Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай



бет10/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1

А). 1835-1865 жж.
В). 1845-1886 жж.
С). 1841-1889 жж.
D). 1845-1904 жж.
Е). 1835-1860 жж.
12. Мәтінді оқып шығып, тапсырмаға жауап беріңіз:
Бұл қаланың ең өркендеп өскен кезеңі Қарахан әулеті билік жүргізген Х-ХІІ ғасырмен тұсттас. Бұл кезде қала қайтадан салынып, өзінің зәулім үйлерімен, қыш төселген көшелерімен, керуен сарайымен, теңге соққан ұстаханасымен, сауда-саттығымен, әлемге әйгілі болған. Қала ішінде су құбыры жүргізіледі, моншалар салынады. Бұлардың ішінде аса көрнектілері-ежелгі ________ рабадына (қолөнершілер тұрағы) орналасқан Қарахан, қала сыртындағы Бабаджа-қатын, қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылатын Айша-бибі күмбездері. 1938 жылы археолог-ғалым А. Н. Бернштам ашқан сарай моншасы-Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындарының бірі.
Байпақов К. Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992, 156-159-б. Деректе суреттелген қала:
А). Талхиз
В). Суяб
С). Талғар
D). Баласағұн
Е). Тараз
13. Түріктердің өнеріне қатысты мәтінді оқып, не туралы айтылғанын анықтаңыз.
«Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді: біріншісі – салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек бейнеленген көріністер, екіншісінде тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлер бейнесі – түрік қағанаттарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнеленген»:
А). Көркем керамика
В). Жартастағы суреттер
С). Балбал тастар
D). Теракоталар
Е). Ұсақ пластика
14. «Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салатанына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара үй (3 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат, ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты бірге көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе абылайша, күрке, кепе, итарқа, жапа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты отау дейді. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді. 1. Төр – мұнда жүк жиналады, қонақ отырады. Бұл- киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерге отырмайды. 2. Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақты азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. 3. Оң жақ (кіргенде сол жақ) – онда балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім-кешек ілінеді. 4. От орны – қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
Киіз үйдің негізі 3 бөліктен тұрады:

  1. Үйдің сүйегі (ағаштан тұратын бөліктері)

  2. Киіздері (ши де осыған кіреді)

  3. Бау-шулары (баулары мен басқұр арқандары)»

Кенжеахметұлы С., Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.
Алматы, 2010 ж., 186-бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет