Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет2/83
Дата21.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#150271
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Кіріспе 
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі принциптерінің бірі инклюзивтілік болып табылады. «Білім 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баптарында барлық деңгейлерде 
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың білім алушыларға тиісті білім 
беру бағдарламаларына, түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қолдауға тең қол 
жетімділігін қарастыратын білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні 
мен принциптері ашылған. 
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік құқықтық 
базасы білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктеріне 
білім беру ортасының бейімделуін қамтамасыз ететін педагогикалық 
тәсілдердің негізінде барлық білім алушылар үшін олардың тұрғылықты 
жерлері бойынша бірдей білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге 
негізделген.
Алғаш рет халықаралық практикаға сәйкес «Білім туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңындағы «дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғалар 
(балалар)» ұғымының орнына «ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар 
(балалар)» жаңа ұғымы енгізілді. Бұл фактінің басты мәні қоғамды ізгілендіру 
көзделген инклюзияның мәніне негізделген 
[
1
]
.
Елімізде жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту процесі функционалдық 
сауаттылық пен кез келген өмірлік жағдаяттарда бәсекеге қабілеттілігін көрсете 
алатын, өзін ұлттық және жалпы адамиқұндылықтарды құрметтейтін тұлғаның 
үйлесімді қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы орта құруға 
бағытталған. Бұл процестер өзіне барлық қоғам мүшелерін жұмылдыруы тиіс 
және жоғары инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру мен дамыту үшін негіз 
бола алады. Барлық қоғамдық құрылымдардың көп еңбекті талап ететін 
жұмысынан және құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, рухани аспектілерден 
тұратын көп қырлы және ұзақ жұмыс екені сөзсіз.
Инклюзивті білім берудің принциптерін іске асыру қарапайым жалпы 
білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды 
әлеуметтік жағдайына, физикалық, эмоционалдық және зияткерлік дамуына 
қарамастан қабылдауы және олардың ерекше қажеттіліктері мен жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық әдістер мен 
тәсілдердің негізінде оларға жағдайлар жасауына байланысты. 
Осыған байланысты, мектептің әкімшілігі мен педагогикалық ұжымы 
мынадай маңызды мәселелерді шешулері қажет, атап айтқанда:
-
барлық білім алушылар үшін барынша қолайлы білім беру ортасын 
құру; 
-
жеке білім беру траекториясын іске асыруда әрбір білім алушыға көмек 
көрсету;
-
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және білім беру 
процесінің барлық қатысушыларының арасында инклюзивтік мәдениетті 
дамыту; 



-
тиімді жеке білім беру бағдарламаларын қалыптастыру. 
Мектепте аталған міндеттерді орындаудың табыстылығы ерекше білім 
беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау жүйесін ұйымдастырудың сапасына 
тікелей байланысты.
Сонымен қатар, жалпы білім беру ортасына «қосу» проблемасы арнайы 
білім беруге шоғырланбағанын, керісінше барлық балалар үшін тиімді білім 
беру процесін ұйымдастыруға бағытталғанын ескеру қажет. Бұдан басқа, 
бүгінгі күні жаппай білім беретін мектеп мұғалімдерінің арасында ерекше 
балалармен жұмысқа қажетті дайындықтың жоқтығы барынша өзекті мәселе 
күйінде қалып отыр. Ол арнайы білім беру саласында педагогтердің кәсіби 
құзыреттіліктерінің жетіспеушілігіне, психологиялық тосқауылдар мен кәсіби 
стереотиптердің болуына байланысты. Сондықтан, мұғалімдерге жан-жақты 
қолдау көрсету маңызды болып табылады. Бұл бағытта шетелдік білім беру 
жүйесінің ерекшеліктері болып табылатын тьютордың (ассистенттің) жұмысы 
маңызды рөл атқарады.
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
қолдауымен 
Қазақстан 
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында 2019 жылдан бастап білім беру 
ұйымдарының штаттық кестесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларды қолдау бойынша педагог-ассистент штаттық бірлігін енгізу 
қарастырылған 
[
2
]

Ұсынылып отырған құралда шетелдік тәжірибеге шолу мен отандық 
мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдаудың 
қолданыстағы практикасына талдау берілген, педагог-ассистент қызметінің 
мазмұны баяндалған, сондай-ақ оларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларды қолдау және жалпы білім беретін процестегі мұғалімдерге көмек 
көрсету бойынша ұсынымдамалар берілген.
Құралды дайындау кезінде көптеген шетелдік және отандық авторлардың 
ғылыми жарияланымдары, Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-
практикалық орталығының, Республикалық психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация, білім басқармалары, Ақмола облысының 
инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мамандары, 
еліміздің жалпы білім беретін мектептері мен үкіметтік емес ұйымдардың 
өкілдері ұсынған ғылыми-әдістемелік материалдар пайдаланылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет