5-мәтін. Ресей империясы қазақтың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологтарының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол-бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол-орысша жазғанда да аяқ алып жүргісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез-келген бастықтың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орын ашылған жоқ». Мәтінде сипатталған Ресей мемлекетінің қазақтың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысуының негізгі себебін анықтаңыз: ++Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді