8-мәтін. Үшіншісі қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік. Қысқасы, біз азаттық алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті. Әрине, ескі жүйе шақтап болса да неғұрлым сенімді әлеуметтік игіліктер беріп келді, әрі бірсыпыра салаларда жетістіксіз де болған жоқ. Алайда экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетсіз болғандықтан, ол жүйенің күйреп тозғанын да ұмытпауға тиіспіз. Ол әлеуметтік жағынан да осал болып шықты, өйткені адамдардың көпшілігінің тұрмыс деңгейі шетелдегі тұрмыс деңгейінен төмен еді. Ол, сондай-ақ, жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткені еркіндік бермеді. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерін уақыт өте келе біздің өз тәжірибеміз көрсетуге тиіс. Өтпелі кезең уақытында біздің азаматтарымыздың көпшілігі қилы істі бастан кешірді әрі көп нәрсені құрбан етті. Бірақ біз мұны тек сіздер мен біздің игілігіміз үшін ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасап отырмыз. Төртіншісі. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрі олар осындай сапаға жетуді өздерінің стратегиялық мақсаттарының бірі санайды. Мұның өзі - біздің халқымыз бен бұрынғы жүйенің аса ірі жетістігі. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын және әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» 1997 жылгы Елбасы жолдауы бойынша берілген мәтіннің негізгі нысаны: ++ халықтың әл-ауқаты