Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет139/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
 
Несиені жабудың жолдары
 
Тең үлеспен жабу. Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз алған несиені жабу сандарына 
байланысты  бөле  отырып,  несие  жабу  бағаңыз  анықталады.  Проценттер  несиенің  қалған 
сомасына 
есептеледі.  
Мерзім соңында жабу  Мұның басты ерекшелігі несиенің барлық өтемін мерзім соңында жабу 
болып табылады.  
Аннуитетті  несие.  Бұл  несиенің  ерекшелігі  несие  өтемдері  жабу  мерзімінде  өзгеріссіз 
қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу). 
 
 
4.
 
Жалпы тепе-теңдік  және экономикалық тиімділік. 
 
Жеке  салалық  нарықта  қалыптасқан  тепе-теңдікті  жеке  тепе-теңдік  деп  атайды.  Ал 
барлық нарықтарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын жалпы тепе-теңдік деп атайды. 
Жалпы нарықтық тепе-теңдік – бұл барлық тауарлық топтар бойынша нарықтардың бір 
уақытта  тепе-теңдікке  жетуін  және  экономикадағы  барлық  субъектілердің  шектеулі  ресурстар 
жағдайында өз мақсаттарын арттыруды сипаттайтын экономикалық жүйенің жағдайы. 
Жалпы  тепе-теңдік  теориясы  бәсеке  жағдайында  экономикалық  ресурстардың  тиімді 
бөлінуіне және экономикалық субъектілердің өз мақсаттарын жүзеге асыруларына негіз болып 
табылады. 
Жалпы  тепе-теңдікті  талдау  кезінде  бәсеке  жағдайында  барлық  нарықтар  (игіліктер 
нарығы  мен  ресурстар  нарығы)  өзара  тығыз  байланысады  және  өзара  әрекеттеседі.  Бұл 
нарықтар бір – бірімен кері байланыста жұмыс істейді. 
Ресурстарды  тиімді  қолдану  -  сол  ресурстарды  тиімді  пайдалану  жолында  ең  жақсы 
нәтижеге  жету,  сонымен  қатар,  ешқандай  мүмкіндікті  жіберіп  алмау  және  ешқандай  пайданы 
жоғалтпау. 
Парето бойынша тиімділік орын алу үшін нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші 
бір  субъектінің  жағдайын  төмендетпей  жақсарта  алмағанда  ресурстар  мүмкіндігінше  тиімді 
бөлінуі тиіс. 


Әл-ауқаттылық  экономикасы  экономикалық  оптимум  моделін  жасаумен  және 
экономикалық  жүйенің  тиімділігі  мен  ресурстарды  тиімді  бөлудің  әділеттілігі  арасындағы 
арақатынастың мәселелерін шешумен айналысады. 
Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдауда «Эджуорт қорабы» моделі қолданылады. Ол 
тұтынудағы айырбас тиімділігін және өндірістегі ресурстарды бөлудің тиімділігін анықтау үшін 
қолданылады. 
Қоғамның  әл-ауқаттылығын  максималдайтын  тиімді  бөлініс  қоғамдық  талғамсыздық 
қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады. 
Қоғамның  әл-ауқаттылығының  тиімділігін  максималдау  кезінде  нарықтық  механизм 
ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете алады, бірақ тиімді бөлінудің әділеттілігін есепке 
алмайды.  Сондықтан  да,  әлеуметтік  әділеттілік  мәселесі  қоғамның  қабылдайтын  шешімдеріне 
және әділеттілік туралы сипаттамаларға тәуелді болып табылады. 
Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін бірнеше сипаттамалар қолданылады:  а) 
әділеттіліктің  эгалитарлық  сипаттамасы  қоғамның  барлық  мүшелеріне  игіліктердің  бірдей 
теңестіріліп бөлінуіне негізделеді, бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді; ә) 
әділеттіліктің  роулсиандық  сипаттамасы  қоғамның  ең  аз  қамтылған  мүшелерінің  әл-
ауқаттылығын  жоғарылату  кезіндегі  игіліктердің  бөлінуін  әділетті  деп  санайды.  Бұл  бағыт 
қоғамның  кедей  топтарының  әл-ауқаттылығын  көтеруді  қарастырады;  б)  әділеттіліктің 
утилитарлық  сипаттамасы  қоғамның  әл-ауқаттылығына  тән  байланыстарды  көрсете  отырып, 
қоғамның  барлық  мүшелерінің  жиынтық  әл-ауқаттылығын  арттыруды  қамтамасыз  ететін  кез-
келген бөлуді әділетті деп санайды; в) әділеттіліктің нарықтың сипаттамасы әділеттілікті нарық 
орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады дегенге негізделеді. 
Экономикадағы  жалпы  оптималдылық  жағдайды  көрсету  үшін  нарықтағы  барлық 
тұтынушылар  мен  өндірушілердің  алмастырудың  шекті  нормасы  мен  өндіріс  факторларын 
технологиялық  алмастырудың  шекті  нормалары  теңестірілу  қажет.  Бұл  барлық  қоғамның  әл-
ауқаттылығын нақты оптималды деңгейге жеткізетін «бірінші ең жақсы бөлу
»
деп аталады. 
Жетілмеген  бәсеке  жағдайында  да  игіліктердің  тиімді  бөліну  шарты  мен  қоғамның  әл-
ауқаттылығын жақсарту  мәселесі  орын алу қажет. Оны квазиоптимум, яғни  «екінші  ең жақсы 
бөлу»  принципі  жүзеге  асырады.  Квазиоптимум  принципі  бір  нарықтағы  бәсекелі  тепе-
теңдіктен  бас  тарту  арқылы  басқа  нарықтағы  өндіру  мен  бөлу  тиімділігін  қалпына  келтіруге 
көмектеседі. 
Қорытынды
 
1.  Жалпы  экономикалық  тепе-теңдік  моделінің  көмегімен  нарықтық  жүйедегі  барлық 
нарықтардың  өзара  байланыстылығы  мен  әрекеттілігі  зерттеледі.  Нарықтар  вертикалды  түрде 
байланысуы мүмкін, яғни, бір саланың өнімі басқа сала үшін өндіріс ресурсы болып табылса, 
сондай-ақ,  нарықтар  горизонталды  түрде  байланысуы  мүмкін,  егер  бір  саланың  өнімі  басқа 
саланың өнімін тұтыну кезінде ауыстырса немесе толықтырса. Мұндай әрекет етудің түрін кері 
байланыс әсері деп атайды. 
2. Кері байланыс әсері – жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен 
ұсыныстың)  өзгеруі  басқа  бір  нарықтағы  тепе-теңдікті  бұзуы,  ал  ол  нарық  өз  кезегінде  жаңа 
тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді. 
Осыған байланысты, бір нарықтағы жағдайдың өзгеруі екінші бір нарықтағы баға мен өндіріс 
көлеміне әсер етуі және ол жағдайдың керісінше орын алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет