Мәтін: лингвистикалық және психолингвистикалық аспект Х. А. Ордабекова¹, К. Қ. Күркебаев²



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі46,96 Kb.
#122273
1   2   3   4
Байланысты:
sciPaper167478

Дифференциалды белгілер



Мәтін түзуші катергориялар

мәтін тұтастығы



  1. мәтін концептісі;

  2. ұғымдық (семантикалық) құрылым;

  3. логикалық құрылым.




коммуникативті тұтастық

  1. коммуникативті тұрғыдан әсер ету;

  2. эстетикалық әсер ету.




құрылымдық тұтастық

  1. синтаксистік категориялар;

  2. лексикалық категориялар;

  3. фонологиялық категориялар.




Кесте 2 – Мәтіннің дифференциалды белгілері мен мәтінтүзуші категориялардың өзара қатынасы


Кестеде көрсетілгендей, мәтін тұтастығы психологиялық категорияны (мәтін концептісі), мәтіннің логикалық және семантикалық категорияларын қамтиды.Мәтін концептісіне В. В. Красных мынадай анықтама береді: «Белгілі бір коммуникативті жағдаятқа байланысты, әрі автордың интеллектісіне сәйкес құрылған терең мағыналы, толығымен өңделген, барынша кең түрде жеткізетін мазмұн жүйесі. Мәтін концептісі, бір жағынан, мәтінтүзімнің бастапқы нүктесі болса, екінші жағынан, адресаттың мәтінді қабылдау әрекетінің соңғы нүктесі саналады» [5, 270]. Концепция – негізгі ой, негізгі идея, ал мәтіндегі негізгі ой, идея вербальді не бейвербальді түрде көрініс табуы мүмкін. Ең бастысы – концепт, концепция мәтіннің қай түрі болмасын уәжі айқындалған түрде көрініс табуы тиіс.


В. В. Красных бойынша, мәтін концептісі мәтінтүзімге дейінгі жүретін процесс, сондықтан мәтін концептісі мәтін тудыруда бастапқы нүкте саналып, мәтін қабылдаушының, адресаттың қабылдау әрекетіне, мақсатына айналады [5, 272].
М әтін концептісін тудыру үдерісін схема түрінде былайша көрсетуге болады: ситуация мотив интенция (уәждің көрінісі) концепт (интенцияның көрінісі).
Мәтіннің логикалық құрылымы – мәтін мазмұнын берудегі семантикалық элементтердің, мазмұнның бірізділігін көрсетеді.Коммуникативті тұрғыдан әсер ету көзбе-көз сөйлесу кезінде не аяқ астынан сөйлеу кезінде автор ақпаратты жеткізгісі келеді, не ақпарат алғысы келеді. Мұндай коммуникацияның басты мақсаты – реципиенттің физикалық реакциясын тудыру. Ал эстетикалық тұрғыдан әсер етудің мақсаты (әсіресе, көркем мәтін үшін қажет) – реципиенттің эмоционалды реакциясын тудыру.
Құрылымдық бірлік – бүгінгі таңда жүйелі, жан-жақты зерттелген аспект. Мәтіннің құрылымдық тұтастығын құрайтын тілдік бірліктердің қызметіне арналған еңбектер өте көп. Осылайша, құрылымдық және коммуникативтік тұтастық негізінде мәтінтүзуші категориялар (мәтін концептісі, семантикалық және логикалық құрылым, коммуникативті және эстетикалық әсер ету) айқындалады.
Құрылымдық тұтастық деңгейінде мәтінтүзуші категориялар (синтаксистік, лексикалық, фонологиялық) мәтін құрушы компоненттермен, яғни түрлі тілдік амал-тәсілдермен байланыста беріледі. Мәселен, фонологиялық компоненттер, интонация, тон, тембр, темп, семантикалық бөлініс және т.б. Сол сияқты лексикалық және синтаксистік категориялар деңгейінде мәтінтүзуші компоненттер мен элементтер анықталады.

ҚОРЫТЫНДЫ


Сөз семантикасы негізінде мәтіндердің өзара байланыстылығы, тұтастығы айқындалады. Бір сөздің қызметін түгел көрсету үшін, оның жеке тұрғандағы мағынасынан бастап мәтін ішіндегі білдіретін мән-мағынасын қарастырған жөн. Мәтін тұтастығы лингвистикалық категория саналады. Өйткені мәтін ішіндегі сөз бен сөздің өзара тіркесімділігі, сөйлем мен сөйлемнің өзара ұғымдық, мазмұндық жағынан байланысқа құрылуы мәтін мазмұнын байыта түсері, оның көркемдік жағын арттыра түсері сөзсіз. Ал бір бүтіндік, мәтіннің толыққандылығы концептілер жүйесімен, мәтіннің психолингвистикалық қырларымен тығыз байланысты.
Сонымен мәтін – көпқырлы феномен, дискурстың негізгі бірлігі, оған вербальді және экстралингвистикалық жүйе тән, коммуникативті актінің ядросы ретінде өзіндік дифференциалды белгілері мен мәтінтүзуші категориялары бар. Мәтін әрі лингвистикалық, әрі экстралингвистикалық құбылыс ретінде қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Сөйлеу әрекетінің субъектілерінен тыс, коммуникацияның талабы бойынша ауызша не жазбаша сөйлеу тыңдаушыға әсер етуі тиіс. Демек, кез келген мәтін түрі (көркем, ғылыми т.б.) адресатқа әсер етуі тиіс. Әсер ете білу қызметі автордың интенциясына, уәжіне, мәтіннің негізгі идеясына тікелей байланысты.
Мәтінді зерттеуде мынадай аспектілер негізге алынуы тиіс:
- экстралингвистикалық аспект, мәтін белгілі бір коммуникативті жағдаятқа реакция болса, оның бір компоненті концептуация болады, яғни -экстралингвистикалық фактор. Осы фактор мәтінтүзімге негіз болады;
- когнитивті аспект, коммуникативті жағдаят туралы түсінік пресуппозицияны тудырады, осы пресуппозицияның кең болуы коммуникацияның табысты өтуіне негіз болады, яғни мәтін түзуде және оны толық түсініп қабылдау үшін қажетті тілдік бірліктердің дұрыс таңдалуына әсер етеді;
- лингвистикалық аспект, мәтін түзуші тілдік және тілдік емес бірліктер негізгі материал ретінде қарастырады;
- психолингвистикалық аспект, автор мен оқырман арасындағы қатынас, яғни мәтіннің тууы және оқырманның сол мәтінді түсініп қабылдау әрекетін қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет