«Мәтінді есептерді шығарудың тиімді жолдары»



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата23.08.2024
өлшемі0,68 Mb.
#203741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
М т¦нд¦ есептерд¦ шы аруды ти¦мд¦ жолдары

1.
 
Белгілі бір массалы қандайда бір зат концентрациясы бар екі 
қоспаны қосып жібереді. Пайда болған жаңа қоспадағы 
заттың массасы мен концентрациясын анықтау керек.
2.
 
Қандай да бір зат концентрациясы бар ерітіндіге мысалы, 
таза су қосады (осы заттың нӛлдік концентрациясымен). Зат 
концентрациясының қандай болатынын анықтау керек. 
Нақтырақ айтқанда шешуін шығару жолына мұның айтарлықтай 
ӛзгешелігі жоқ. Екінші жағдайда да біз екі қоспаны 
араластырамыз, тек біреуінде зат концентрациясы кӛбірек.
Ерітінділер мен қоспаларға арналған есептерді шешу барысында 
үш түрге бӛледі:

Құрамын (концентрация) анықтау; 

Қоспадағы таза заттың мӛлшерін анықтау; 

Қоспаның массасын анықтау. 
Мәтінді есептерді шығарудың тӛмендегідей әдістері бар: 

Кесте кӛмегімен; 

Сызба (схема) кӛмегімен; 

Кӛне арифметикалық әдіспен; 

Алгебралық әдіспен; 

Графикалық әдіспен; 

Есептеу формуласы кӛмегімен. 

Квадрат әдісімен; 

Тең шамалы тікбұрыштардың аудандарын теңестіру арқылы 

Үш затқа арналған Л.Ф.Магницкийдің әдісі арқылы 

Диагональдық әдіс 
Ерітінділер мен қоспаларға есептерді шығару алгоритмін оқушы 
жақсы білуі тиіс. 
Ерітінділер мен қоспаларға есептерді шығару алгоритмі: 

Есеп шартын зерттеу; 

Белгісіз шаманы таңдап алу (оны әріппен белгілеу); 

Шамалардың арасындағы ӛзара байланысты анықтау; 




Есептің математикалық моделін жасап (есептің шығару 
жолын таңдау, белгісіз шамаға қатысты теңдік немесе 
теңдеу құру) және оны шығару. 
Ал қарастырып отырған концентрацияға және пайыздық 
құрамдарға берілген есептер жалпы білім беретін мектеп 
оқушыларына ол есептермен алғашқы танысу барысында
кӛптеген қиындықтар туғызады. Ол есептерді ӛздігінен шешу кӛп 
оқушылардың қолынан келе бермейді. Тәжірибелік маңызы зор 
болып келетін бұл есептер оқушылардың ойлау қабілетін 
дамытуда кӛп септігін тигізетіні сӛзсіз.
Бұл есептерді бірнеше жолмен шығаруға болады. Бұл әдістемелік 
нұсқауда сол әдістерге шолу жасап, тоқталғым келді.Ерітінділер 
мен қоспаларға арналған мәтінді есептерді шығару үшін, 
алдымен пайыздық мӛлшер, концентрация, пайыздық ерітінді 
ұғымдарын жақсы түсіну қажет. Сондықтан мына ережені 
естеріне ұстаған жӛн.
Ереже 1
. Пайызы бойынша санды табу үшін, пайызды бӛлшек 
түрінде жазып, содан кейін санды осы бӛлшекке бӛлу керек.
Пайыздық мӛлшер, концентрация, пайыздық ерітіндіге мысалдар 
қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет