Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


  Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)

2 
Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі 
бар балаларды педагогикалық қолдау 
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен 
қатар, балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол 
балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету 
проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап 
көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір 
құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді [12].
 
Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын 
белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның 
өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық 
көмек көрсету ретінде қолданған [13]. 
М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның 
табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы 
кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды [14]. 
«Әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына көшпес бұрын 
«әлеуметтік» және «педагогикалық» қолдау түсініктеріне анықтама беруді жөн 
деп санаймыз.
И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта 
болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін 
көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда 
болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар 
арқылы көрініс табады» деп есептейді [15].
Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын 
институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге 
асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. педагогикалық 
қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы, 
баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі 
ретінде қарастырылады.
Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу, 
соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке 
қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді [16
]

«
Қолдау», «әлеуметтік 
қолдау» 
және 
«педагогикалық 
қолдау»терминдерінің негізгі анықтамаларын зерттей келе біз «әлеуметтік-
педагогикалық қолдау» түсінігінің мазмұнына талдау жасай аламыз.
Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның 
отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың 
шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен 
жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және 
медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін 
мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік 
әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер 
жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді 


15 
бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық 
аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді [17]. 
Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім 
беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір 
даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің 
ерекше түрі деп атады. [18]. 
Әлеуметтік-педагогикалық қолдау анықтамасына берілген тәсілдемелерді 
талдай және олардың ортақ сипаттарын бөле отырып, келесі анықтаманы 
шығаруға болады: әлеуметтік-педагогикалық қолдау – бұл баланың қоғаммен 
өзара әрекеттестігі жағдайында баланы психологиялық дамыту және нәтижелі 
оқыту үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған 
маманның кәсіби әрекетінің белгілі бір жүйесі. 
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде қолдаудың әр түрлі модельдері 
әзірленіп, оның инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Оған психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік орталықтар, мектептегі қолдау 
қызметтері, кәсіптік бағдарлау орталықтары, психологиялық-педагогикалық 
қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдаудың ресурстық орталықтары
психологиялық-медициналық-педагогикалық 
консультациялар, 
сенім 
кабинеттері және т.с.с. жатады.
Қиын жағдайдағы баланың дамуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау 
қарым-қатынастарды қолдау, яғни оларды дамыту, түзету, қалпына келтіру 
ретінде қарастырылуы мүмкін. Қазіргі таңда «әлеуметтік-педагогикалық 
қолдау» түсінігі кеңінен қолданылады. Әлеуметтік-педагогикалық қолдау 
туралы түсінік баланы психологиялық дамыту мен нәтижелі оқыту үшін 
әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған әлеуметтік 
педагогтың кәсіптік әрекетінің жүйесі ретінде мәнге ие [19].
Бұндай әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты баланың жасына 
сай қалыпты дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл әлеуметтік-
педагогикалық қолдау бойынша маман тек диагностика, кеңес беру, түзету 
әдістерін меңгеріп қан қоймай, проблемалы жағдайларды жүйелі талдау, 
оларды шешуге бағытталған әрекеттерді бағдарламалау және жоспарлау 
қабілеті болу керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет