Методические рекомендации и инструкции по решению заданий международных исследований



бет8/67
Дата08.05.2018
өлшемі21,28 Mb.
#40448
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67

13-мысал. «Химия» бөлімінің «Ойлау» оқу-танымдық түріндегі жоғары деңгейіне арналған тапсырма:

Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?

Жауабы: металл электр тогын өткізеді. Ол оны затты, батарейканы және шамды қарапайым электр тізбектеу арқылы дәлелдей алады. Барлығы дұрыс қосылса шам жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық.

Негізгі мектептің оқушылары металлды анықтай алуы және металл болу үшін заттың қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет.

Оқушылар кейбір ғылыми зерттеу дағдыларын демонстрациялау, сәйкес келетін эксперименталды әдістерін таңдау мен негіздеу, әр түрлі типтегі диаграммалар, контур карталар, сызбанұсқалар мен кестелерді біріктіру мен ақпаратты логикалық қорытындылау, керекті ақпаратты таңдау, анализдеу мен қорытындылау, сонымен бірге қысқаша сипаттама беру керек.
14-мысал. «Физика» бөлімінің жоғары деңгейдегі тапсырмасы:

Сұйықтықты суытқанда сұйықтық молекулаларында не байқалады?

А) Олар қозғалысын баяулатады;

В) Қозғалысын жылдамдатады;

С) Олардың мөлшері азаяды;

Д) Олардың көлемдері азаяды.
15-мысал. «География» бөлімінің орта деңгейдегі тапсырмасы:

Келесі бес тұжырымдама судың айналымында жүретін үрдістерді сипаттайды. Теңіздің бетіндегі судың булануысу айналымының бірінші кезеңі болып анықталады.

Судың айналымына байланысты тұжырымдарды 2 –ден 5-ке дейінгі ретте кезекпен нөмірлеңіз.

_2__ Су буы жылы ауаға көтеріледі .

_5__ Су өзеннен теңізге ағады

_1__ Су теңіздің бетінде буланады

_3__ Сулы бу салқындап бұлтқа айналады

_4__Бұлт араласып, су Жерге жаңбыр ретінде құяды

Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін бағалауға бағытталған. Финн оқушылары максималды жоғары көрсеткіш көрсетті. Оның мазмұны айқын табиғи құбылыстың мысалын көрсетеді.
16-мысал. «География» бөлімінің орта деңгейдегі тапсырмасы:

Жаттығу алдында Женя өзінің жүрек қағысын өлшейді. Жүрек қағысы минутына 70 рет соғады. Женя 1 минут жаттығады да, жүрек қағысын қайта өлшейді. Сөйтіп ол әр минут сайын жүрек қағысын бірнеше рет өлшейді. Ол өзінің көрсеткіштерін график түрінде көрсетті.

Оның көрсеткіштерінене қандай қорытынды жасауға болады?

А) Жүрегінің қағысы минутына 50 ретке дейін артады.

В) Жүрек қағысының артуына қарағанда азаюына аз уақыт кетеді.

С) Төрт минуттан кейін оның жүрегі минутына 80 рет соғады.

D) *Оның жүрек қағысы 6 минуттан да кем уақытта орнына келеді.

Тапсырма графикті талдауға, қабылдаған шешімді түсіндіруге және айтуға бағытталған.

Орта деңгейдегі тест тапсырмаларын орындау кезінде оқушылар кестедегі ақпараттар мен графиктерді, диаграммаларды талдай алуы және қорытынды жасаулары қажет.
17-мысал. «Генетика» бөлімінің төменгі деңгейдегі тапсырмасы:

Егіз ұл және қыз балалар дүниеге келді. Төменде бекітілген генетикалық ақпараттаврдың қайсысы дұрыс?

А) Қыз және ұл балалар тек әкесінің генетикалық ақпаратын сақтады.

В) Қыз және ұл балалар тек анасының генетикалық ақпаратын сақтады.

С) *Қыз және ұл балалар тек анасы мен әкесінің генетикалық ақпаратын сақтады.

D) Қыз тек анасының, ал ұл бала әкесінің генетикалық ақпаратын сақтады.

Оқушылар төменгі деңгейлі тапсырманы орындау барысында өзінің қабілетіне қарай қабылдайды сонымен қатар қарапайым диограмаларды және суреттерді қиын емес кестелерді базалық білімдеріне сай практикалық тұрғыда қолданады.
18-мысал. «Химия» бөлімінің төменгі деңгейдегі тапсырма:

Көмір қышқыл газының химиялық формуласы қандай?

А) CO; В) *СО2; С) C; D) О2.

Төменгі деңгейдегі тапсырма негізгі химиялық формулалардың білуін пайымдайды.
19-мысал. «Қолдану» саласынан тапсырма:

Ыстық күнде шыны құмыраның ішіне мұздай су құйды (1-сурет).

Біраз уақыттан кейін құмыраның сыртында су тамшылары пайда болды. (2-сурет).

Құмыраның сыртында су тамшыларының пайда болу үдерісін сипаттап бер.

Жауабы: Конденсация үрдісі сипатталады. Бұл жерде су буының (ауадағы)құмыра сыртымен конденсациялануына сілтеме жасалады.Мысалы: Су тамшылары ауадағы су буынан пайда болады. Ауадағы су буы суық бетпен жанасқан кезде сұйық суға конденсацияланады. Құмыра беті суық, себебі ол жылуды мұздай суық суға айналдырады. Олар шыны құмыраның суық бетінен конденсацияланған су буынан пайда болады.Тапсырма «Заттардың агрегаттық күйі» тақырыбына арналған. Бұл сұрақ 8-сыныптың «Физика» бағдарламасында, «Булану және конденсация» тақырыбын оқыту кезінде қарастырылады.
2.2 PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулар
Математикалық сауаттылық
1-мысал. «АДАМ ЖҮРІСІ» тапсырмалар тобы

Суретте жүріп келе жатқан адамның аяқ іздері бейнелеген. Қадам ұзындығындағы бір аяғының өкшесі мен екінші аяғы өкшесінің ара қашықтығы – Р.

Ер азаматтардың жүрісіндегі n және P арасындағы тәуелдігі шамамен мына формулаға негізделеді n/ P =140, ол жерде n – әр қадамның 1 мин. ішіндегі саны, P – метр өлшеміндегі қадамның ұзындығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет