Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет142/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro
structural-analysis-of-the-work-of-zhusup-balasagun-kutadgu-bilig
2.
 
Ақпараттың  симметриялық  еместік  мәселесі  көбінесе  нарықтық  белгілердің  көмегімен 
шешіледі.  Нарықтық  белгілер  –  тауар  сапасы  жөнінде  сатушыларға  сатып  алушыларды  ақпараттау 
мүмкіндігін  беретін  белгіленген  механизмдер.  Нарықтық  белгілердің  әрекетін  көрсету  үшін  еңбек 
нарығының  мысалын  алайық.  Фирма  2  қызметкерді  жалдағалы  тұр  дейік.  Ақпараттың  симметриялық 
еместігі:  еңбек  сатушыларының  еңбектің  сапасы  жөнінде  мәліметі  көбірек,  сатып  алушыларға 
қарағанда, (олар қандай дағдыларға ие екендігін, іскерлігі және т.б. сипаттарын жақсы біледі), ал жұмыс 
беруші  бұның  бәрін  белгіленген  уақыттан  кейін  ғана  біледі.  Жұмыс  беруші  фирма  (бастық)  жанағы 
келген  қызметкерлер  жөнінде,  яғни  олардың  «сапасы»  жөнінде  нарықтық  белгілерді  алғысы  келеді. 
Жетекші белгілерді маңызды мен қосымшаларға бөледі. Сыртқы түр белгісі (есептелсе де) ең маңызды 
емес  (нашар  қызметкер  де  кейде  сыртқы  түрімен,  келбетімен  жақсы  әсер  қалдырады).  Ең  маңызды 
белгі  –  қызметкердің  білімі  мен  оның  жұмыс  тәжірибесі.  Дәл  осы  белгілер  нәтижелі  жұмыстың  кепілі 
ретінде қаралады.  
Енді  осы  мысалды  белгілердің  қарапайым  үлгісі  негізінде  қарайық.  Ол  үшін  барлық 
қызметкерлерді 2 топқа бөлейік: төмен қабілетті қызметкерлер немесе төмен нәтижелі (олардың 
орташа  және  шекті  өнімділігі  =  1  тең);  жоғары  қабілетті  немесе  жоғары  нәтижелі  (олардың 
орташа  және  шекті  өнімділігі  2  тең).  Осы  2  топ  қызметкерлер  бәсекелес  фирмаға  жұмысқа 
жалданады.  Фирма  өндірісінің  көлемі  10000  долларға  тең.  Жаңағы  қызметкерлер,  орташа 
алғанда,  10  жыл  қызмет  істейді  деп  ұйғарылған.  Үміткерлердің  орташа  еңбек  өнімділігін 
есептейік: (1+2)/2 = 1,5, әр топтан күтілетін табыс: 
10000 доллар∙10 жылға = 100000; 
20000 доллар∙10 жылға = 200000. 


Егер  фирмалар  қызметкерлерді  еңбек  өнімділігі  бойынша  теңестірсе,  1  топтың  1  жылғы 
жалақысы  100000  доллар,  2  топтың  1  жылғы  жалақысы  200000  доллар  құраушы  еді. 
Ақпараттың  симметриялық  емес  жағдайында  фирмалар  қызметкерлерді  жіктей  алмайды, 
сондықтан  олар  орташа  өнімділік  негізінде  15000  доллар  құрайтын  жалақыны  белгілейді. 
Нәтижесінде, жоғары нәтижелі қызметкерлер, төмен нәтижелілермен салыстырғанда, нашарлау 
жағдайда  болады.  Автомобильдермен  келтірілген  мысалдағы  сияқты  ақпарат  симметриялық 
еместігі  тәуір  қызметкерлердің  мүдделеріне  шек  қояды.  Сондықтан,  олар  жұмыс  берушілерге 
өздерінің  нәтижелілігі  жөнінде  (білім  туралы  белгілерді)  беруге  тырысады.  Қызметкердің 
білімін  сипаттайтын  көрсеткіштерді  (алынған  дәрежелер,  дипломдағы  бағалар  және  т.б.)  бір 
жерде  жинақтап,  оқу  орнында  оқыған  жылдарын  Yдеп  белгілейік.  Білім  алу  процесі  (үдерісі) 
белгілі  шығындармен  байланысты,  бұл  шығындардың  жартысы  әр  қабілетті  адамдар  үшін  әр 
түрлі  (төмен  қабілетті  адамдарға  білім  алу  қиынға  түседі).  Оқуға  деген  қабілеттілік  және 
жұмысқа  деген  қабілеттілік  өзара  тығыз  байланыста.  Себебі:  төмен  қабілетті  адамдар  жұмыс 
процесінде  (үдерісінде)  оқуда  сияқты,  көп  қиындық  көреді,  олар  қойған  талаптарға  сай  болу 
үшін, көп еңбектену керек. 1 топта  Y жылдарға тең кезеңде білім алуға шыққан шығындар С1 
=  40000  доллар∙Y  құрайды,  2  топта  –  20000  доллар∙Y.  Бұл  шығындар  уақыт  өткеннен  соң 
жалақы түрінде табыс әкеледі. Оны В(Y) деп белгілейік. Жалақы 20000 доллар деңгейінде 2 топ 
үшін, 10000 доллар деңгейінде – 1 топ үшін дейік. Онда В(Y) алғашқы маңызы 100000 долларға 
тең  –  бұл  білім  алмаған  адам  10  жылғы  жұмыс  үшін  алатын  табысы.  Білім  деңгейін 
толықтырғаннан  кейін  (2  топқа  кіруге  жеткілікті  деңгей),  В(Y)  маңызы  20000  долларға  дейін 
және  одан  да  жоғары  көтеріледі.  Бұл  білім  деңгейін  Y*  деп  белгілейік.  Біздің  мақсат: 
қызметкердің  шығындарын  азайтып,  оның  табысын  көбейтетін  білім  деңгейін  табу.  Оңтайлы 
білім  деңгейін  таңдауын  біз  нөлдік  деңгейі  мен  Y*  деңгей  араларында  жасаймыз.  Оңтайлы 
білім  деңгейін  таңдағанда,  жеке  адам  білімнен  алатын  пайдаларды  сол  білімді  алуға  кететін 
шығындармен  салыстырады.  Екі  топ  үшін  пайда  100000  доллардан  құрайды.  1-ші  топтың 
шығындары  40000  долларға  тең,  2-ші  топтың  шығындары  –  20000  доллар.  Егер 
100000<40000∙Y*, яғни Y*>2,5 болса, 1 топтың өкілдері білім алудан бас тартады. Сәйкес, 2-ші 
топтың  өкілдері  білімді  Y*  деңгейінде  алады,  егер  100000>20000∙Y*,  яғни  Y*<5.  сонымен, 
білімнің  тепе-теңдік  деңгейі  –  2,5  –  5  дейінгі  жоғары  болған  қызметкерге  фирма  жоғарылау 
жалақы  белгілеуге  тиісті.  Белгілер  сатушыларға  ақпараттық  симметриялық  еместік  мәселесін 
шешуге  көмектеседі:  білім  алған  жөніндегі  диплом  (оңтайлы  деңгейге  сәйкес  білім).  Жұмыс 
өнімділігі жоғары қызметкерлер сәйкес жалақы да алады. Тәжірибеде кең қолданатын белгілер 
– кепілдемелер мен кепілдіктер. Ұзақ пайдаланатын тауарлардың көптеген өндіруші фирмалары 
(тұрмыстық  және  басқа  техниканың)  кепілдемелер  мен  кепілдіктерді  сатып  алушыларға  осы 
тауарлардың жоғары сапасы жөнінде ақпарат беретін белгілер ретінде пайдаланады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет