VII Өрт қауіпсіздік шаралары.
7.1. Электрмен дәнекерлеуші және көмекші жұмысшылар өрт сөндіру құралдарының орналасуын білуге міндетті және оларды қолдана алуы қажет.
7.2. Жұмыс кезінде жанатын құрастырмаларға және материалдарға балқытылған металдың шоқтарының түсуін және электрод бөлшектерінің шашырауын болдырмау қажет. Дәнекерлеу жұмыстары орынында электрод қалдықтарын сақтауға арналған арнайы металл жәшік болуы қажет.
7.3. Дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін бөлмелерде от қауіпті материалдарды (бензин, спирт, ацетон, лак, сырлау материалдары және т.б. ) сақтауды болдырмау қажет.
7.4. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын қарап шығу қажет және жану ошағының пайда болу мүмкіндігін жою үшін шараларды қолдану керек.
7.5. Өрт пайда болған жағдайда тез арада өрт тобын шақыру қажет және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жану ошағын жою шараларын жасау керек.
Бақылау сұрақтарына:
1.Жолнұсқа үлгісі стандарттар жүйесіне сәйкес жасалған ба?
2. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіп-қатерлер толық көрсе-тілген деп есептейсізбе?
3. Электрмен пісіруші, дәнекерлеуші жұмыс барысында қандай опера-цияларды атқарады?
4.Тұйық ыдыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін қандай қауіпсіздік шарттарын сақтау қажет?
5.Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде қандай әрекеттерге тыйым салынады ?
Тақырып 4 : Электрмен пісіру, металды кесу жұмыстары кезінде жұмыс орнындағы ауаны желдету мәселелері.
Мақсаты:4 Электрмен пісіру, металды кесу жұмыстары кезінде жұмыс орнындағы ауаны желдетуге қойылатын қауіпсіздік талаптарымен, тәсілдерімен танысу, оны есептеу әдістерін меңгеру.
Оқу мақсаты:
Студент білуі керек:
Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
Достарыңызбен бөлісу: |