Жауабы: Өрмекші – В; Шаян – В; Балық – А; Арыстан– А.
4 сынып оқушыларының жоғарғы нәтиже көрсетуінің себебі «Қаңқа- дене тірегі» , «Жануарлар әлемінің көптүрлілігі» тақырыптарын оқыту кезінде осы сұраққа көп көңіл бөлінуіне байланысты. 9-мысал. «Қолдану» саласына байланысты тапсырма:
Ағаш пен арыстан бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Бірақ олар тірі табиғатқа жатады және олаға ортақ ерекшеліктер тән. Мысалы, тірі қалу үшін, оларға су қажет.
Жауабы: Жауапта жоғарыдағы 2 ерекшелік көрсетілген. Мысалы: Оларға энергия қажет. Оларға оттегі қажет. Олар қажетсіз заттарды бөліп шығарады. Оларға күн керек. Олар өседі, дамиды, тіршілігін жояды.
Берілген тақырып бастауыш буынның «Дүниетану» курсында қарастырылады. Оқу бағдарламасында «Өсімдіктер» мен «Жануарлар» бөлімдерін оқытуға жеткілікті уақыт берілсе де, қазақстандық оқушылар өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі табиғи құбылыстырды салыстыра алмады. 10-мысал. «Ойлау» оқу-танымдық іс-әрекетіне арналған тапсырма:
Тимур Бауыржанға суретте көрсетілгендей 2 өткізгіш сымдары шығып тұрған жабық қорапша берді.
Тимур Бауыржаннан қорапшаны ашпай ішінде не бар екендігін табуын сұрады.Бауржан 2 өткізгішті суретте көрсетілгендей шам және батарейкамен жалғады. Сол кезде шам жанды.
Қорапшада төмендегі заттардың қайсысы болуы мүмкін?
А)
Резеңке белдік
В)
Ағаш қарандаш
С)
Темір кілт
D)
Шыны стақан
Жауабы: С
Берілген сұрақ оқу бағдарламасының «Темір және алюминий рудалары», «Электр тоғы», «Электр тізбегі» тақырыптарына сәйкес келеді. Бұл тақырыптарды бастауыш сыныптарда оқыту кезінде оқушылар электр өткізгіштерінің практикада қолданылуымен танысады. Суретте берілген заттардың арасынан оқушылар электр тоғын өткізетін заттарды таңдаулары әбден мүмкін. 8 сынып
11-мысал. «Химия» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:
Ахмет сынауыққа аз мөлшерді ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді.
Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз.
Тапсырма орындауда химиялық реакция кезінде жүретін өзгерістерді нақты сипаттау қабілеті мен маңызды концепцияларды түсінуі ескеріледі. 12-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөліміне арналған жетік деңгейдегі тапсырма:
Суретте парашютист төрт позициядан көрсетілген.
1. Секіру алдында ұшақта.
2. Парашюттің ашылуы алдында секіруден кейін еркін құлау кезі.
3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қону кезі.
4.Қонғаннан кейін бірден жерге түскен кезі.
Парашютисттің қай позициясында гравитациялық күш әсер етеді?