оқушымен жұмыс жоспары
(мысалы, «баланың жанында отырмын; өзі ынта білдіргенде – мақтаймын»)
және оқушының жеке білім беру бағдарламасы (ЖББ), ол баламен бірге
әзірленеді. Бұл құжат оқушыға және оның ата-аналарына оқу процесінің
мақсаттары мен міндеттерін (ол неге және неліктен оқитынын) нақтырақ
түсінуге көмектеседі, сондықтан бала мен ата-ана үшін түсінікті қарапайым
тілде жазылуы, мысалы, кесте түрінде берілуі тиіс.
Беларусь Республикасында адам мен қоғамның дамуы үшін жағдай
жасайтын әлеуметтік жүйе ретінде білім берудің жаңа құндылықтарын
мойындау интеграция процестерін дамытуға ықпал етті. «Балалардың
құқықтары туралы» Беларусь Республикасының Заңында мемлекет қабылдап
жатқан іс-әрекеттердің негізгі бағыттары айқындалған: мүгедек балаларға,
ақыл-ой кемістігі немесе физикалық дамуында кемістік бар балаларға тегін
медициналық, дефектологиялық және психологиялық көмек көрсету
кепілдіктерін қамтамасыз ету, ата-аналардың оқу орнын, негізгі және кәсіптік
білім беруді таңдау мүмкіндіктері, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес жұмысқа
орналастыру, әлеуметтік оңалту, қоғам өміріне белсенді қосылуға көмектесу
[21].
1995 жылы елде « Психофизикалық даму ерекшеліктері бар балаларды
кіріктіріп оқыту туралы уақытша ереже » қабылданды, бұл бірыңғай білім беру
кеңістігін құру, олардың оқшаулануын жеңу және әдеттегі балалармен бірге
оқуын ұйымдастыру үшін алғышарт болып табылды.
33
Беларусь Республикасында мемлекеттік деңгейде мектеп жасындағы
балаларды кіріктіріп оқытудың үш формасы айқындалған.
1) Жалпы білім беретін мектептердің жанындағы арнайы сыныптар.
Толықтырылуы – әр санаттағы балалар үшін белгіленген сыныптағы
оқушылардың нормативтік санына сәйкес 6-12 адам (психофизикалық
дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалар).
2) Интеграцияланған оқыту сыныбы. Толықтырылуы – 20 адам. Сыныпта
дамуында бір санаттағы ауыр бұзылулары бар 3 баладан (естімейтін, көрмейтін,
зердесі бұзылған немесе көптеген бұзылулар) не біртекті, ауыр бұзылулары аз
байқалатын 6 баладан (нашар көретін, нашар еститін, сөйлеу тілі, тірек-
қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған) көп болмауы тиіс. Біртекті емес
бұзылулары бар балалар аз болуы мүмкін: 2-4 адам (ауыр емес бұзылулары бар,
бірақ екі типтен көп емес бұзылулары бар 4 адам). Оларды оқыту үшін мұғалім
мен мұғалім-дефектолог тартылады. Мұғалім-дефектолог негізгі пәндер немесе
осы пәндердің күрделі тақырыптары бойынша дамуында ерекшеліктері бар
балалармен жеке сабақтар өткізеді. Арнайы сыныптар мен кіріктірілген оқыту
сыныптарын құру үшін мектепте білікті мамандардың, қажетті жағдайлардың
және қолайлы ережені қамтамасыз етуге және түзетулік-дамытушылық оқу
процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жабдықтың болуы талап етіледі
[21].
Беларустық мамандардың пікірі бойынша білім беру интеграциясындағы
жеделдік оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік бағыттылығына, баладағы
психофизикалық бұзылудың байқалуын және сипатын есепке алуды дұрыс
ұйымдастыруға байланысты. Бұл ретте кіріктірілген оқытудың психологиялық-
педагогикалық шарттары: дараландыруды, тиімді эмоционалдық негіз құруды,
оқушылардың әлеуметтік өзара іс-қимыл жасасу тәжірибесін жобалауды сақтау
өте маңызды.
Сондай-ақ кіріктірілген оқытуды жүзеге асыратын, басты әрекет етуші
адамдар ретінде жалпы білім беретін мектептің педагогі (мұғалімі, тәрбиешісі)
мен педагог-дефектологтың, педагог пен психологтың, педагогтер мен ата-
аналардың өзара байланысы үлкен мағынаға ие. Қазіргі уақытта Беларусияда
білім беруде кірігудің табыстылығы мен арнайы мектептердің қатар жұмыс
істеу қажеттілігі мойындалады. Арнайы білім беру жүйесінің икемділігін
қамтамасыз ету психофизикалық дамуында ерекшеліктері (ПФДЕ) бар
балалардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін негіз болып
табылады.
Барлық балаларды (оның ішінде психофизикалық дамуында
ерекшеліктері бар балалар) олардың араларындағы айырмашылықтарға
қарамастан, бірыңғай білім беру процесіне қосуды болжайтын, жалпы білім
беруді дамытудың әлемдік тенденциялары Беларусь Республикасының
2006 жылы БҰҰ қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға
қосылуына себепші болды. Бұл халықаралық құжат Конвенцияға қатысушы
мемлекеттердің инклюзивті білім беруді барлық деңгейлерде және оқытуды
өмір бойы қамтамасыз ету міндеттілігін жариялайды, бұл білім беру жүйесін әр
34
баланың жеке қажеттіліктеріне, танымдық мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне
сәйкес икемді трансформациялауды көздейді.
Республикада психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар адамдарға
инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны іске асыру
жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған жоспар іске асырылуда. Максим Танк
атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде (БМПУ) 2016
жылы 1 қыркүйекте арнайы білім беру факультетінің базасында Инклюзивті
білім беру институты ашылған болатын. Институттың міндеті Беларусь
Республикасында инклюзивті және арнайы білім беру саласында
тұжырымдамалық негіздерді әзірлеу және білім беру, ғылыми, оқу-әдістемелік,
практикалық және ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
ЮНИСЕФ бастамасы бойынша және қолдауымен Институттың құрылымында
Республикалық ресурстық инклюзивті білім беру орталығын, ал келешекте –
барлық республика бойынша оның филиалдары желісін құру туралы шешім
қабылданды [22].
Беларусь Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен «Мектепке дейінгі білім
беру
тәрбиешісі»
және
«Тәрбиеші»
лауазымдарының
біліктілік
сипаттамаларына өзгерістер енгізілді. Тәрбиешінің лауазымдық міндеттеріне
көпшілік қабылдаған талаптармен қатар ПФДЕ бар, жеке қолдауға мұқтаж
білім алушылармен жұмыс істеген кезде қажетті міндеттер енгізілді:
«-
аутистикалық бұзылулары бар баланы (бұдан әрі – қолдау көрсетілетін
білім алушы) жеке қолдау шеңберінде оның жеке тұлғасын дамытуға және
білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде бұзылуларды түзеуге
бағытталған педагогикалық қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және
жүзеге асырады;
-
қолдау көрсетілетін баланың жас және жеке мүмкіндіктеріне,
қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес байланыстың әртүрлі технологиялары
мен тәсілдерін пайдаланып, оның қызметін ұйымдастырады, оқу сабақтарының
тәртібі мен режимін сақтауда күн сайын көмек көрсетеді, білім беру процесін
дараландыруды қамтамасыз етеді, оқу сабағында барлық тапсырма түрлерін
орындаған кезде оларға көмектеседі;
-
бейімделген білім беру ортасын құруға қатысады;
-
қолдау көрсетілетін білім алушының құрбыларымен өзара іс-қимыл
жасасуын ұйымдастырады, қолдау көрсетілетін білім алушының мәдени-
көпшілік және спорттық іс-шараларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын
қолдайды және ұйымдастырады, балалар мен жастарға білім берудің қосымша
білім беру бағдарламаларын меңгеруге көмектеседі;
-
аутистикалық көріністермен байланысты мінез-құлық бұзылуларын
бақылауды және түзетуді жүзеге асырады;
-
қолдау көрсетілетін білім алушымен және оның ата-аналарымен (заңды
өкілдерімен) бірлесіп, барлық көмек түрлерінің қолда бар ресурстарын бөледі
және бағалайды, балалар ұжымында әлеуметтік бейімделу процесінің өзгерісін
талқылайды;
35
-
педагогикалық қызметті білім беру мекемесінің педагогикалық,
медициналық және өзге де қызметкерлерімен тығыз байланыста жүзеге
асырады;
-
психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар баланың жағымды
бейнесін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
-
кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады;
-
еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптарды
сақтайды.
Білуі тиіс: Беларусь Республикасының Білім туралы кодексі, білім беру
жүйесінің жұмыс істеу және оны дамыту (оның ішінде өңірде) мәселелері; бала
құқықтары бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік
құжаттар мен материалдар; тәрбиенің бағдарламалық-жоспарлау құжаттамасы;
педагогика, психология, жас ерекшеліктері физиологиясы; дефектология
негіздері; жеке жұмыс кезінде ПФДЕ бар адамдарға түзеу көмегін көрсетудің
әдістемесі мен технологиясы; педагогикалық ғылым мен алдыңғы қатарлы
тәжірибе жетістіктері; еңбек туралы заңнама негіздері; еңбекті қорғау және өрт
қауіпсіздігі бойынша белгіленген талаптар.
Біліктілік талаптары. Гимназияларда гимназия-интернатта, лицейде,
колледжде, кәсіптік-техникалық колледжде, жоғары білім беру мекемелерінде
«Педагогика», «Педагогика. Кәсіби білім» бейіндері бойынша жоғары білім –
жалпы орта, кәсіптік-техникалық, арнайы орта білім берудің білім
бағдарламаларын іске асыру кезінде немесе «Педагогика», «Педагогика. Кәсіби
білім» бейіндері бойынша жоғары (арнайы орта) білім немесе жұмыс өтіліне
талаптар қоймай, «Педагогика», «Педагогика. Кәсіби білім» бейіндері бойынша
жоғары (арнайы орта) білім және қайта дайындықтан өту.
Дербес қолдауға мұқтаж, ПФДЕ бар тәрбиеленушілермен жұмыс
істегенде жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптарына қосымша –
аутистикалық бұзылулары бар балаларға түзеу көмегін көрсету мәселелері
бойынша біліктілікті арттыру қажет [23] .
Сондықтан, елдің педагогикалық қауымдастығы психофизикалық
дамуында ерекшеліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық
қолдау кіріктірілген оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың маңызды бөлігі мен
міндетті шарты деп есептейді. Олардың пікірінше, білім беру мекемесінің
әкімшілігі, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызмет, мұғалімдер,
тәрбиешілер, мұғалім-дефектологтар және балалардың ата-аналары өзара
әрекет жасаған жағдайда ғана психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар
балаға білім беру және әлеуметтік бейімдеу процесін ұйымдастыруда оңтайлы
нәтижеге қол жеткізуге болады [24].
Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық қолдаудың басты
міндеттері мыналар болып табылады: психофизикалық дамуында ерекшеліктері
бар бала үшін білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету, бейімделген білім беру
ортасын құру; барлық білім беру процесіне қатысушылардың психофизикалық
дамуында ерекшеліктері бар балалармен өзара әрекет жасауға дайындығы мен
қабілеттілігін қалыптастыру; психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар
36
балаларды білім беру кеңістігінде белсенді өзара іс-қимыл жасасуға тарту.
Беларусь Республикасында кіріктірілген оқыту мен тәрбие беру
жағдайында психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдауды:
Достарыңызбен бөлісу: |