Мәтін сұРАҚтар жауаптарымен жинақтаған: Аида Утепбергенова



бет3/21
Дата08.02.2022
өлшемі164,89 Kb.
#117981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ҚТАРИХAIDAUTEPBERGENOVA

3-мәтін. Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, 6 түйе кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей, бұл заңды еркек атаулының бәріне бірдей қолданған. Одан басқа үстеме, өнер құны, сүйек құны деген болған. Егер өлген адам бай немесе ақын, балгер, жырау болса, сол өнері үшін үстеме құн алған. Сол сияқты егер өлген адамның денесі туысқандарына тимей, ит-құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген. Сонымен қатар қалыңдыққа берілер қалыңмал мөлшері де белгіленген. Есім хан жеті атаға толмай некелесу ғұрпына тыйым салған. Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі. Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кездерінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін...» деген». Мәтінде баяндалған «Есім ханның ескі жолы» заң ережелерінің шыққан мерзімін анықтаңыз: ++XVII ғасыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет