың әр түрлі физика - химиялық қасиеттеріне 
орай және корррозиядан қорғау мақсатымен электртұндыру процесі арқылы 
металдарды және құймаларды қаптау жатады. Яғни, гальваностегия катодтық 
негізбен тұнатын металдың бірігуін жақсартуға қол жеткізу болса, ал 
гальванопластика металдық негізбен тұнған металдың толық бөлінуіне қол 
жеткізу. Гальваностегияда металл қапталатын металмен мықты ілінісуі үшін 
майлы және оксидті ластауыш заттардан тазалау арқылы арнайы дайындық 
қажет болса, гальванопластикада керісінше металдық көшірме (копия) 
металдық формадан жеңіл бөлінетін (разделительный) арнайы пленканы 
қондырады. Сонымен қатар гальванопластикада тұнған металмен олардың 
механикалық қасиетіне қатал талаптар қойылады, әсіресе жұқа өткізгіш 
қабатты диэлектрикті формаға металды қондырғанда.
Гальванопластикаға - әр түрлі бұйымдардың көшірмесін көбейтуге және 
дайындауға арналған қалың металдық тұнбаларды электршөктіру процесі 
жатады. 
Гальвоностегиядағы технологиялық процесс келесі төрт операциядан 
тұрады: қаптаманы қондыру алдында металл бетін дайындау, қаптаманы 
қондыру, қапталған бұйымның бетін өңдеу, қаптаманы тексеру. 


Көп қабатты қорғаныс – декоративті қаптамаларды қондырғанда жоғарыдағы 
операцияларды біртіндеп немесе толық қайталайды. Әсіресе операция арасында 
бөлшектерді сумен жууға ерекше көңіл бөледі. Жуудың негізгі схемасы 
бойынша бір- екі- үш- сатылы болып келеді. Екі және үш сатылы схемамен жуу 
қарсы ағынды немесе тіке ағынды болу мүмкін. Қарсы ағынды схема бойынша 
су соңғы сатыға жіберіледі, сонан кейін біртіндеп қалған барлық сатыға өтіп, 
жоғарыдан төмен қарай лақтырылып, ағып түседі. Жууға суық, жылы, ыстық 
су қолданады, соңында кептіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет