Мәтін бойынша көтерілістің болған жыл(-дар)ды анықтаңыз:
Жауабы: 1916 ж.
V нұсқа
1.«... Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың қол астында қала беруіне, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып, шешім қабылдауы тиіс... .»:
Мәтін бойынша ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы туралы тарихи құжатты анықтаңыз
Жауабы: Санкт-Петербург келісімшарты.
2. «... РКФСР Үкіметі орталық өкімет орындарына әскери бұйрық ретінде Сібір мен Қазақстанда азық-түлік салғыртын арттыруды міндеттеген арайы декрет жариялады. Осылайша артық өнімдер ғана емес, күнкөріске қажетті астықты, тіпті тұқымдық қорды да тәркілеу басталды... Қалаларда бұрынғыша азық-түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалды. Көптеген зауыттар отынның жетіспеушілігінен жабылып, жұмысшылар жұмыссыз қалды... Жеуге жарайтын нәрсенің бәрі таусылғандықтан келесі көктемде себілетін тұқым қалмады»:
Мәтінде қай саясаттың салдары сипатталғанын анықтаңыз.
Жауабы: «Әскери коммунизм».
3.«Автор Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары жан-жақты суретеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтылады»:
Мәтінде сипатталған еңбектен Қазақстанның жерлерін анықтаңыз.
Жауабы: Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстан.
4.Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Ресей қатысқан саммит болып, онда
аталған елдер шартқа қол қойды. Саммиттің басты оқиғасы деп қатысушы елдер лидерлері қол қойған аса маңызды құжаттарды-ұраны «Ынтымақтастық арқылы қауіпсіздік!» деп аталатын ұйым құру туралы Декларацияның тікелей өзін есептеуге болады.
Мүше-мемлекеттер арасында өзара сенімділікті, достық пен тату көршілікті, саяси жәнеэкономикалық, халықаралық тәртіпті нығайиу; лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы бірлесіп қимыл жасау; есірткілердің һәм қару-жарақтардың заңсыз айналыммен, қылмыстық әрекеттердің басқада түрлерімен, сондай-ақ заңсыз миграциямен күресу.
...мемлекеттері-мүшелері егемендік, тәуелсіздік, мемлекеттің, тұтастығы мен шекарасының мызғымастығы, шабуыл жасамау, ішкі істеріне қол сұқпау секілді өзара сыйластық қағидаттарын ұстанады.
Бұл ұйымның негізгі бағыттары – экономикалық ынтымақтасты қолдану ғылым мен техника, білім, денсаулық сақтау мәдениет спорт пен туризм салаларында өзара әрекеттесті кеңейту. Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін Мемлекеттер басшыларының Кеңесі, Үкіметтер басшыларының Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, хатшылық органдары құрылды. ... аймақтың басқа мүшелерін оның мүшелігіне қабылдауға ашық. Мемлекеттер-мүшелер өздерінің елшілік қызмет құрамына енетін тұрақты өкілдерін тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |