Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Айеке? Сіз мұғалімсіз, халықтың пікірі сондай, ал не дейсіз?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Енді / бұл қоғамның...
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Былай айтайықшы, бәріне мұғалімді кінәләп жатыр бәрі.
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Қоғамның деңгейі мұғалімнің қадірін, мұғалімнің / қасиетін сезіп жатыр деп ойлаймын. Үйіндегі төрт баласына ие бола алмай жатқан, бес баласына ие бола алмай жатқан ата аналар мұғалімнің шынайы қадірін түсініп жатыр.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Мхм...
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Ал, мұғалім ондай баладан күніге отыз баланы әр сағат сайын алдынан өткізіп, тәрбиелеп жатқан кезде, қадірін білмеуші еді. Үйіндегі төрт бала үйіне сыймай жатыр, төрт баласының жағдайы шешілмей жатыр. Бүл ата - ананың / бұл қоғамға баланың тәрбиесін мұғалімге лақтырып қойғандығының көрінісі.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы...
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Осы күнге дейін қоғам бүкіл тәрбиені мектепке лақтырып тастады.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: мхм, жақсы
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Баланың ең бірінші жауапкершілігі ата – ана екенін ұмытты. Соның көрінісі содан басқа дым білмеймін.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы.Енді, бірақ, былай айтайық енді ұстаздар негізі бағалаймыз. Мағжан Жұмабаев | | айтады ғой / үш жүздің баласы бас қосқанда қадірлі орын мұғалімдікі дейді. Біз, мына, қашықтан оқу деген нәрседен шығып отырғой. Қашықтан оқу / біз қашықтан оқуға дайын болмай, енгізу арқылы / мұғалімді ата – аналарға басып берген жоқпызба?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Бүл жерде мынандай нәрсе барда, Нартай егер, бұл баяғыда үш тілділік бағдарламалары сияқты, бізде таңдау болса, екінші, үшінші таңдау болса, онда қашықтықтан енгізуге қарсының бірі мен болар едім.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Мхм
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Бірақ бізде қазір таңдау жок. Қаласаңда қашықтықтан оқисың, қаламасаңда қашықтықтан оқисың. Себебі, / дәл қазіргі жағдайда мектепке оффлайн баланы шақырып алып, сабақ өту мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |