Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Енді, оны қашықтан оқыту деп атаудың қажеті жоқ қой онда!
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ]: Енді, / қашықтан оқытуды міндетті білімге пайдалану.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Әне, жазып жатыр сабақ басталғалы интернет қуып кетті, енді оны жүктей алмайтын болсақ, нестейміз сонда? Әлі келмейтін болса серверлердің?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Мемлекет міндеттеу керек! Мемлекет / бағанандай интернет /// нет... монополист компанияларды міндеттеу керек! Егер оларды міндеттей алмаса, онда міндеттей алмайтынын мойындау керек. Онда өткізбей ақ қойсын.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы.
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : «Қазақтелеком» сияқты компанияларды, интернет тарататын компаниялардың жылдамдығы мынадан төмен болмау керек дейтін шек орнату керек.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы. Енді, қараңыз / кеше сағат 12:14 минут кеткенде, Тоқтарәлі Таңжарық ағамыз сізге / сізді пост қылып жазды иә? Сіздің фейсбугіңізға?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ]: Иә
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Мхм, « Былай қазақи қашықтан оқытудың зияны жоқ, жаңағы бұрын үйренуіміз керек еді, дәстүрлі оқыту шектелген сана, ақпараттық қоғамға 17:39 цедрик, білмеймін енді, / дәстүрлі оқумен ақ әлемнің Цукербергтері жүр ғой / білмеймін ол, қалай шектелетінін.Сіздің балаңыз смартфонмен де, ойын ойнап отыруға болмайтын білімнің тұңғиық сырын қолында екенін айтсын, енді жалпылама мен оқып жатырмын, бәрін емес былай менің пікірім толық емес, толықтырсаңыз болады. Аятжан енді сен не дейсің?» дейді. Сөйтсе, сіз мінекей қазір өзіңіз айтып отырсыз 50 пайыз Қазақстан дайын емес, интернет жүргізілген жоқ, балаларға обал деп маған айтып отырып, бірақ, комментарийге былай жазасыз: «Иә, Тоқтарәлі аға, сын сағат не өнер үйретеді, не тәжірибе жинатады деген ғой, бұл онлайн білім беруден қашу дәл қазір телефон ұстаудан қашу секілді дүние. Заман біз қашты екен деп, дамымай қалмайды, біз осы жағдайды пайдаланып бір сатыға көтеріп алуымыз керек» дейді, жарты Қазақстан оқушысында интернет жоқ, артқа шегініп қалды дей отырып, қалай сіз мынандай жауапкершілік аласыз?
Достарыңызбен бөлісу: |