Мәтінде сипатталғанн басқару тәртібі енгізілген оқиғаны анықтаңыз:
Жауабы: Азамат соғысы.
14. «... Ресей мұсылмандары... Бұдан былай сіздердің діндеріңіз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еркін деп, оларға ешкім қол сұқпайды деп жарияланады. Өздеріңіз ұлттық өміріңіз еркін және кедергісіз құра беріңіз. Сіздердің бұған хақыларыңыз бар. Біліп қойыңыздар, Ресейдің барлық халықтарының құқықтары сияқты, сіздердің құқықтарыңыз революция мен оның органдарының, жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Кеңестерінің бап күшімен қорғалады... Осы революцияны және оның өкілетті үкіметін қолдаңыздар!..»
Мәтінде берілген үндеуді қай үкімет жариялағанын анықтаңыз:
Жауабы: Кеңес үкіметі.
15. Түркістан майданы әсерлерінің қолбасшысы М. В. Фрунзенің әмірдің езгісінен азат етілуі жолындағы күреске Қызыл Армияның көмек көрсетуі туралы бұйрығы
«Түркістаннан басқа Орта Азия аумағында аса артта қалған феодалдық-деспоттық екі мемлекет болатын
1920 жылы тамыз айының соңында бұл елдің еңбекшілері әмірге қарсы көтеріліске шықты. Уақытша революциялық кеңес құрылып, ол Кеңес үкіметінен көмек сұрады. Фрунзенің қолбасшылығымен Түркістан майданының әскерлері көтерілісшілерге көмеккке аттанды. Үш күндік кескілескен ұрыстардан кейін көтерілісшілер мен қызыл Армия бөлімдері бұл елдің ескі бекінісін шабуылмен жеңіп алды. Әмір қашып кетті. Халықтық революцияның жеңісінен кейін бұл ел кертартпалық пен контрреволюцияның тірегінен Кеңес үкіметінің шығыстағы алдыңғы шептерінің біріне айналды.»
Мәтіндегі Қызыл Армия көмек көрсеткен Орта Азия аумағындағы мемлекетті анықтаңыз:
Жауабы: Бұхара.
16. Бұл кезде король... Уайтхолда болды, мұнда оның әдеттегі қызметшілеріне қоса жақында таратылған армияның қос палатадан өздерінің парламент актісінде белгіленіп, бірақ төленбеген жалақысын алуға әрекет қылып жүрген офицерлері де көп. Ирландияға қарсы соғысқа шақыру күтіп жүрген олар сарайдағы тәртіптің әбден бұзылып, қауіпке айналғанын байқап, ұлы мәр тебеліні қорғауға өз көмектерін ұсынды және ол ұсыныс қабылданды. Сарай қасынан күн сайын өтіп жүрген бұл төменгі тобырдың бейбастықтығына әбден ашуланған офицерлер ең бір арсыз бұзықтарды соққыға жықты. Осындай қақтығыстарға байланысты талас-дауларда «домалақбастылар» және «кавалерлер» деген екі атау пайда болды, кейіннен бұлар екі жақтың көзқарасындағы айырмашылықты көрсету үшін нақты белгіленді: корольды жақтаушылар «кавалерлер» деген атау алса, ашу мен өштік туғызған қарсы жақ өкілдері «домалақбастылар» деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: |