Методические рекомендации Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата06.02.2022
өлшемі5,14 Mb.
#80686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1493900839314 (1)

Орта білімге қолжетімділік құқығы 
Қазақстанда орта білімге қол жеткізу құқығы 2,7 мыңнан астам 
балаларды қамтитын 7 511 мектептерде жүзеге асырылады. Олардың арасында 
7160 
мектеп (3 161 шағын жинақты мектептерді қоса алғанда ) - жалпы білім 
беретін мемлекеттік күндізгі мектептер, 111 – жекеменшік мектептер, 11 – 



халықаралық мектептер, 20 – Назарбаев Зияткерлік мектептері, 100- мүмкіндігі 
шектеулі балаларға арналған арнайы мектептер.
Орта білім алуда денсаулығына немесе әлеуметтік-экономикалық 
факторларға байланысты уақытша немесе тұрақты қиындықтарға тап болған 
адамдар үшін 79 кешкі мектептер жұмыс жасайды, оның 32 түзету 
мекемелерінің жанында, 7 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған, 
оларда 14 288 оқушы білім алады.
Тұтас алып қарағанда, 7160 жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі 
мектептердің:

3777 оқыту қазақ тіліндегі мектептерінде және аралас тілді 
мектептердегі қазақ сыныптарында 792 223 оқушы; 

1262 оқыту орыс тіліндегі мектептерінде және аралас тілді 
мектептердегі орыс сыныптарында - 832 173 оқушы; 

2088 оқыту қазақ және орыс тілдеріндегі аралас мектептерінде;

16 оқыту өзбек тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі 
өзбек сыныптарында 80 655 оқушы; 

13 оқыту ұйғыр тіліндегі мектептерінде және аралас тілді 
мектептердегі ұйғыр сыныптарында 15 067 оқушы; 

4 оқыту тәжік тіліндегі мектептерінде және аралас тілді мектептердегі 
тәжік сыныптарында 4 009 оқушы қамтылған. 
Инклюзивті білім беру даму үстінде – мектепке дейінгі және орта білім 
алу үшін, даму бұзылыстарын түзету және әлеуметтік бейімдеу үшін, сапалы 
білімге деген қолжетімімдікті барлық балалар үшін: денсаулығында 
қиындықтары бар (мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар); қоғамға әлеуметтік 
бейімделуде қиындықтары бар (девиантты мінез-құлқы бар, әлеметтік-
экономикалық және әлеуметтік- психологиялық статустары төмен); қамтамасыз 
ету мақсатында жағдайлар жасалуда.
Мигрант, оралман, босқын статусы бар отбасыларының (6 мыңнан астам, 
оның ішінде 889- мектепке дейінгі жастағы, 5358 мектеп жасындағы балалар) 
балаларына, 24 725 оқушы-репатрианттарға, мектептері жоқ 1523 елді 
мекендерде тұратын 27 363 балаларға білім алуға мүмкіндік қамтамасыз етіліп 
отыр.
Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен 
азаматтығы жоқ адамдар үшін де білім алуға деген конституциялық құқығы 
қарастырылған.
Шетелдік азаматтардың балаларын мектепке қабылдау Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі 
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және 
азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы 
орта білім алу ережесін бекіту туралы" №468 Бұйрығына сәкес жүзеге 
асырылады.
Білім беру ұйымдарының есебіне қарағанда республиканың жалпы білім 
беретін мектептерінде басқа елдерден келген 20 655 оқушы (2012 жылы -14 374 
оқушы) білім алады.



Мигрант балалардың басым бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, 
Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының және Алматы қаласының 
мектептерінде оқиды.
Республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында 11 546 оралман 
балалар оқиды (2012 жылы 14 950 бала). Олардың 4 734 - бастауыш 
мектептерде, 5 306 – негізгі, 1 503 - жалпы білім беретін мектептердің жоғары 
деңгейлерінде оқиды, 3-уі бала кезінен мүгедектер..
Оралман балалардың басым бөлігі, Алматы қ.– 3 218, Шығыс Қазақстан
облысында – 1 809, Жамбыл облысында – 1 689, Оңтүстік Қазақстан облысында 
– 1 
527, Ақтөбе облыстарында – 1 078 оқушы білім алуда. Облыстық, Астана 
және Алматы қ.қ. білім басқармаларының деректері бойынша 3 мүгедек 
балалардан басқа, барлық балалар (11 543 бала) білім берумен қамтылған.
Республикада аз ұлттардың балаларына ана тілдерін оқыту үшін де 
жағдайлар жасалған.
Білім беру ұйымдарында негізгі талаптардың бірі – аз ұлттардың өз ана 
тілдерін оқып-үйрену құқығын жүзеге асыру орындалады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері 
бойынша республикада 2013/2014 оқу жылында келесі мектептер жұмыс 
жасады: 57– оқыту өзбек тіліндегі мектептер (2012 жылы 60 мектеп); 14– 
оқыту ұйғыр тіліндегі мектептер (2012 жылы 14 мектеп); 2– оқыту тәжік 
тіліндегі мектептер (2012 жылы 2 мектеп). Өзбек тілінде 78 325 (2012 жылы 
77 
082 ) , ұйғыр тілінде 14 396 (2012 жылы 14 364) оқушы білім алады. Тәжік 
тілінде 4 834 (2012 жылы 3 893) оқушы білім алуын жалғастыруда.
Бұл аталғандардан басқа, республика көлемінде өзбек тіліндегі 
сыныптары бар 91 (2012 жылы 79) , ұйғыр тіліндегі сыныптары бар 48 (2012 
жылы 49), тәжік тіліндегі сыныптары бар 9 (2012 жылы 10) аралас тілді 
мектептер жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет