Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтін мазмұны бойынша қате қорытындыны анықтаңыз



бет11/109
Дата09.11.2022
өлшемі263,02 Kb.
#157278
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы-1

Мәтін мазмұны бойынша қате қорытындыны анықтаңыз:
А). Киіз үйдің екі түрі бар екенін мәлім етеді
В). Қазақы киіз үйлердің бірнеше түрлері бар
С). Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді
D). Жаңа түскен келіндер төр жаққа отырады
Е). Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне сай киіз үйлердің түрлері ерекшеленеді
15. Ол тек ақын ғана емес, сонымен бірге қазақтың халық музыкасын терең білетін сазгер еді. Ол өз өлеңдеріне көптеген әндер шығарып, қазақ поэзиясын бұрын болмаған ұйқас түрімен байытты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан аударған «Татьянаның әні» деген үзінділеріне ән шығарып, сахараға таратты. Пушкин шығармасының кейіпкерлері Онегин мен Татьянаның есімдері қазақ арасында ғашықтық жырлардың кейіпкерлері сияқты кең жайылды.
Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:
А). М. Байжанұлы
В). М. Өтемісұлы
С). Ш. Құдайбердіұлы
D). Б. Қожағұлұлы
Е). А. Құнанбайұлы
16. Мәтінде қай саясаттың салдары сипатталғанын анықтаңыз
«РКФСР Үкіметі орталық өкімет орындарына әскери бұйрық ретінде Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын арттыруды міндеттеген арнайы декрет жариялады. Осылайша артық өнімдері ғана емес, күнкөріске қажетті астықты тіпті тұқымдық қорды да тәркілеу басталды... Қалаларда бұрынғыша азық-түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалды...»
А). ЖЭС
В). Қайта құру
С). Әскери коммунизм
D). Тың игеру
Е). Қайта өрлеу
17. Мәтінде берілген қаланың ерекшелігі мен оның екінші атауын табыңыз.
«Ақтөбе – ортағасырлық ірі ескерткіштердің бірі. Қала орны – 70 шаршы километрді алып жатыр. Ақсу, Қарабалта өзендерінің Шуға құятын Тасөткел сағасында орналасқан. Сансыз төмпешік, ескі қоныстар 1980 жылы ұшақтан суретке түсірілген. Екі жүз метрден жасалған аэротүсірімде қаланың көшелері, қорғандары, қарауыл төбелері айқын көрінеді. Қала жалпы ұзындығы 52 километр келетін орменен бірнеше жерден қоршалған. Мұның өзі жаугершілік сырын да аңғартса керек. Қала үш бөліктен – цитадель, шахристан және рабаттан тұрады. Қаланың V ғасырда көне түркі дәуірінде пайда болғаны, қараханидтер әулеті билік еткен заманда гүлденіп, үлкен астана шаһар болғаны анықталды. Қаланың аса үлкен болғанына ашылған бөлмелер, әкімшілік үйлері, қонақ үйлер, дән сақтап, шарап жасайтын қоймалар, наубайхана, тандырлар мен шығыс моншасы да дәлел боларлықтай. Көп жерлеріне су құбырлары тартылған, әуіздер жасалған. Мұсылман қалаларында қоныстанудың қалыптасқан ғылыми тұжырымдарына сүйенсек, орталықпен қоса оның ең жақын төңірегінде 675 мыңға жуық адам мекендегенге ұқсайды. Шахристандағы бір бөлмеде қылыш, VII-VIII ғасырлардағы Пенжикент, Отырар, Құсан, Соқұлық заттарына ұқсас тұтқалы таба, майшам тұғыры, археологияда сирек ұшырасатын олжа – арыстан бейнелі мөр, тостаған, қазан, қақпақ, қыш құмыралар, сыры кетпеген ыдыс сынықтары табылды. Осы заттар мен керуен жолдары бұл қаланың ірі сауда орталығы болғандығын көрсетеді».
А). Бір кездері Исфиджаб кейін Баласағұн қаласы деп аталды
В). Өзіндік сәулет өнерімен ерекшеленген Түркістан қаласы
С). Екі шығыс моншасы орналасқан Талас екінші атауы Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет