Мәтінде сипатталған империя:
Жауабы: Византия.
9. «Мекке мен Медине қаласының арасы 100 фарсах. Біз Мекке қаласына сегіз күн жүріп жеттік. 1047 жылы мамыр айының 24-күні Баб – ас-Сафа қақпасы жағынан келдік. Мекке қаласында Мағриб елінен келген саудагерлерді кездестірдік».
Мәтінде суреттелген түбек:
Жауабы: Араб түбегі.
10. . «.... қала халқына өзінің: «Қаланы бейбіт жолмен берсеңдер, сіздерге түгелдей кешірім жасаймын. Қаланы қиратпай аламын» деген талабын жариялайды. Олар қалаға кіргеннен кейін .... Константин шіркеуіне келіп....»
Мәтінде қай қаланың алынуы туралы сипатталғанын анықтаңыз:
Жауабы: Иерусалим.
11. «... Мақта мата тоқыма өнеркәсібінің барлық кәсіпкерлері өздерінде жалданып жұмыс істеушілерге, шәкірттерге олардың алты апталық үйренуші мерзімінде, мақта тазалаумен айналысатын және маусымдық жұмысшылардан басқаларына, 40 сағат жұмыс күні үшін оңтүстік белеуде аптасына кем дегенде 12 доллар, солтүстік белдеуде кем дегенде 13 доллар жалақы төлеуге міндетті.
... Мақта мата тоқыма өнеркәсібінің кәсіпкерлері жөндеу жұмысшылары, механиктер, электриктер, өрт сөндірушілер, қызметкерлерден... басқа жалданып жұмыс істеушілердің барлығының жұмыс күндерін аптасына 40 сағаттан аспайтындай етіп жоспарлауға міндетті».
Мәтінде келтірілген үзіндіден АҚШ-тағы 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа қарсы қабылданған шараларды анықтаңыз:
Жауабы: еңбек армияларын құрып, өндіріс пен азық-түлік тауарларын жалақы түрінде тепе-тең бөлу.
12. «Ол XVII ғ. екінші ширегінде француз абсолютизмін нығайтуда басты рөл атқарды. Оның саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асырущылар тек қаржы мен сот істері ғана емес, басқару ісі де сеніп тапсырылған, губернаторларға мардымсыз ғана билік қалдырған шенеунік-интенданттар болды. Оның шын берілген қызметкерлері, оның саясатын қатаң да үздіксіз жүргізген, олар халықтан салықты аяусыздықпен жинап отырды.»
Мәтінде сипатталған тарихи тұлғаны анықтаңыз:
Жауабы: Ришелье.
13. Шекаралық Шэньси-Ганьсу-Нинься аудандарында әкімшілік жүйені құрудың жалпы принциптері:
«1. Шекаралық аудандағы ең жоғары әкімшілік органдары халықтық-саяси кеңестер болып табылады. Шекаралық аудандағы әр түрлі сатыдағы үкімет орындары тиісті сатыдағы Халықтық-саяси кеңестердің шешімдеріне бағынады...
4.Шекаралық ауданның халықтық-саяси кеңесі сессияларының аралығында шекаралық жоғары әкімшілік ұйымдары осы ауданның үкіметі болып есептеледі. Ол әкімшілік жұмыстарды жүргізу және басшылық жасау жөнінен Шекаралық ауданның Халықтық-саяси кеңесі алдында жауап береді.
5. Уездік үкіметтер Шекаралық ауданда әкімшілік жұмыстарын жүргізуші негізгі ұйым болып табылады.
6. Болыстық үкіметтер Шекаралық аудан үкіметінің негізгі ұйымдары болып табылады. Олар болыстағы әкімшілік істерді жүргізуде өзінің үсітінен қарайтын үкімет пен тиісті сатылардағы халықты-саяси кеңестердің алдында тікелеу жауапты...»
Достарыңызбен бөлісу: |