7
Қозғалысқа есептер;
Жұмыс пен еңбек ӛнімділігіне есептер;
Концентрация мен пайыздық мазмұнды есептер;
Арифметикалық амалдар
компоненттері арасындағы
байланысқа есептер;
Пайыздық есептер.
Математикада мектеп деңгейінде қарастырылмайтын ерітінді,
қоспаларды анықтау есептері кездеседі. Сонымен қатар бұл
есептер химия, физика сабақтарында да кездеседі және
күнделікті ӛмірде де практикалық мәні бар.
Мысалы, консервілеу кезінде маринад дайындау, тұсқағазға
арналған
желім дайындау, үйдің іргетасына цемент ерітіндісін
әзірлеу, тамақ әзірлеуге сірке су қышқылын дайындау және
әртүрлі құрамды ерітінді әзірлеу.
Осындай есептер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,
білімдерін жетілдіру тұрғысынан жақсы құрал боп табылады.
Оқушыларды дайындау әдістерінің бірі болып ерітінділер,
қоспаларға арналған есептерді шығару жолдары (әдістері,
алгоритмі) қарастырылады. Бұл жағдайда оқушы тек ӛзі ғана есеп
шығаруды үйреніп қоймай сыныптастарына да үйрете алады.
Адам ӛмірінде әртүрлі
сұйықтарды, ұнтақтарды, газ
тәріздес және қатты заттарды араластыру немесе қандай да бір
затты сумен араластыру қажеттілігі жиі болады.
Мұндай есептерде кӛбіне кӛп ойша шығаруға тура келді.
Ерітінділер мен қоспаларға арналған мәтіндік есептер негізгі
мектеп курсындағы математикадан қорытынды аттестациялауға
дайындыққа арналған есептер жинағы
құрамына сонымен бірге
ЖОО-на әзірлік нұсқаларына енгізілген. Есептердің шарттарын
жақсы түсіну үшін тӛмендегідей түсініктерді білу қажет:
Барлық алынатын қоспалар мен ерітінділер біртекті.
Есеп шығару кезінде бірнеше заттың қоспаларының
массасы қоспаның құрама бӛліктерінің қосындысына тең.
Пайыз – кез келген заттың жүзден бір бӛлігі.
Нысанның ӛнімділігі – жұмыстың жылдамдығы.
Қоспаның пайыздық құрамы (концентрациясы) деп оның
массасының қоспаның жалпы массасына қатынасы
айтылады. Бұл ерітіндінің құрамында заттың қанша мӛлшері
бар екендігін кӛрсетеді.
8
Бұл қатынас бӛлшек түрінде немесе пайыз түрінде
кӛрсетілуі мүмкін.
Қоспаны
құрайтын
барлық
құрамдас
бӛліктерінің
концентрациясы бірге тең.
Қоспалар мен құймаларға арналған есептер негізгі екі түрде
болады:
Достарыңызбен бөлісу: