Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет1/67
Дата08.05.2018
өлшемі21,28 Mb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Национальная академия образования имени И. Алтынсарина



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ТАПСЫРМАЛАРЫН ШЫҒАРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ЖӘНЕ НҰСҚАУЛАР
Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша практикум
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ И ИНСТРУКЦИИ ПО РЕШЕНИЮ ЗАДАНИЙ МЕЖДУНАРОДНЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ
Практикум по решению заданий международных исследований

Астана

2014
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2014 жылғы 24 қазанның хаттама № 9).
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол от 24 октября 2014 года № 9).

Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар. Халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша практикум. – Астана: Ы .Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 54 б.
Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований. Практикум по решению заданий международных исследований. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2014. – 54 с.
Бұл халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша практикумында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша халықаралық зерттеулер тапсырмаларының ерекшеліктері келтіріліп, халықаралық зерттеулер тапсырмаларын шығару бойынша әдістемелік ұсыныстар және нұсқаулар, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар нұсқалары берілген.

Практикум мектеп басшылары мен пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, осы сала бойынша ізденушілер мен зерттеушілерге арналған.
В практикуме по решению заданий международных исследований приведены особенности заданий международных исследований по развитию функциональной грамотности учащихся, даны методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований, а также варианты заданий по развитию функциональной грамотности учащихся.

Практикум адресован учителям математики, физики, географии, биологии, химии, языков и литературы, руководителям школ, методистам, педагогам дополнительного образования, работникам управлений и отделов образования.
© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2014.

© Национальная академия образованияим.И.Алтынсарина,2014.

Кіріспе
Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа ену, адами ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің рөлін арттыру жағдайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемі ретінде білім беру жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау маңызды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылығы Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланатын болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеруге арналған тапсырмалар алғаш рет 2014 жылғы ОЖСБ-ның тест тапсырмаларына енгізілген [1].

Функционалдық сауаттылықты «адами іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін мектепте алған білім, білік жіне дағдыны пайдалана білу қабілеті» деп түсіну қажет.

Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау аясында ҚР-да бағаланатын функционалдық сауаттылықтың түрлері: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылстану сауаттылығы.

Білім сапасын сырттай бағалаудың маңызды құралы PISA, TIMSS халықаралық мониторингтік зерттеулері болып табылады. Халықаралық салыстырмалы зерттеулер аспектісінде оқушылардың білім мен білік сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі - функционалдық сауаттылық. Аталған зерттеулерге қазақстандық мектеп оқушыларының қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықты жеткіліксіз деңгейде қалыптастыру екенін көрсетіп отыр.

2015 жылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері PISA (математикалық және жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау, сондай-ақ 15 жастағы оқушылардың әртүрлі типтегі мәтіндерді түсіне білуі) және TIMSS (4-ші және 8-ші сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) халықаралық зерттеулеріне қатысады.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында белгіленгендей PISA және TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерінде қазақстандық мектеп оқушыларының нәтижелерін жақсарту қажет.

Осыған байланысты, қазақстандық білім балалардың әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттарда, тұлғааралық қарым-қатынаста және әлеуметтік қатынаста алған білімдерін пайдалану дағдыларын дамытуға бағдарлануы тиіс.

Аталған құрал PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындалу мақсатында пән мұғалімдеріне, оқушыларға арналған. Онда халықаралық зерттеулердің тапсырмаларын шешу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жөніндегі тапсырмалардың нұсқалары берілген және оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың халықаралық зерттеулерінде пайдаланылған үлгілік тапсырмалар енгізілген.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 TIMSS халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері

TIMSS математика және жаратылыстану ғылымының білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу жалпы балім саласындағы негізгі мониторингтік зерттеулер болып табылады. Ол 1995 жылдан бері математика және жаратылыстану ғылымының білім саласындағы білім тенденциясын бақылауға көмектеседі. (әр 4 жыл сайын) зерттеу барысында бастауыш мектептердегі 4-8 сынып оқушыларының жетістіктері бағаланады [2-4].



Математика__Жаратылыстану__Оқу'>Математикалық бағыт

Математикалық цикл бойынша тест тапсырмалары TIMSS халықаралық зерттеуіндегі (Assessment Frameworks) бағалау құрылымы негізінде жасалынған. Осыған байланыста оқушылардың математикалық дайындығының нәтижесі мазмұндық блоктар және оқу танымдық тапсырмалар мәтінінде көрсетілген (1-кесте).


1-кесте. Математикалық тестік тапсырмаларды үлестіру


Мазмұндық бөлімдер

4 сынып

8 сынып

50%

Сандар: Натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; санды өрнектер мен теңдеулер; тізбектелген сандар және тәуелділік

30%

Сандар: Натурал сандар;

жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас; процент және пропорция









30%

Алгебра: Тәуелділіктер; алгебралық өрнектер, теңдеулер және функция

35%

Геометриялық фигуралар және өлшеулер:

Нүкте, кесінділер және бұрыштар; жазықтықтағы және кеңістіктегі фигуралардың кескіндері



20%

Геометрия:

Геометриялық өлшемдер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы мен қозғалысы.



15%

Мәліметтерді беру:

мәліметтерді ұйымдастыру және интерпретациялау;



20%

Мәліметтер және ықтималдық:

Мәліметтер интепретациясы; мәліметтерді ұйымдастыру және ұсыну; ықтималдық



Оқу-танымдық іс-әрекеттердің түрлері

40%

Білу

35%

Білу

40%

Қолдану

40%

Қолдану

20%

Ойлау

25%

Ойлау

Әр блоктағы зерттеу тақырыптарындағы тапсырмалардың едәуірі зерттеуге қатысушы елдердің математикалық оқу бағдарламасынан алынған (1-кесте).



4-сынып оқушылары мазмұндық «Сандар» бөліміндегі тапсырмаларды орындауда өлшем бірліктер аралығын, бір өлшем бірлікті екінші өлшем бірлікке айналдыра білуді меңгеруге, білуге тиіс. (минутты секундқа, тәулікті сағатқа). Натурал сандар – бастауыш мектептердегі оқушылардың математикалық қарапайым есептерді шығарудың негізі болып табылады.

«Геометриялық фигуралар мен өлшеулер» мазмұндық бөліміндегі тест тапсырмалары сызықтар мен бұрыштардың қасиетін талдай білуге, анықтауға бағытталған.

«Мәліметтерді беру» бөліміндегі тапсырмаларды орындауда оқушылар кестеде, графиктер мен диаграммаларда берілген мәліметтерді оқып, интерпретациялай білу керек.

8-сынып оқушылары «Сандар» бөлімінде бүтін және натурал сандар, жай және ондық бөлшектер, процент шығару, пропорция құруды түсініп қана қоймай, оны терең меңгеріп, түрлі тапсырмаларда қолдана білуге тиіс.

«Алгебра» бөліміндегі тест тапсырмалары сандардың заңдылығын анықтауға бағытталып, математиканы түрлі жағдайлардың шешімін табуға қолдана білуге бағытталады.

«Геометрия» бөліміндегі тест тапсырмаларын орындауда оқушылар екі және үшөлшемді геометриялық фигуралар бұрыштарының өлшемін, ұзындығының жауаптарын көрсетуге бағытталады.

«Мәліметтерді беру және ықтималдық» бөлімінің тапсырмалары берілген графиктер мен кестелер арқылы берілген мәліметтерді интерпретациялауға арналады.
Ғылыми-жаратылыстану бағыты

Ғылыми-жаратылыстану циклі бойынша тест тапсырмалары TIMSS халықаралық зерттеуіндегі бағалау құрылымы негізінде жасалынған. Осыған байланыста оқушылардың математикалық дайындығының нәтижесі мазмұндық блоктар және оқу танымдық тапсырмалар мәтінінде көрсетілген (2-кесте).


2-кесте. Жаратылыстану бойынша тестік тапсырмаларды үлестіру


Мазмұндық бөлімдер




4 сынып




8 сынып

45%

Биология: Ағзадағы сипаттамалар мен тіршілік процестері; ағзадағы тіршілік циклдары; көбею және тұқым қуалаушылық; ағзаның қоршаған ортамен әрекеттестігі; адам және оның денсаулығы; экожүйелер.

35%

Биология: Ағзадағы сипаттамалар мен тіршілік процестері; жасуша және оның функциялары; ағзадағы тіршілік циклдары; көбею және тұқымқуалаушылық; әртүрлілік, бейімділік және табиғи сұрыптау; адам және оның денсаулығы; экожүйелер.

35%

География және астрономия:

жер құрылысы, жер қабығының сипаттамасы, табиғи ресурстары , жердегі құбылыстар, циклдар, жердің геологиялық тарихы, күн жүйесіндегі жер.



20%

География және астрономия:

жер құрылысы және оның физикалық сипаттамасы, жергілікті процестер, тарих және циклдар, жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғау, күн жүйесіндегі жер.



20%

Физика және химия: Заттардың қасиеті және классификациясы, энергия көздері, температура және жылу эффектісі, күш және қозғалыс.

25%

Физика: Зат алмасудағы өзгерістер және физикалық жағдайды; энергия көздері; жылу құбылыстары; жарықтық және дыбыстық құбылыстар, электрлік және магниттік құбылыстар; күш және қозғалыс.







20%

Химия: Заттардың құрамы және классификациясы, заттардың қасиеті, химиялық процестер.

2-кестенің жалғасы


Оқу-танымдық іс-әрекеттің түрлері

40%

Білу

35%

Білу

35%

Қолдану

35%

Қолдану

25%

Ойлау

30%

Ойлау

Тестке қатысушылардың нәтижелілігі оқу танымдық іс-әрекеттің түрлері бойынша бағаланады. (ары қарай УПД білім, қолдану және талдау)

Оқушылармен орындалатын ойлау іс-әрекетінің барлық түрлеріне әртүрлі пайыздық мазмұндар бар (3-кесте)
3-кесте. Оқу танымдық іс-әрекеттер


ОТҚ

Танымдық аймақтар

Білу

Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер мен түсініктерін анықтау; ағзаларды,процестерді, байланыстарды сипаттау; білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру, мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда білім арқылы көрсету.

Қолдану

Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды классификациялау; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, шешімін байланысын табу, мәліметті түсіндіру түрлері құбылыстарды түсіндіру.

Ойлау

Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау.


1.2 PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері

PISA Халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар оқушының мектепте меңгерген курстарының мазмұнын академиялық білімін өлшемейді. Халықаралық емтихан жабдығының бірегейлігі, ол оқушылардың білімін анықтайды, есейген өмірде өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, мектепті сәтті аяқтауына мүмкіндік туғызады. PISA зерттеуі оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап, академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға (өмірлік дағдылар) үйретеді [5-7].

PISA жобасындағы оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау артықшылығы үш бағытта жүреді: оқу құзіреттілігі, математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылықтары.

2015 жылы зерттеудегі басымды бағыт - «ғылыми жаратылыстану сауаттылық» бағыты болады. Тапсырма үлгілері мәтін, кесте, диаграмма, графика, карта, жарнамалық буклет және әртүрлі нұсқаулықтардан тұрады.



Оқу сауаттылығы – жазба мәтіндерді түсінуіне, өз мақсатына жету үшін оның мазмұның қолдануына, қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамытуға адами қабілеті .

Математикалық сауаттылығы - өзі тұрып жатқан әлемде математика рөлін анықтау және түсіну, жасампаз, мүдделі және ойшыл азаматқа тән дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алуына адами қабілеті.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы - нақты жағдайларда ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау үшін, тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет.

Оқушылардың оқу, математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылықтарын тексеру үшін үш бағыт анықталды: мазмұн, іс-әрекет түрлері, жағдаяттар (4-7-кестелер)


4-кесте. Бағыт бойынша мазмұндық бағыттар


Математика

Жаратылыстану

Оқу

  • мөлшер;

  • кеңістік және форма;

  • өзгеріс және қатынас;

  • белгісіздік.




  • заттың құрылысы және құрамы;

  • атмосфералық өзгерістер;

  • физикалық және химиялық өзгерістер;

  • қуат өткізу;

  • күш және қозғалыс;

  • физиологиялық өзгерістер;

  • генетикалық бақылау;

  • экожүйе;

  • әлемдегі жер;

  • географиялық өзгерістер.

  • «бірыңғай» мәтін (прозалық туындылар, мысалы, сипаттама, әңгіме, түсіндірме, дәйектеме);

  • «бірыңғай емес» мәтіндер (графиктер, пішіндер, ақпараттық беттер және т.б.).

5-кесте. РІSА ептілік деңгейлері (құзыреттіліктері)




Математика

Жаратылыстану

Оқу

  • елестету (стандартты қабылдаулар мен әдістер, белгiлi алгоритмдарды қолдану; таныс өрнектермен жұмыс; қарапайым математикалық амалдарды орындау);

  • байланыс орнату
    (тапсырманың бір түрінен екінші түріне өтуі, математикалық модельдер жасауы, есептердің шартын шешуде әртүрлі тәсілдерді қолдана білуі, тапсырма шешімін интерпретациялау);

  • пайымдау, ойлау (күрделi мәселелер; ойлау және тұжырымдау; шығармашылық тәсілдер, шешу тәсілдерін өңдеу; жалпылау; дәлелдеу; математикалық икемділіктің кең спектрі).

-жаратылыстану құбылыстарын сипаттай алуы, түсіндіре білуі және болжай алуы;
- құбылыстарға ғылыми түсінік бере білуі;
- ғылыми дәлелдерді пайдалануы және тұжырымдауы.


- ақпаратты табу;
- мәтінді талдауы;
- мәтін мазмұнына немесе формасына және оны бағалауына рефлексиясы.

6-кесте. Жағдайяттар типі




Математика

Жаратылыстану

Оқу

-жеке өмір;

- оқу және кәсіби

қызмет;

- қоғамдық.




  • өмірдегі жаратылыстану;

  • денсаулық;

  • жер және қоршаған

  • орта;

  • жаратылыстану және техника

- жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);

- қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар);

- кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер);

- білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар).



2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
2.1 TIMSS халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
Математикалық бағыт
4 сынып

1-мысал. Футбол ойынында команда жеңіс үшін 3 ұпай, тең түскен жағдайда 1 ұпай, жеңіліс тапқан жағдайда 0 ұпай алады. Зеландия командасында 11 ұпай бар. Зеландия командасы ең аз дегенде неше ойын ойнауы мүмкін?

Жауабы: 5

Берілген тапсырма жетік деңгейдің ашық түрдегі тапсырмасы. Оқушылар натурал сандарға есептеу амалдарын қолдануды талап ететін көпадымды сандық есепті шығаруы қажет. Таныс спорттық жағдаятқа берілген бұл тапсырма стандарттық емес есеп болып табылады, сандар туралы біліммен қатар дамыған логикалық ойлау қабілетін қажет етеді.


2-мысал. «Геометриялық фигуралар және өлшеулер» мазмұндық бөлімі:

Кестеде А және В фигуралары туралы бірнеше тұжырым келтірілген. Берілген тұжырымдардың тура немесе тура еместігін көрсету үшін сәйкесті торға Х белгісін қойыңдар:


Тұжырым

Дұрыс

Дұрыс емес

А және В фигураларының екеуініңде квадрат болып табылатын жақтары бар

Х




А жәре В фигураларының жақтарының саны бірдей.




Х

А фигурасының барлық бұрыштары тік.

Х




А фигурасына қарағанда В фигурасының қырлары көп




Х

В фигурасының кейбір қырлары иілген




Х


Тапсырманың мазмұны геометриялық денелердің қасиеттері туралы білімдерін тексеруге ғана емес, сонымен қатар кеңістік фигуралардың проекциялық бейнесін оқи білуге құрылған тапсырма мазмұны қазақстандық бастауыш мектептің оқу бағдарламасында қарастырылмаған. Тапсырманы орындау күрделілігі логикалық пайымдауды қажет ететіндігінде.
Каталог: assets -> images -> Otdely -> Otdel%20doshkolnogo%20obr
Otdel%20doshkolnogo%20obr -> Учебная программа курса по развитию функциональной грамотности 15-летних школьников, потенциальных участников pisa-2015
images -> Өскемен 2015 ӘОЖ. 811. 512. 122: 37. 09
images -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
images -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
images -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу