27
ескерумен таңдалады. Мәселе оның эмоционалдық күйінің аясында
жатқанында (алаңдаушылық, қорқыныштар, күйзеліс күйі), ең алдымен,
психологиялық-терапевтикалық ықпал көрсету әдістерімен жұмыс жүргізу
қажет. Егер қорқыныштарында қоршаған адамдардың
балаға деген қарсылық
қатынасы түрінде шынайы негіз болса, онда әлеуметпен (мысалы, ата-
аналарымен немесе мұғалімімен) осы көзқарасты өзгерту бойынша, сонымен
бір уақытта баланың жауап қату түрін өзгерту бойынша жұмыс қажет. Егер
баланың қорқыныш сезімі ерте балалық
шағындағы бұрмаланулармен
байланысты болса (отбасындағы қиыншылықтар, психологиялық жарақаттар,
аурулары және т.б.), онда оның нәтижесі ретінде баланың жауап қату амалын
анықтайтын оның жалпы беталысы ретіндегі сенімсіздігі шығады. Оны өзгерту
де психологиялық терапияның әдістерімен орындалады.
Тұтас алғанда, күйзеліс күйі даму ресурсының болмауымен, яғни баланың
когнитивтік және жеке өсуіне дайынсыздығымен сипатталады. Күйзеліс
күйінен шығу балада осы ресурсты бара-бара «өсірумен» байланысты болуы
тиіс, бұл да өз кезегінде психологиялық-терпаветикалық
міндет болып
табылады [21].
Егер мәселе әлеуметтік дағдылардың жете қалыптаспауымен және қатынас
құрудағы қиыншылықтармен байланысты болса, онда коммуникативтік
әлеуметтік-психологиялық тренингтің элементтері қолданылады.
Осылайша, қиын өмірлік жағдайға түскен балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу білім беру үдерісінің
барлық қатысушыларына
бағытталған: балаға, ата-аналарына (заңды өкілдеріне), педагогтерге. Білім беру
мекемесінің жағдайында ұйымдастырудың негізгі нұсқасы ретінде
психологиялық-педагогикалық консилиум шығады. Сүйемелдеудің табысты
болуы, көп жағдайда, білім беру мекемесіндегі бала-ата-аналары-мұғалім өзара
әрекеттестігін қамтамасыз ететін психологтің кәсіби құзыреттілігі деңгейіне
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: