Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз



бет13/21
Дата11.12.2023
өлшемі63,51 Kb.
#196303
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
5- 10 сынып сор

Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет менің түсінігім бойынша біздің денсаулығымыздың және тазалығымыздың кепілі. Тұрып жатқан қаламыздың таза әрі әдемі болғанын бәріміз қалаймыз. Бірақ, өкінішке орай қала тұрғындарының әрекетінен, "қаламызды таза ұстайық" деген бос сөздері көп айтылып жатады. "Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болады" дегендей қаламызда апта сайын сенбілік өткізіліп тұрса да, артынша қоқыстардың қайта шашылып жатқанын көреміз. Қоршаған ортаның ластануының барлығына адамдардың мәдениеті мен сана сезімінің төмендігі басты себепші болып отыр. Турасын айтқанда адамзаттың жауапсыздығы, салғырттығы. Тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына қатысты. Кейбір тұрғындар барлығын мемлекеттік органдар жасауға тиіс деген пікірді қалыптастыра отырып, балаларына да сондай тәрбие береді. Әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Өздері тазалайды деген пікірден аулақ болып, қолынан келетін шаруаны тындыра салса, бұл тәрбиелеп отырған ұл-қыздарына да үлгі болады. Әр тұрғын өзінің тұратын үй-жайының айналасын таза ұстап, артық қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, қаламыздың таза әрі көрікті мекенге айналуына кішкене болса да үлес қосар едік.Тазалық сақтамау түрлі сырқаттарға әкеледі. Қаншама микроб ауа арқылы денсаулыққа зиян келтіреді. Қорытындылай келе өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған ортаның тазалығына аса мән беріп, назар аударайық. Жүректерінде табиғатқа деген мейірімділік, қамқорлық сезімдерін ояту әрбір азаматтың борышы. Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған қаламызды аялап, қадірлеуді білсек жеткілікті.
/ Интернет беттерінен, авт. Анесова Аяжан.. /
1 Мәтін бойынша кестені толтырыңыз

Тақырыбы

Идеясы

Стиль

Жанр












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет