Мәтін Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]


-ер адам [Аятжан Ахметжан ]



бет9/19
Дата23.05.2022
өлшемі37,02 Kb.
#144707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Қашықтан білім беру

1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : / Ал, төртінші сыныптан бастап, кәдімгі балалар қазір, инстаграмғада тіркеліп жүр, вк-ғада тіркеліп жүр, иә? Қолына телефонын ұстап жүр, бірінші сыныптың баласынан тартып, смартфон ұстайды. Үшінші, төртінші сыныптың баласы смартфон...
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Ал, жақсы...
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Ол балаларға оқу керек.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: / жақсы. Түсіндік. Жалғастырайық. Енді, ана телевизоры да, светі де жоқ ауылдар бар, өкінішке орай, енді, білмеймін енді оларға не болатынын.../ Былай етейік, қашықтан оқыту технологиясы деген анықтама бар екен, интернетте мен тауып алдым...
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Иә
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Иә? Ол жерде бұлай жазады: Қашықтан білім беру туралы түсінік дейді, қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша, өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары, жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыстар жасауына, сонымен қатар күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатындай қарқымды өзіндік жұмыс құрайды. Яғни, мынау қарапайым тілмен айтатын болсақ, 15:36 шенеуніктер тілін түсіну қиын ғой, / былай айтқанда бала онлайн оқиды және мұғаліммен телефон, пошта арқылы, мен міне кешкі 8-де оқығым келеді дейді, мұғаліммен сол кезде байланысып оқиды. Қашықтықтан оқытудың, міне , технологиясының анықтамасы осы. Ал, біз балаларға мына уақытта шығасыңдар, болды, осы уақытта сабақ басталады дейміз, демек біз қашықтан оқытудың технологиясын бұзып тұрмыз ба?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : / Бұл жерде қашықтан оқыту міндетті білім беруге арналмаған дүние, бұған дейін. Қашықтан білім беруде ешқашан міндетті білім беруде қолданған емес. Әлемде де, бізде де, ал, қазір міндетті білім беруде қашықтан өтіп жатырмыз. Осы нәрсені ескеру керек. Ол қосымша білім беріліп жатқан жоқ балаға, егер қосымша білім беру болатын болса ол, әр баланы / уақытына сәйкес, өзіне сай кестеге қойылу керек, яғни сіздің бір / бизнес курсты оқығаныңыз сияқты өзіңіздің уақытыңызға сай болу керек . Бірақ, қазіргі міндетті білімді берейік деп жатырмыз. Міндетті білімге...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет