1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Сондықтан, бұл мемлекетте осыған дейінгі жасалып келе жатқан қаншама отчеттардың сан, цифрлардың өтірік екендігін, шынайы жағдайға келген кезде ашып берді.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Жақсы. Қараңыз, сіз дәл осындай 27-наурыз күні таңертең 9:50-де жазба жарияладыңыз, фейсбугіңізге, иә? Былай дедіңіз «Қашықтан, болмаса ғашықтан, енді Алматы қаласының жаңағы өзіңізше прикол тастағаныңызғо, білім беру деп шулап жатырмыз ғой, қашықтан білім берудің сан түрі бар, бұл бізге жаңалық болғанымен, әлемге ешқандай жаңалық емес. Интернет пен техника жетіп тұрса, тікелей эфирде онлайн бұрқыратып, сабақ бере беруге болады. Иә, оған біздің өгіз интернет пен там техниканың әлі қаншаға жетер екен сын сағаттар тезіне алайын деп тұр. Бүгін сынақ болды, бүгін толықтай оқу болған жоқ. 6-сәуір басталады. Не істейміз?» Жақсы,ата – аналар үйде отыр, сіз «Қазбілім» орталығының директоры ретінде айтыңызшы, қандай жол ұсынасыз?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Мен, осы қашықтан оқыту мәселесі айтылған бері айтып келе жатырмын, біздегі интернет таратушы, осыған дейін халықтың / үлкен бөлігінің ақшасымен / күн көріп келе жатқан монополист компаниялар былай айтқанда біздегі «Қазақтелеком» нан бастап, «Қазақтелеком» нан бастап, «Kcell», «Beeline» интернет таратушы компаниялар осы кезде өзінің жылдамдығын арттыруға жұмыс жасау керек. Оларды мемлекет міндеттеу керек. Осы күнге дейін халықты сорып келді ғой. Олар халыққа жағдай жасау керек осындай кезде, осындай сын сағатта. Бүкіл мемлекет / көмектесіп жатырғой, олай болатын болса, осы компанияларға «Қазақтелеком» нан бастап, «Kcell»-ден тартып, бүкіл ата – анаға, бүкіл оқушыға, бүкіл ұстазға мүмкіндік туатындай деңгейде жұмысын сапаландыру керек.
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Өз тарапыңыздан ұсыныс бар ма? Қандайда бір нақты, мемлекетке арта бермейікші!
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Ау?
Жүргізуші [Нартай Аралбайұлы ]: Нақты өз тарапыңыздан ұсыныс барма?
1-ер адам [Аятжан Ахметжан ] : Өз тарапымнан ұсыныс? / Мен ұсынып отырғаным сол осындай компаниялар / жеңілдік жасау керек мемлекетке.
Достарыңызбен бөлісу: |