Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет5/67
Дата08.05.2018
өлшемі21,28 Mb.
#40448
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

Жауабы: 12 кітап

Берілген тапсырма 5 сыныптағы «Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі» тақырыбына сәйкес келеді. Алайда бұл тапсырманың аз мөлшерде орындалуы оқушылардың екі параллелепипедтің көлемін біріктіре анықтай алмауынан туындауы мүмкін. Осы тапсырманың орындалуын зерттей келе оқушылардың кеңістік туралы зиятын дамыту үшін орта мектептің математика курсының бағдарламасында және оқулығында кездеспейтін қарапайым кеңістік фигураларының қасиеттерін оқып үйренудің қажеттілігі айқын көрініп тұр деген қорытындыға келуге болады.


11-мысал. «Сандар» мазмұндық бөлімі:

P*Q=N сандар қатарынан P және Q екі бөлшек саны берілген.



Төмендегі жағдайлардың қайсысы координаталық түзудегі N санының орнына сәйкес келеді?

Жауабы: Д

Жетік (ілгері) деңгейдегі жабық тапсырма берілген сан түзуіндегі анықталмаған бөлшек нүктесінің орнын анықтауға бағытталған. Бұл тапсырманы орындаушылар санының аздығы Қазақстандық мектептегі математика оқулығында осы типтегі тапсырмаларды орындау жолдарының енбегендігінен деген қорытынды шығаруға болады. Осыған байланысты оқушылар бұл есептерді шеше алмайды және шешу тәжірибесі де жоқ. Және де P және Q бөлшектерінің мәнін бағалау кезінде оның 1-ден кіші екендігіне байланысты P >Q болады.


12-мысал «Мәліметтер және ықтималдық» мазмұндық бөлімі

480 оқушыдан ең сүйікті спорт түрін айтуды өтінген болатын. Нәтижесі төмендегі кестеде берілген:




Спорт түрі

Оқушылар саны

Хоккей

60

Футбол

180

Теннис

120

Баскетбол

120

Кестедегі мәліметті пайдалана отырып дөңгелек түрінде диаграмма тұрғызып, оны секторларға бөліңіз.



Спорт түрінің танымалдығы:




Хоккей

Теннис

Баскетбол

Футбол

Оқушылар кестедегі мәліметті пайдалана отырып дөңгелек диаграмма тұрғызуы керек және де мәліметтердің пропорциясын дұрыс есептей алуы қажет.

Бұл тапсырманы нақты орындау үшін оқушылар дөңгелек диаграмма тұрғыза білуі және градустарды есептеуі қажет. Бұл тапсырма 5 сыныптағы «Дөңгелек диаграммалар» тақырыбына сәйкес келеді.

Бұл тапсырманы орындау пайызының төмендігі 5 сыныпта аталған тақырып өтілген соң нақтыланбайтындығында. Қазақстандық оқушылар бұл тапсырманы толығымен орындай алмады. Секторлар дұрыс бөлінген, бірақ жеке белгі салынбаған.


13-мысал. «Сандар» мазмұндық бөлімі:

Петр, Женя және Андрейдің баскетбол сақинасына 20 реттен доп салу мүмкіндігі бар. Бос шаршыларды толтырыңыз.

Имя

Сәтті салынымдар саны

Сәтті салынымдар пайызы

Пётр

20дан 10

50 %

Женя

20дан 15

15%

Андрей

20дан 16

80%


Тапсырманың күрделілігі орташа, еркін-құрастырмалы жауап, Білім оқу-танымдық тұрғыда. Оқушылар сәтті салынымдар санын пайыз түрінде өрнектей білуі және кері есепті шығара білу қажет,

Бұл тапсырманың орташа деңгейде орындалуы 7-8 сыныптарда алған пайыз туралы мағлұматтарының өте аздығымен сипатталады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар математикадан алған базалық білімдерін қарапайым жағдайда пайдалана білуді ұсынады.
Ғылыми-жаратылыстану бағыты
4 сынып

1-мысал. «Биология» мазмұнды бөлімінің жетік деңгейдегі тапсырмасы:

Суретте гүлдеп жатқан өсімдік бейнеленген.



1

2

3

4


Осы өсімдіктің бөлімдері санмен көрсетілген. Төмендегі кестеге өсімдіктің әрбір бөлігін, бөлігінің атқаратын қызметін жаз.




Өсімдіктің бөліктерінің атауы

Өсімдіктің бөліктерінің қызметі

1

Гүл

Тұқым шығарады

2

Сабақ

Суды және қоректік заттарды өткізеді

3

Жапырақ

Қоректік заттарды шыгарады

4

Түбір

Суды,минералды және қоректік заттарды топырақтан өткізеді


Тапсырма еркін жауапты, білімді-танымдық түрде корсетілген Білім.Бұл тапсырма қиын,оқушыларға өсімдіктің құрамын және әр қайсысының қызметін анықтап,сипаттау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет