Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз



бет11/21
Дата11.12.2023
өлшемі63,51 Kb.
#196303
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
5- 10 сынып сор
Документ макала (1)
3. Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ құрастыруда сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз. Мәтін
Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер мамандығына сұраныс төмендейді. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады. Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын – 3D принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3D принтерлер құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады. Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді. Мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


10 сынып
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
ІІІ нұсқа
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма 1.
Мәтінді оқып, тұтынушы үшін кездескен мәселелер тізбегін атаңыз.
Сатушы үшін заңды білмеу тиімді ме?

Мөлдір Әбдірайымованың Астана қаласындағы тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер желісінің бірінен сатып алған шаңсорғышты қайтара алмай жүргеніне бір ай болды. – Сатып алғаннан соң үш күннен кейін қорапты ашып, шаңсорғышты қолданайын десем, шаңды артқы жағынан шашады екен. Ертесінде тауарды дүкенге апарғанымда, сатушы шаңсорғышты тексеріп, ақауды көрді. Алайда ауыстырып беруден және техниканы қайтып алудан бас тартты. «Бізге сервис орталығының тұжырымдамасы керек» деп, маған акт толтыртып, тауарды алып қалды, – дейді Мөлдір. Жаңа шаңсорғыштың фильтрі пайдасыз болып шықты. Мөлдірге бір аптадан кейін сервис орталығынан хабарласып, шаңсорғышты алып кетуге болатынын айтты. – Сізге жаңа фильтр қою керек, – деді мамандар. Бірақ ол да болмай шықты. Қайта телефон шалып едім, «фильтрді жуып салыңыз» деді. Онысы да болмады, – дейді Мөлдір. Айтуынша, проблеманы көрсету үшін үйге шақырған сервис орталығының маманы: «сізге жаңа фильтр алу керек», – деп кетіп қалған. Мәселені соңына жеткізу үшін, Мөлдір дүкен директорының орынбасарымен бірге шаңсорғышты сервис орталығына қайта апарған. – Бізден техниканы зауытқа жібереміз деп алып қалған. Бірақ үш-төрт күннен кейін тағы хабарласып, акт толтырылды. Техниканы дүкенге апарып, ауыстыруыңызға болады деді. Барып едім, мүлдем басқа актіге қол қоюды сұрады. Ол жерде «кепілдік шарты бұзылды, шаңсорғыш жұмыс істеп тұр» деп жазылған. Мен оған қол қоюдан бас тартып, келіспейтінімді айттым. Ақыры маған бұл жұмысты қарастыруға арнайы менеджер тағайындайтын болды, – дейді Мөлдір, – Мені алаңдататыны шаңсорғыш және оның құны емес, өз құқымның бұзылуы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет