Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
Партия қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына тырысады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады...» Мәтінді оқып, мемлекетті халық басқаруының ғылыми атауын табыңыз: