Тарихи тұлғалар Қазақ хандары



Дата10.02.2020
өлшемі47,81 Kb.
#57589
Байланысты:
100 кітап тізімі

Тарихи тұлғалар

1. Қазақ хандары=Казахские ханы /Б.Кәрібаев. – Алматы: Сардар, 2015. – 128 б.

Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік құрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. Кітап жалпы оқырманға арналған.


2. Омарбеков Т. Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны /Т.Омарбеков . Алматы: Хантәңірі, 2017. – 342 б.

Тарихшы, ғалым Талас Омарбековтің бұл кітабында қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын ежелгі түрік қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр. Кітап қазақ елі тарихына қызығушылық танытатын жас зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, жалпы қалың оқырман қауымға арналады.


3. Зәкенұлы Т. Мәңгітас: тарихи роман /Т.Зәкенұлы. – Алматы: Алаш жолы, 2012. – 576 б.

Романда көк түріктер тарихының көркем шежіресі жасалған. Әсіресе, Түркі халқын, елін, төрін Табғаш (Таң империясы) бодандығынан құтқару, мемлекетті қайта құру жолында Түркі елі, жері үшін айқасқан Елтеріс, Капаған, Білге қағандар мен олардың үзеңгілестері Тоныкөк, Күлтегін, Баға Тәңіркен, Күллі-чор секілді даналардың, ел қорғаған егейлердің образын ершімді сомдаған.


4. Құлқенов М. Жәңгір хан. Даңқ пен дақпырт /М.Құлкенов, Р.Отарбаев. – Алматы: Өлке, 1992. – 47 б.

Қазақтың ханы Жәңгір Бөкейұлы туралы жазылған бұл еңбек архив құжаттарына негізделген. Жәңгірдің тұңғыш мектеп ашуы, жәрмеңке ұйымдастыруы, Орда қаласының негізін қалауы, генерал-майор атағын алуы т.б. баяндалады.
5. Жүністегі К. Соңғы абыз: роман / К.Жүністегі. – Астана: Аударма, 2006. -408 б.

Бұл роман әдебиетіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің өкілі Шортанбай ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты зерттеген жазушы сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, заман тынысын айқын танытуға тырысқан.


6. Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институты. Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 206 б.

Қазақ қоғамына тән билер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы, оның әлеуметтік, саяси, идеологиялық қызметтері жөнінде сөз қозғалып, тарихи рөліне теориялық талдау жасалады.


7. Сыдықов Е. Әнет баба. Ғұмыры мен заманы / Е.Сыдықов, Ж.Артықбаев. – Астана: Фолиант, 2017. – 256 б.

Хандық дәуірде өмір сүрген қазақтың әрі биі, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы болған атақты Әнет баба туралы ғұмырбаяндық кітап.


8. Майқы би /құраст. С.Дәуітов. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. – 192 б.

Халқымыздың аузында ғасырлар бойы айтылып келген Майқы бидің ұлағатты сөздері ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай,тәрбиелік мәнін жоймай үнемі ел есінде келеді. Осы кітап Майқы бидің әр жерде айтылған, жазылған дүниелерін жинастырып, оқырман қауымға ұсынып отыр.
9. Төле би /құраст. С.Дәуітов. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2011. – 192 б.

Халқымыздың жоғын жоқтап, барына бақ-береке тілеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен Төле би Әлібекұлының ғибрат боларлық терең де парасатты ойлары мен қанатты сөздері жинақталған.

10. Төле би мен Қойгелді батыр/ құраст. Б.Әбілдаұлы. – Алматы: Қазақстан; Мерей. – 1992. – 108 б.

Бұл кітапта атақты Төле бидің елді аман сақтап қалудың қамдарын іздестіре отырып, тәуелсіздік жолындағы айқастарға жігіттерді әзерлеу кезінде осындай ауыр істе оның сенімді серігі болған Қойгелді батыр туралы, екеуінің еңбектері туралы баяндалады.


11. Дауылпаз баба – Қожаберген жырау (шығармалар жинағы мен зерттеулер) /құраст. А.Тасболатов. – Алматы. Мектеп, 2011. – 464 б.

Қожаберген Толыбай сыншыұлы (1663-1763) жерімізді, елімізді қызғыштай қорғаған атақты батырларымыздың бірі. 1680-1710 жылдары қазақ ноғай, қарпқалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған ордабасы, ірі тарихи тұлға. «Жеті жарғы» заңнамасын жазуға қатысқан мемлекет қайраткері. Оқырмандарға ұсынылып отырған осы шығармалар жинағы мен зерттеулері оны тереңірек танып білуге көмектеседі.


12. Қопабаев Ө. Жыр атасы – Қабан жырау /Ө.Қопабаев, Ы,Кененбай. – Астана:Астана пресс, 2011. – 472 б., сур.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында ерекше маңызды орын алған Жалайырлар тайпасының ерте және орта ғасырлық тарихынын бастап, оның ұлы тұлғалары жайында, оның ішінде Қадырғали би Қосымұлы Жалайыр, Қабан жыраудың асыл мұралары, одан бергі бүгінгі ел, жер тынысы жөнінде айтылады.


13. Жәнібек тархан: деректі повесть және поэмалар мен құжаттар. – Алматы; Айқап, 1994. – 255 б.

Кітапта Шақшақ Жәнібек батырдың қол бастаған батырлығы, елбастаған көсемдігі, сөз шешендігі тарихи негіздерге сүйене отырып баяндалады.


14. Омари Ж. Қанжығалы қарт Бөгенбай (Қазақтың қамал-қорғаны) / Ж.Омари. – Астана: Фолиант, 2007. – 408 б.

Кітапта қазақтың ары мен абыройын қорғаған ерлік дәуірінің азаматтарының бірі Бөгенбай батырдың өмір тарихы сөз болады.


15. Оспан батыр: Деректі зерттеу /құраст.Д.Кәпұлы, О.Нәбиұлы. – Алматы: Арда, 2007. – 184 б.

ХХ ғасырдың ортасындағы Шығыс Түркістан Республикасының құрылуына айрықша үлес қосқан және тәуелсіздік жолында құрбан болған соңғы ұлттық қолбасшы Оспан батыр Ісләмұлы туралы.


16. Қорабай С. Қазақтың сал-серілері: танымдық жинақ /құраст.Серікқазы Қорабай. – Алматы: Айғаным, 2017. – 216 б.

Бұл кітапта белгілі ғалымдар Ә.Марғұлан мен Е.Ысмайылов т.б. ғалымдардың ақын, сазгер, әнші, өнерпаз, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі шешен әрі балуан болған атақты Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Шашубай және т.б. сал-серілерінің сегіз қырлы, бір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген.


17. Ұлы даланың ұлы қыздары=Великие дочери Великой степи=The greatdaughters of the steppe: Анықтамалық. І том. / Ә.Ә.Қодар, Ю.А.Зуев, А.М.Досымбаева, К.Ө. Торланбаева. – Алматы:Ұмай,2003. – 264 б.

Ұсынылып отырған кітап байтақ Даланың 25 шақты әйгілі қыздарымен таныстырады. Аталған тарихи тұлғалар өздері өмір сүрген дәуір кезеңдерінде өздерінің Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті таныта алған қадірменді аналар атынан баяндалады.


18. Сарай Ә. Исатай мен Махамбет тарихы: зерттеу /Ә.Сарай. – Алматы: Өлке, 1997. – 408 б.

Бұл кітапта автор 1836-1837 жылғы патша өкіметіне қарсы қазақтар бас көтеруінің арғы-бергі тарихы, Исатай мен Махамбет тағдыры және кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбиесі жөнінде жүйелі әңгімеленген туынды.


19. Рязанов А.Ф. Исатай Тайманов көтерілісі /ауд.М.Неталиев. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 176 б.

Аталынған еңбекте қазақ халқының қаһарман батыры Исатай Тайманұлы басқарған Батыс Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы қуатты ұлт-азаттық қозғалысының тарихы ғылыми-көпшілік көзқарасы тұрғысынан деректі де көркем көрініс тапқан.

20. Жангелдин Ш.Ә. «Әліби Жангелдин. Ол өз жолын таңдады» /автор құрастырушы Ш.Ә. Жангелдин. – Алматы, 2014. – 216 б.

Биыл Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің туылғанына 130 жыл толды. Осыған байланысты шығарылған бұл кітапка оның мемуары және отбасы мүшелерінің естеліктері, сонымен қатар Жангелдиндер әулеті жеке мұрағаттарынан алынған суреттер және құжаттардың көшірмелері берілген.


21. Нұрқанов А. Халық батыры: [Аманкелді Иманов] /А.Нұрқанов. – Алматы: «Қазақ мемлекет» баспасы, 1962. – 180 б.

Автор бұл кітапта қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың өмірі мен революциялық күресін жан-жақты және толық баяндайды; мұнда халық батыры Аманкелдінің жастық шағынан бастап, Қазақстанда Совет өкіметінің жеңісін қамтамасыз ету жолындағы қаһармандық күресте қаза тапқанға дейінгі өмір белестері нақты фактілер мен материалдарға сүйене отырып, кеңінен суреттелген.
22. Нұрқанов А. Аманкелді Иманов. /А.Нұрқанов.– Алматы: «Қазақ мемлекет» баспасы, 1957. – 96 б.

Автор бұл кітапшада Аманкелді Имановтың өмірі мен революциялық күрестеріне байланысты мәселелерді түгел және толық қамтып көрсетуді өзіне мақсат етіп қойған жоқ, тек оның өмірі мен істерінің негізгі кезендерің, азамат соғысы жылдары жүргізген қажырлы күрестерін көрсетуге көңіл аударылды.

23. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Монография. Екінші кітап /М.Қойгелдиев. - Алматы: Мектеп, 2017, - 656 б.

XX ғасырдағы Алаш – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы ірі екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңнін (1905-17 жж.) оқиғалары мен ерекшеліктері монографиялық зерттеудің бірінші кітабында баяндалды. Азаттық қозғалыстың екінші кезеңі (1917-32 жж.) советтік биліктің қалыптасуы мен жүргізген реформалық шараларына тұспа-тұс келді. Зерттеу жұмысының екінші кітабы азаттық үшін күрестің осы мезгілдегі бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетуді мақсат етеді.


24. Сақ Қ. Алаш мұрасы /Қ.Сақ. – Алматы: Қазығұрт, 2014. – 288 б.

Тәуелсіз қазақ елі тарихында, мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасуы мен дамуүрдісінде XX ғасырдың басында жарық көрген Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің орны айрыкша екенің ұлт зиялылары бесенеден біледі. Соған қарамастан, кешегі кеңес дәуірінде бұд тақырып жабық болған себепті оның зерттелуі еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана кеш қолға алынды.

25. Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары /М.Құл-Мұхаммед. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 224 б

«Алаш ардагері» кітабы қазақ халқы тарихындағы ең жарқын және тағдыры қайғылы тұлғалардың бірі – қазақтың Санкт-Петербург университетің бітірген тұнғыш құқық магистрі Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметіне арналған.

26. Дәуірдің жарық жұлдызы; (Халқымыздың көрнекті саяси қайраткері М.Тынышбаевқа арналады): «Ұлы тұлғалар» ғылыми-биографиялық серия /құрастырушы М.М. Бегманова. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Орталық ғылыми кітапхана, 2001. – 236 б.
27..Тұғыры тұлға: (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, жаратылыстанушы, дәрігер Халел Досмұхамедұлына арналады) /құраст. В.Қ. Күзембаева; филол. ғыл. канд. Р.Әлмұханова (бас. ред.); ОҒК директоры К.К. Әбуғалиева (жауапты ред.); Ред. Алқасының мүшелері: Л.Д. Әбенова, Ж.Нұрғожина, К.С. Бейбітова, А.О. Қошымова (тех.ред.), О.П. Бравач (техн.ред.), Н.Қосаева. Орталық ғылыми кітапхана. – Алматы. 2008. – 280 б.

Жинаққа Х.Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет, таңдамалы еңбектері, өмірінің негізгі кезендері енгізілген.


28. Озғанбай Ө. Жарығы өшпейтін жұлдыз /Ө.Озғанбай. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – 232 б.

Кітапқа көрнекті қоғам қайраткері, Алаш зиялысы Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) сан-салалы қоғамдық қызметі мен өмірі, ғылым саласындағы елеулі еңбектері енгізілген. Аяулы азаматтың аңыз ғұмырының көмескі тұстары күрделі тағдырымен байланыстырыла талданып, суреттеледі.



29. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1 том /М.Шоқай. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2007. – 352 б.

Ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері Мұстафа Шоқайдың (1886-1941) таңдамалы шығармаларының 1 томына оның кезінде Париж қаласында шығарып тұрған «Жас Түркістан» журналында жарияланған мақалалары енгізіліп отыр. Бұнда XX ғасырдың бас кезінде Совет империясы қыспағында қалған аз ұлттардың тағдыры, олардың тарихы, әлеуметтік өмірі жан-жақты суреттеледі.
30. Қыдырәлі Д. Қ. Мұстафа /Д.К. Қыдырәлі. –Астана: Деловой Мир Астана, 2012. – 276 б.

Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына айналдырған, сол жолда құрбан болған Мұстафа Шоқайдың тұлғасы күн өткен сайын биіктей бермек. Түбі бір түрікжұртының тағдыры талқыға түскен шақта басын бәйгеге тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұраты жолына арнаған сан қырлы қайраткер тұлғаның тағылымын арқау еткен еңбек жаңа, тың деректерге құралған. Көркем тілмен жазылған кітаптың ойы орамды, тілі шұрайлы.


31. «Асыл тұлға»: (Жанша –Жаһанша Досмұхамедов туралы) /құраст. А.Боранқұл. Ө.Жолды. – Алматы: «Жаухар» баспасы, 2012. – 360 б.

Бұл ұсынылып отырған тарихи-танымдық жинақ қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке арналған.


32. Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат /С.Кәкішев. – Алматы: Қазақстан: Шапағат, 1992. – 112 б.

«Ахаң туралы ақиқат» деп аталатың бұл кітапта қуғынға ұшыраған қазақ зиялысы, білікті ғалымы, жазушысы Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі бізге белгісіз болып келген тұстары: шыққан тегі, туыстары, өскен ортасы, басына түскен ауыр күндері бар шындығымен алдымызға тартылады. Сондай-ақ бұл шығармада Аханның үрім-бұтағының кешегі, бүгінгі тіршілік-тынысы да әңгімеленеді.


33.Көлбаев Т. Әбдірахман Әйтиев – ерлік пен қасіретке толы өмір /Т.Көлбаев, Р.Әйтиева. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 324 б.

Тарихи очерктің басты кейіпкері Әбдірахман Әйтіұлы Әйтиев – көрнекті мемлекет қайраткері, кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына және нығаюына белсенді қатысушы, алғашқы чекистердің бірі. Ол барлық өмірін еліміздің бостандығына, тәуелсіздігі мен біртүтастығына арнады, тұңғыш республика Ішкі істері Халық комиссары, батыс және солтүстік Қазақстандағы Азамат соғысына қатысушы.

Еңбектің авторлары деректі құжаттарды мұқият зерттеп, XX ғасыр басындағы қүрделісаяси, тарихи мәселелерге зор мән береді.
34.Тұрар Рыскұлов. – Алматы: Экономика, 2004. – 246 б.

Бүд жинақ белгілі мемлекет және партия қайраткері, ірі экономист-ғалым, дарынды басшы-үйымдастырушы, публицист, гауһартастай жарқылдаған сан қырлы талантты жан Тұрар Рыскұлов турады.

Кітап қалың жүртшылыққа арналған.
35. Сүлейменова Ә. Аспандияр Кенжин: ғасырлар тоғысындағы тағдыр (1887-1938) /Әлия Сүлейменова. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2012. – 240 б.

Монографиялық еңбекте мұрағат деректері мен ғылыми-зерттеу және мерзімді баспасөз материалдары негізінде 1887-1938 жылдары Қазақстанның батыс өңірінің тумасы, еліміздің басшылық органдарына қызметтер атқарған қайраткер азамат Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі таратылып баяндалады. XIX ғасырдың соңында дүниеге келіп, ғасырлар тоғысында қазақ даласында болып өткен қоғамдық-саяси өзгерістерге белсене қатысқан азаматтың патшалық Ресейдің халық ағарту саласындағы, 1916-1917 жылдардағы тыл жұмысына алынған жігіттердің арасында, Алаш козғалысындағы, кеңестік биліктің орнатылуы мен жаңа биліктің басқару салаларындағы және т.б. қызметі бұған дейін ғылыми айналымға енгізілмеген тың деректер арқылы баяндалып, зерттеу әдебиеттермен салыстырыла көрсетіледі.


36. Нұрымбетова Г. Ораз Жандосов. Монография /Г.Нұрымбетова. – Астана: Елорда, 2013. – 224 б.

Ораз Жандосовтың есімі көпшілік оқырман қауымға көркем шығармалар арқылы жақсы таныс болғанымен, оның қоғамдық-саяси кызметі, мемлекеттік қайраткерлік еңбегі беймәлім. Кітапта онаң 1916-1938 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі туралы тың мұрағат деректерінің негізінде жазылған.


37. Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер және мақалалар). – Алматы: «Ел-шежіре», 2011. – 368 б.

Бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашкы бөлімге қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті ғалым, 1937 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болған Телжан Шонанұлының бүрын жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» атты еңбегі еңгізілді. Автор бұл еңбегінде қазақтардың бүрынғы жер иелену тарихына, жерге деген қөзқарасына, патшалық Ресейдің отарлау саясатына назар аударады. Осы бөлімге телжантанушылар т.ғ.д., профессор Ә.Тәкенов пен ғалым Б.Байғалиев әзірлеген, бұрын баспа бетін көрмеген Т.Шонанұлының бірқатар еңбектері енгізіліп отыр. Екінші бөлімде Т.Шонанұлының мұраларын зерттеушілердің мақала, зерттеулері берілді.


38. Қойшыбаев Б. Түнектен оралған есімдер: тулға және тарих. 1 кітап. Төрт күлік /Б.Қойшыбаев. – Алматы: «Рух БГ» баспасы, 2016, - 240 б.

Жазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында билік басындағы коммунистік партияның жариялылық және қайта құру саясаты өріс алған шақтан бастап тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербей бастаған болатын. Осы ретте ол саяси жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар тағдырып зерттеп, жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді.

Алаш козғалысының 100 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай барша азаттық күрескерлерінің аруақтарына арналып шығарылып отырған бұл кітап.


39. Мансұров Т. Нәзір Төрекұлов – кеңес одағының сауд арабиясындағы елшісі /Т.Мансұров. – Алматы: «Зерде» баспасы, 2011. – 640 б.

Бұл кітап көрнекті мемлекет қайраткері Нәзір Төрекұловтың КСРО-ның 1928-36 жылдардағы Сауд Арабиясы Корольдігіндегі өкілетті өкіл (елшілік) қызметіне арналған. Еңбектің бас жағында берілген автор Тайыр Мансұровтың зерттеу мақаласында аса дарынды тұлға Нәзірдің дипломатиялық қарым-қабілеті мен таланты жан-жақты ашып көрсетілген. Келтірілген деректерден кейіпкердің кеңес-сауд байланысына кең көлемді көзқарасы, әсіресе, оның екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға деген ұмтылыс әрекеті айқын анғарылады.




Ұлы Отан соғысы, Желтоқсан көтерілісі

40. Көлбаев Т. Өшпес даңқ. Қазақтың 100-ші және 101-ші ұлттық атқыштар бригадалары / Т.Көлбаев. – Алматы: Азия Арна. – 2013. – 480 б.

Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 100-ші, Ақтөбеде жасақталған 101-ші қазақтың ұлттық атқыштар бригадаларының жорық жолдары мен жауынгерлер ерлігі қызықты суреттелген.
41. Көлбаев Т. Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін! /Т.С.Көлбаев. – Алматы: Асыл сөз, 2015. – 384 б.

Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерен ерліктері жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған. Бұл еңбек студенттер менмектеп оқушыларына, әскери-патриоттық тақырыппен шұғылданатындарға, көпшілік қауымға арналған.


42. Қалдыбай М. Мен – халқымның Бауыржанымын!: әңгімелер /М.Қалдыбай. – Алматы: Келешек, 2017. – 456 б.

Бауыржан Момышұлының мінезі, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, жұртқа беймәлім сыры кеңінен ашылған. Кітаптың тәрбиелік, танымдық мәні терең.

43. Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында: тарихи құжаттық зерттеу. – Алматы: Өнер, 2010. – 640 б.

Бұл кітапта Ұлы Отан соғысы жайында Б.Момышұлының, М.Ғабдулиннің, Н.Оңдасыновтың, Ә.Нұршайықовтың, Қ.Қайсеновтің т.б. естеліктері мен пайымдаулары берілген. Кітап Отан тарихына қызығушылық танытқандар мен жоғары оқу орындары студенттеріне ұсынылады.


44. Нұршайықов Ә. Әскери күнделік /Ә.Нұршайықов. – Алматы: Өнер, 2010. – 560 б.

Жазушы өзінің балалық шағын, алғашқы махаббатын, әскерге алынғанға дейінгі жастық жылдарын, Қызыл Армия қатарына алынып, майданға кірген алғашқы кезеңін күнделік етіп жазған.
45. Айдарбеков Ж. Тұтқындар: Роман. І кітап /Ж.Айдарбеков. – Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 160 б.

Бұл шығарма өлім мен өмір белдескен қиын-қыстау соғыс кезінде фашистерде тұтқында болып, ортақ тағдыр бауырластырып жіберген қазақ, орыс француз халықтарының құшақтары айқасқан достығын суреттейді.


46 . Жеңіс сарбаздары. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945). – Алматы: Тау-Қайнар, 2015. – 184 б.

Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер туралы түрлі түсті, мазмұнды кітап.

47. Шәріпов Ә. Жақсылыққа жаралған жүрек: естеліктер, арнау өлеңдер, хаттар мен құжаттар / Ә.Шәріпов. – Алматы: Орхон, 2010. – 408 б.

Бұл кітапта белгілі қаламгер Әди Шәріпов туралы әр кезеңде жазылған меғмуарлық мақалалар, заманждастар лебізі, арнау өлеңдер мен эсселер топтастырылған.


48. Көмекова Р. Ұлы адамнан ұлағат /Р.Көмекова. – Алматы: Айкос, 2000. – 109 б.

Қазақстан Республикасын басқарған, қазақ халқының мақтанышы және біртуар азаматы, Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жөнінде жазылған.
49. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары /М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. – Астана: Күлтегін, 2001. – 356 б.

«Елтұтқа» кітабы Отан тарихын білгісі келетін көпшілік қауымға, студенттер мен оқушыларға, ата-баба рухын ардақтай білетін әрбәр ұлтжанды оқырманға арналған. Бұл кітапта байырғы заманнан бастап біздің ғасырда, тәуелсіз Қазақстанда әйгілі болған тұлғалар туралы мәліметтер берілген.


50. Төлепберген Б. Біз білмейтін Желтоқсан /Б.Төлепберген. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 292 б.

Бұл публицистикалық кітапта 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаһарман ұл қыздарымыз туралы сыр шертілген.


51. Төлепберген Б. Қасиеттім – Желтоқсан! /Б.Төлепбреген. – Алматы: Керемет медиа, 2016. 320 б.

Автор Желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысын қамтуды көздеген. Сонымен қатар көтеріліске қатысқан және одан кейінгі кезде азаматтық ұстанымын көрсеткен зиалыларымыздың, жастарымыздың қайсарлығы туралы сыр шертіледі.


52. Желтоқсан көтерілісі. Көп томдық айғақ-кітаптар. Т1./құраст. Т.Айтбайұлы. – Алматы: Дәуір,2016. - 477 б.

Т.2. – Алматы: Дәуір, 2016. – 477 б.

Кітапта 1986 жылғы болған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі Мемлекеттік Комиссия материалдары мен Бүкілодақтық және Республикалық мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалар мен сұхбаттар топтастырылған.

Ғылым
53. Мұхаммед Хайдар Дулати: Ойшыл. Тарихшы. Жазушы: Қолбасшы: Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 279 б.

Жинақта белгілі тарихшы ғалымдар К.Нәрібаев, Ә.Дербісәлиев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков, т.б. көптеген ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі, қазақ философиясындағы орны, қазақ тарихи прозасының үлгісі ретіндегі «Тарихи-Рашиди» дилогиясы, қазақи психологиялық ұғымдардың негізін қалаушы ретіндегі орны және сол замандағы әскери өнер жайлы жазған зерттеулері қызықты баяндалады.

54. Егеубай А. Жүсіп Баласағұн: роман-эссе. – Алматы: Арда, 2005. – 312 б.

Рухани мұралардың бірі «Құтты білік» энциклопедиясын жазған ғұлама Жүсіп Баласағұн туралы, оның түркі халқының мәдениеті мен әдебиеті, дүниетанымы мен ел билеу жүйесі жайында айтқан асыл ойлары мен ғұмырбаяндық тағдыры суреттеледі.


55. Қожа Ахмет Иассауи. Хикметтер / ауд. Ә.Жәмішұлы. – Алматы: Өнер, 1995. – 208 б.

Қазақ жерінің ұлы перзенті, әулие бабамыз Құл Қожа Ахмет Иассауидің «Хикметтер» жинағының нұсқасы берілген.


56. Шоқан Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. І том . – Алматы: Толғай групп, 2010. – 376 б.

Бұл кітапта қазақ халқының көрнекті ғалымы, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы мақалалар және оның тарих, география, этнография, шығыс елдерінің ауыз әдебиеті мен тіл біліміне қатысты еңбектері жарияланған.


57. Бегалин С. Шоқан асулары /С.Бегалин. – Алматы: Жазушы, 1971. – 192 б.

Кітап ғалым Шоқан Уәлихановтың балалық шағы мен ғылымдағы жолы , Жетісу, Ыстықкөл, Қашғария сапары, Петербургтегі кезі оқырмандарға қызықты, тартымды суреттелген.


58. Бегалин С. Бала Шоқан: повестер / С.Бегалин. – Алматы: Балалар әдебиеті. – 2009. – 268 б.

Жинақ С.Бегалиннің Ш.Уәлиханов туралы бұрынғы жазған повестері бойынша құрастырылған.

59. Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят /С.Бегалин. – Алматы: Балалар әдебиеті. -2009. -268 б.

Кітаптың «Жамбыл» атты бөлімінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жазылған, ал екінші «Сахара сандуғаштары» бөлімінде қазақтың өнер тарландары ақын Шашубай, әншілер Естай, Майра Уәлиқызы, Әміре Қашаубаев, күйші Тәттімбет, ақын Иса Байзақов туралы сыр шертіледі.


60. Өтенияз С. Шоқан өскен орта/ С.Өтенияз.– Алматы:Ғылым, 1995. – 200 б.

Шоқан Уәлихановтың туған және өскен ортасы, туыстары, Омбыда өткен жемісті жылдары, Ресей зиялыларының болашақ ғалымға жасаған ықпалы кең түрде баяндалған.



Спорт

61. Қазақ балуандары: тарихи деректі басылым. – Алматы: Ер-Дәулет, 1996. – 24 б.:фотосуреттер

Бұл кітап халқымыздың бір ғасырлық балуандық тарихы. Атадан мүра балуандық дәстүрдің бүкіл ел көлемінде жаппай өріс алып, балуандарымыздың жеңістерінің тарих шежіресіне тіркелуі жайлы.

62. Бүркітбаев Ә. Қажымұқан /Ә.Бүркітбаев. – Алматы: Жалын, 1990. – 338 б.

Французша және еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атағын алған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының қаһармандық, батырлық сипаты мен қиын тағдыры баяндалған.
63. Тәнекеев М. Қажымұқан. /М.Тәнекеев. – Алматы: Білім, 2001. – 192 б.: сур.

Кітап ұлы палуан, күш атасы –Қажымұқан Мұңайтпасовтың спорттық өмірбаянын суреттейді.


64. Әбдісалан /құраст.Қ.Рысбек. – Алматы: Жарыс.KZ, 2014. – 288 б.

Даңқты боксшы, КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия-Африка ойындарыныі жеңімпазы, Қазақстанның 10 дүркін чемпионы Әбджісалан Нұрмаханов туралы жинақ.


65. Жүнісбаев Н. Мұстафа Өзтүрік:деректі повесть. – Алматы: жалын, 1992. – 72 б.

Автор есімі әлемге әйгілі қазақ азаматы, таэквондо өнерінің жұлдызы Мұстафа Өзтүріктің еліне келген (1990 жылдың маусым және қазан айлары) екі сапарында алған әсерлері, туған жерге деген перзенттік махаббаты жайлы жан сырын оқырманға сол қызуы басылмаған күйінде жеткізуге тырысады.
66. Әмин: деректі хикаят, естелік әңгімелер. – Алматы: Ер-Дәулет, 2009. – 184 б.

ХХ ғасырдың 60 жылдары әлемдегі ең мықты желаяқтардың бірі болған, Еуропа кубогының иесі, Кеңес Одағының бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордшысы Әмин Тұяқов туралы


67. Рысбекұлы Қ. Дәулет: деректі хикаят. – Астана: Ер-Дәулет, 2005. – 432 б.

Халқымыздың даңқты ұлы, грек-рим күресінен әлем, Еуропа және Азия чемпионы, Сеул, Барселона олимпиадаларының жүлдегері белгілі қоғам қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы хикаят.


68. Сүлеймен Ғ. Бақтияр /Ғ.Сүлеймен. Астана: Жарыс, 2011. – 192 б. /қазақ орыс тілдерінде

Әйгілі балуан, грек-рим күресінен 1998 жылы Әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Бақтияр Байсейітов туралы


69. Жолымбетов О. Бекзат /О.Жолымбетов. – Алматы: Балауса, 2002. – 71 б. / қазақ, орыс тілдерінде/

Көрген түстей аз ғұмыр кешкен боксшы, Сиднейдегі олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы.

Көркем әдебиет

70. Доспанбетов Ұ. Абылайдың ақ туы: тарихи роман /Ұ.Доспанбетов. – Алматы: мерей, 2004. – 408 б.

Осыдан үш ғасыр бұрынғы, ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары суреттеледі.
71. Жұмаділов Қ. Дарабоз. Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман /Қ.Жұмаділов. – Алматы, 1994. – 416 б.

Даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен жорық жылдары, Абылай хан ордасы туралы әңгімеленеді.


72. Аманшин Б. Исатайдың семсері: драмалық шығармалар /құраст.Ж.Шынәлиева. – Алматы: Өнер, 1990. – 240 б.

Ұлттық батырлар Исатай тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы туралы пьесалар сценарийлері.


73. Абай. Қарасөз. Книга слов. Book of words /Абай. – Алматы:Халықаралық Абай клубы, 2009. – 335 б.

74. Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2 том.: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары /құраст.: Г.Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 392 б.

Екінші томға Міржақып Дулатұлының 1907-1917 жылдар аралығындағы мерзімді баспасөзде жарық көрген еңбектері еңгізілді.
75. Дулатұлы М. Оян, қазақ! Өлендер, аудармалар /М.Дулатұлы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 136 б.

Өз шығармаларымен ұйқыдағы халқын оятуды мұрат тұтқан Міржақып Дулатұлының бұл кітабына қаламгердің өршіл рухты «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» аталатың өлең жинақтарындағы жырлары мен аудармалары еңді.

Қиян
76. Дулатұлы М. Оян, қазақ! Өлендер, аудармалар /М.Дулатұлы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 136 б.

Өз шығармаларымен ұйқыдағы халқын оятуды мұрат тұтқан Міржақып Дулатұлының бұл кітабына қаламгердің өршіл рухты «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» аталатың өлең жинақтарындағы жырлары мен аудармалары еңді.

Қиян

77. Мүсірепов Ғ. Қазақ солдаты: роман /Ғ.Мүсірепов. – Алматы: Жазушы, 1967. – 368 б.



Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған, қазақ солдатының майдан шебінде басынан кешкендері туралы қызықты әңгімеленеді.
78. Ғабдуллин М. Алтын жұлдыз: очерктер, хаттар және күнделік / М.Ғабдуллин. – Алматы: Ана тілі, 2005. – 288 б.

Кеңес Одағының Батыры, көрнекті фольклортанушы, білімпаз ұстаз Мәлік Ғабдулиннің бұл кітабында соғыстың сұрапыл күндерінде бастан кешіп, көзбен көрген отты жылдардың қаһармандары жайлы жазылған очерктері мен күнделігі және хаттары.


79. Махамбет. Жорық жырлары /Махамбет. – Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2007. – 401 б.

Азаттық идеясын жырлаған ақынның жырларындағы достық пен сертке беріктік, отаршылдық саясатқа қарсылық әрбір өлеңінде көрініп тұрады. Дауылпаз ақын жырлары ел тағдыры үшін ар мен намыс жолында жанын шүберекке түюге әзір тұратын саналы, білімді, намысты рухы ояу ұл-қыздарды тәрбиелеп өсіруде таптырмас құрал.


80. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1 /Б.Момышұлы. – Алматы: Жазушы, 2002. – 480 б.

Аты аңызға айналған данқты қолбасшы әрі қарымды қаламгер Бауржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя» туындылары енгізіліп отыр.

Кітап жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің құнды құралына айналар деген үміттеміз.


81. Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2.: Роман, әңгімелер /Б.Момышұлы. – Алматы: Жазушы, 2002. – 384 б.

Қаһарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Бауржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бұл екінші томына әйгілі «Москва үшін шайқас» романы мен бір топ әңгімелері топтастырылды.

82. Шәріпов Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Т.1: Повестер /құраст. К.Мыңжасарова. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2012. – 560 б.

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы жинағының бірінші томына партизандар өмірінен жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», «Арбасу», «Әке қабірі басында» атты белгілі повестері енген.

83. Шәріпов Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Т.2: Роман, әңгіме, жолжазбалары мен естеліктер /құраст. К.Мыңжасарова. – Алматы: «Ан Арыс»баспасы, 2012. – 560 б.

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, ғалым Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Сахара қызы» романы, «Тон» атты әңгімесі және шетелдерде болған сапарынан туған қызықты жолжазбаларының кейбіреулері енді.

«Сахара қызы» - тарихи деректерге құрылған көркем шығарма. Автор бұл шығармасында XIX ғасырдың екінші жартысындағы Жетісу бойын жайлаған қазақ ауылдарының өмірін арқау еткен.
84. Адай С. Қазақстан – жалғыз ұлы қазақтың: өлеңдер жинағы /С.Адай. – Алматы, 2010. – 272 б.

Автордың жастарды Отаншылдыққа тәрбиелеуге көмегі тиер деген ниетпен жазылған, Қазақстан, патриотизм, ел-жұрт туралы өлеңдері.


85. Жұмаханов Ж. Әлия Молдағұлқызы: повесть /Ж.Жұмаханов . – Алматы: Көркем әдебиет. – 1959. – 128 б.

Бұл повесть Кеңес Одағының батыры, Отан соғысында ерлікпен қаза болған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлқызы туралы.



**********

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Монография. Екінші кітап /М.Қойгелдиев. - Алматы: Мектеп, 2017, - 656 б.

XX ғасырдағы Алаш – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы ірі екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңнін (1905-17 жж.) оқиғалары мен ерекшеліктері монографиялық зерттеудің бірінші кітабында баяндалды. Азаттық қозғалыстың екінші кезеңі (1917-32 жж.) советтік биліктің қалыптасуы мен жүргізген реформалық шараларына тұспа-тұс келді. Зерттеу жұмысының екінші кітабы азаттық үшін күрестің осы мезгілдегі бағыттары мен ерекшеліктерін көрсетуді мақсат етеді.
Сақ Қ. Алаш мұрасы /Қ.Сақ. – Алматы: Қазығұрт, 2014. – 288 б.

Тәуелсіз қазақ елі тарихында, мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасуы мен дамуүрдісінде XX ғасырдың басында жарық көрген Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің орны айрыкша екенің ұлт зиялылары бесенеден біледі. Соған қарамастан, кешегі кеңес дәуірінде бұд тақырып жабық болған себепті оның зерттелуі еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана кеш қолға алынды.
Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары /М.Құл-Мұхаммед. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 224 б

«Алаш ардагері» кітабы қазақ халқы тарихындағы ең жарқын және тағдыры қайғылы тұлғалардың бірі – қазақтың Санкт-Петербург университетің бітірген тұнғыш құқық магистрі Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметіне арналған.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 1 том: Өлендер, роман, пьеса, әңгімелер /құраст.: Г.Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 368 б.

Бірінші томға халқымыздың ұлы перзенті, көрнекті ақын, жалынды публицист Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» өлендер жинақтары, жеке жинақка кірмеген өлендері, «Бақытсыз Жамал» романы мен «Балқия» атты пьесасы және әңгімелері енгізілді.
Дулатұлы М. Алты томдық шығармалар жинағы. 2 том.: Көсемсөз, әдеби-сын және зерттеу мақалалары /құраст.: Г.Дулатова, С.Иманбаева. – Алматы: Мектеп, 2013. – 392 б.

Екінші томға Міржақып Дулатұлының 1907-1917 жылдар аралығындағы мерзімді баспасөзде жарық көрген еңбектері еңгізілді.
Дулатұлы М. Оян, қазақ! Өлендер, аудармалар /М.Дулатұлы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 136 б.

Өз шығармаларымен ұйқыдағы халқын оятуды мұрат тұтқан Міржақып Дулатұлының бұл кітабына қаламгердің өршіл рухты «Оян, қазақ!», «Азамат», «Терме» аталатың өлең жинақтарындағы жырлары мен аудармалары еңді.

Қиян

Дәуірдің жарық жұлдызы; (Халқымыздың көрнекті саяси қайраткері М.Тынышбаевқа арналады): «Ұлы тұлғалар» ғылыми-биографиялық серия /құрастырушы М.М. Бегманова. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Орталық ғылыми кітапхана, 2001. – 236 б.
Тұғыры тұлға: (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, жаратылыстанушы, дәрігер Халел Досмұхамедұлына арналады) /құраст. В.Қ. Күзембаева; филол. ғыл. канд. Р.Әлмұханова (бас. ред.); ОҒК директоры К.К. Әбуғалиева (жауапты ред.); Ред. Алқасының мүшелері: Л.Д. Әбенова, Ж.Нұрғожина, К.С. Бейбітова, А.О. Қошымова (тех.ред.), О.П. Бравач (техн.ред.), Н.Қосаева. Орталық ғылыми кітапхана. – Алматы. 2008. – 280 б.

Жинаққа Х.Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет, таңдамалы еңбектері, өмірінің негізгі кезендері енгізілген.
Озғанбай Ө. Жарығы өшпейтін жұлдыз /Ө.Озғанбай. – Алматы: Үш Қиян, 2003. – 232 б.

Кітапқа көрнекті қоғам қайраткері, Алаш зиялысы Халел Досмұхамедұлының (1883-1939) сан-салалы қоғамдық қызметі мен өмірі, ғылым саласындағы елеулі еңбектері енгізілген. Аяулы азаматтың аңыз ғұмырының көмескі тұстары күрделі тағдырымен байланыстырыла талданып, суреттеледі.
Шоқай М. Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1 том /М.Шоқай. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2007. – 352 б.

Ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері Мұстафа Шоқайдың (1886-1941) таңдамалы шығармаларының 1 томына оның кезінде Париж қаласында шығарып тұрған «Жас Түркістан» журналында жарияланған мақалалары енгізіліп отыр. Бұнда XX ғасырдың бас кезінде Совет империясы қыспағында қалған аз ұлттардың тағдыры, олардың тарихы, әлеуметтік өмірі жан-жақты суреттеледі.
Қыдырәлі Д. Қ. Мұстафа /Д.К. Қыдырәлі. –Астана: Деловой Мир Астана, 2012. – 276 б.

Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына айналдырған, сол жолда құрбан болған Мұстафа Шоқайдың тұлғасы күн өткен сайын биіктей бермек. Түбі бір түрікжұртының тағдыры талқыға түскен шақта басын бәйгеге тіккен, саналы ғұмырын ұлт мүддесі мен ел мұраты жолына арнаған сан қырлы қайраткер тұлғаның тағылымын арқау еткен еңбек жаңа, тың деректерге құралған. Көркем тілмен жазылған кітаптың ойы орамды, тілі шұрайлы.
«Асыл тұлға»: (Жанша –Жаһанша Досмұхамедов туралы) /құраст. А.Боранқұл. Ө.Жолды. – Алматы: «Жаухар» баспасы, 2012. – 360 б.

Бұл ұсынылып отырған тарихи-танымдық жинақ қазақтың алғашқы жоғары білімді заңгері, Алашорда үкіметін құрушылардың және оны басқарушылардың бірі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедовке арналған.
Кәкішев С. Ахаң туралы ақиқат /С.Кәкішев. – Алматы: Қазақстан: Шапағат, 1992. – 112 б.

«Ахаң туралы ақиқат» деп аталатың бұл кітапта қуғынға ұшыраған қазақ зиялысы, білікті ғалымы, жазушысы Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі бізге белгісіз болып келген тұстары: шыққан тегі, туыстары, өскен ортасы, басына түскен ауыр күндері бар шындығымен алдымызға тартылады. Сондай-ақ бұл шығармада Аханның үрім-бұтағының кешегі, бүгінгі тіршілік-тынысы да әңгімеленеді.
Көлбаев Т. Әбдірахман Әйтиев – ерлік пен қасіретке толы өмір /Т.Көлбаев, Р.Әйтиева. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 324 б.

Тарихи очерктің басты кейіпкері Әбдірахман Әйтіұлы Әйтиев – көрнекті мемлекет қайраткері, кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауына және нығаюына белсенді қатысушы, алғашқы чекистердің бірі. Ол барлық өмірін еліміздің бостандығына, тәуелсіздігі мен біртүтастығына арнады, тұңғыш республика Ішкі істері Халық комиссары, батыс және солтүстік Қазақстандағы Азамат соғысына қатысушы.

Еңбектің авторлары деректі құжаттарды мұқият зерттеп, XX ғасыр басындағы қүрделісаяси, тарихи мәселелерге зор мән береді.
Тұрар Рыскұлов. – Алматы: Экономика, 2004. – 246 б.

Бүд жинақ белгілі мемлекет және партия қайраткері, ірі экономист-ғалым, дарынды басшы-үйымдастырушы, публицист, гауһартастай жарқылдаған сан қырлы талантты жан Тұрар Рыскұлов турады.

Кітап қалың жүртшылыққа арналған.
Сүлейменова Ә. Аспандияр Кенжин: ғасырлар тоғысындағы тағдыр (1887-1938) /Әлия Сүлейменова. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2012. – 240 б.

Монографиялық еңбекте мұрағат деректері мен ғылыми-зерттеу және мерзімді баспасөз материалдары негізінде 1887-1938 жылдары Қазақстанның батыс өңірінің тумасы, еліміздің басшылық органдарына қызметтер атқарған қайраткер азамат Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі таратылып баяндалады. XIX ғасырдың соңында дүниеге келіп, ғасырлар тоғысында қазақ даласында болып өткен қоғамдық-саяси өзгерістерге белсене қатысқан азаматтың патшалық Ресейдің халық ағарту саласындағы, 1916-1917 жылдардағы тыл жұмысына алынған жігіттердің арасында, Алаш козғалысындағы, кеңестік биліктің орнатылуы мен жаңа биліктің басқару салаларындағы және т.б. қызметі бұған дейін ғылыми айналымға енгізілмеген тың деректер арқылы баяндалып, зерттеу әдебиеттермен салыстырыла көрсетіледі.
Нұрымбетова Г. Ораз Жандосов. Монография /Г.Нұрымбетова. – Астана: Елорда, 2013. – 224 б.

Ораз Жандосовтың есімі көпшілік оқырман қауымға көркем шығармалар арқылы жақсы таныс болғанымен, оның қоғамдық-саяси кызметі, мемлекеттік қайраткерлік еңбегі беймәлім. Кітапта онаң 1916-1938 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі туралы тың мұрағат деректерінің негізінде жазылған.
Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер және мақалалар). – Алматы: «Ел-шежіре», 2011. – 368 б.

Бұл кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашкы бөлімге қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті ғалым, 1937 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болған Телжан Шонанұлының бүрын жарық көрген «Қазақ жер мәселесінің тарихы» атты еңбегі еңгізілді. Автор бұл еңбегінде қазақтардың бүрынғы жер иелену тарихына, жерге деген қөзқарасына, патшалық Ресейдің отарлау саясатына назар аударады. Осы бөлімге телжантанушылар т.ғ.д., профессор Ә.Тәкенов пен ғалым Б.Байғалиев әзірлеген, бұрын баспа бетін көрмеген Т.Шонанұлының бірқатар еңбектері енгізіліп отыр. Екінші бөлімде Т.Шонанұлының мұраларын зерттеушілердің мақала, зерттеулері берілді.
Қойшыбаев Б. Түнектен оралған есімдер: тулға және тарих. 1 кітап. Төрт күлік /Б.Қойшыбаев. – Алматы: «Рух БГ» баспасы, 2016, - 240 б.

Жазушы Бейбіт Қойшыбаев өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында билік басындағы коммунистік партияның жариялылық және қайта құру саясаты өріс алған шақтан бастап тарихтағы «ақтаңдақтар» жайында қалам тербей бастаған болатын. Осы ретте ол саяси жазаға ұшыраған тарихи тұлғалар тағдырып зерттеп, жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді.

Алаш козғалысының 100 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай барша азаттық күрескерлерінің аруақтарына арналып шығарылып отырған бұл кітап.
Жангелдин Ш.Ә. «Әліби Жангелдин. Ол өз жолын таңдады» /автор құрастырушы Ш.Ә. Жангелдин. – Алматы, 2014. – 216 б.

Биыл Әліби Тоғжанұлы Жангелдиннің туылғанына 130 жыл толды. Осыған байланысты шығарылған бұл кітапка оның мемуары және отбасы мүшелерінің естеліктері, сонымен қатар Жангелдиндер әулеті жеке мұрағаттарынан алынған суреттер және құжаттардың көшірмелері берілген.
Нұрқанов А. Халық батыры: [Аманкелді Иманов] /А.Нұрқанов. – Алматы: «Қазақ мемлекет» баспасы, 1962. – 180 б.

Автор бұл кітапта қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Аманкелді Имановтың өмірі мен революциялық күресін жан-жақты және толық баяндайды; мұнда халық батыры Аманкелдінің жастық шағынан бастап, Қазақстанда Совет өкіметінің жеңісін қамтамасыз ету жолындағы қаһармандық күресте қаза тапқанға дейінгі өмір белестері нақты фактілер мен материалдарға сүйене отырып, кеңінен суреттелген.
Нұрқанов А. Аманкелді Иманов. /А.Нұрқанов.– Алматы: «Қазақ мемлекет» баспасы, 1957. – 96 б.

Автор бұл кітапшада Аманкелді Имановтың өмірі мен революциялық күрестеріне байланысты мәселелерді түгел және толық қамтып көрсетуді өзіне мақсат етіп қойған жоқ, тек оның өмірі мен істерінің негізгі кезендерің, азамат соғысы жылдары жүргізген қажырлы күрестерін көрсетуге көңіл аударылды.
Мансұров Т. Нәзір Төрекұлов – кеңес одағының сауд арабиясындағы елшісі /Т.Мансұров. – Алматы: «Зерде» баспасы, 2011. – 640 б.

Бұл кітап көрнекті мемлекет қайраткері Нәзір Төрекұловтың КСРО-ның 1928-36 жылдардағы Сауд Арабиясы Корольдігіндегі өкілетті өкіл (елшілік) қызметіне арналған. Еңбектің бас жағында берілген автор Тайыр Мансұровтың зерттеу мақаласында аса дарынды тұлға Нәзірдің дипломатиялық қарым-қабілеті мен таланты жан-жақты ашып көрсетілген. Келтірілген деректерден кейіпкердің кеңес-сауд байланысына кең көлемді көзқарасы, әсіресе, оның екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға деген ұмтылыс әрекеті айқын анғарылады.
Бектұров Ж. Таңба /Ж.Бектұров.– Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2011. – 480 б.

Осынау жинаққа енген шығармалардың авторы Жайық Бектұров (1912-1995) сталиндік лагерьлердің азабын тартқан қазақ жазушыларының бірі. Алайда басқа жазушылардың бірде-бірі кезінде бұл тақырыпқа қалам тартқан жоқ. Ж.Бектұров сол азапты шыншыл тұрғыдан бейнелеген жалғыз жазушы деуге болады. «Таңба» романы, жинаққа енген басқа да шығармалар соған айғақ. Әрі жас ұрпаққа аса қажет тәрбие құралы.
Шәріпов Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Т.1: Повестер /құраст. К.Мыңжасарова. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2012. – 560 б.

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы жинағының бірінші томына партизандар өмірінен жазылған «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», «Арбасу», «Әке қабірі басында» атты белгілі повестері енген.



Шәріпов Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. Т.2: Роман, әңгіме, жолжазбалары мен естеліктер /құраст. К.Мыңжасарова. – Алматы: «Ан Арыс»баспасы, 2012. – 560 б.

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, ғалым Әди Шәріповтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Сахара қызы» романы, «Тон» атты әңгімесі және шетелдерде болған сапарынан туған қызықты жолжазбаларының кейбіреулері енді.

«Сахара қызы» - тарихи деректерге құрылған көркем шығарма. Автор бұл шығармасында XIX ғасырдың екінші жартысындағы Жетісу бойын жайлаған қазақ ауылдарының өмірін арқау еткен.
Есім Ғ. Тұлғалар-қаламгерлер /Ғ.Есім. – Астана: Фолиант, 2012. – 424 б.

Кітапқа сақ жұртының ойшылы, ақыны Анахарсистен бастап, қазіргі жапон әдебиетінің көрнекті қаламгері Харуки Муракамиге дейінгі жиырма бес ғасыр арасындағы рухани кеністікте әр заманда, әр елдерде өмір сүрген тұлға-қаламгерлер туралы автордың эсселері жинақталған.
Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Трилогия. 1-ші кітап. Ымырт; 2-ші кітап Сергелдең; 3-ші кітап. Күйреу /Ә.Нұрпейісов. – Алматы, Жазушы, 1977. – 824 б.

Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазір әлемге аты әйгілі есімдердің бірі. Үш кітаптан тұратын бұл трилогияның әрбір парағынан жусан иісі мен Арал даласының аптабы, теңіз сарыны есіп тұрады. Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен «Қан мен тер» бұл күндері талай жерді аралап кеткені оқушыға аян. 1974 жылы бұл трилогия СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.
Нұршайықов Ә. Әскери күнделік. 1 кітап /Ә. Нұршайықов. – Алматы: «Өнер», 2010. – 560 б. («Жеңіс» сериясы).

«Әскери күнделіктің» бірінші кітабында жазушы өзінің балалық шағын, алғашқы махаббатын, әскерге алынғанға дейінгі жалындыжастық жылдарын, Кызыл Армия қатарына алынып, майданға кірген алғашқы кезенің күнделік етіп жазған.
Бабатайұлы Д. Шығармалары. Өсиетнама: өлендер мен дастандар (1 кітап); Дулат тағылымы: сын-зерттеулер (2 кітап) /құраст. Қ.Раев; Алғысөзін жазғандар З.Ахметов, Қ.Раев. – Алматы: Раритет, 2003. – 288 б.

Абай дәуіріне дейінгі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының шығармалары «Өсиетнама» жинағы негізінде (Қазан, 1880) тұнғыш рет ұлы ақынның 200 жылдық мерейтойына орай толық нұсқасында «Раритет» баспасы жарыққа шығарған «Тұнық тұма» басылымы (2002 ж.) бойынша үсынылып отыр. Қос кітаптан тұратын бұл томдыққа біздің заманымызда бұрмаланған, қысқарған көптеген туындылары, шумақ-жолдары қалпына келтіріліп, XIX ғасырдан бері жұртшылыққа беймағлұм қыруар толғаулары еңгізілді. Мәңгілік мұра тағылымын әр қырынан талдайтын ғылыми таным ізденістері де кең қамтылған.
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1 /Б.Момышұлы. – Алматы: Жазушы, 2002. – 480 б.

Аты аңызға айналған данқты қолбасшы әрі қарымды қаламгер Бауржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя» туындылары енгізіліп отыр.

Кітап жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің құнды құралына айналар деген үміттеміз.
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2.: Роман, әңгімелер /Б.Момышұлы. – Алматы: Жазушы, 2002. – 384 б.

Қаһарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Бауржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бұл екінші томына әйгілі «Москва үшін шайқас» романы мен бір топ әңгімелері топтастырылды.
Зәкенұлы Т. Мәңгітас: тарихи роман /Т.Зәкенұлы. – Алматы: Алаш жолы, 2012. – 576 б.

Романда көк түріктер тарихының көркем шежіресі жасалған. Әсіресе, Түркі халқын, елін, төрін Табғаш (Таң империясы) бодандығынан құтқару, мемлекетті қайта құру жолында Түркі елі, жері үшін айқасқан Елтеріс, Капаған, Білге қағандар мен олардың үзеңгілестері Тоныкөк, Күлтегін, Баға Тәңіркен, Күллі-чор секілді даналардың, ел қорғаған егейлердің образын ершімді сомдаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет