Гүлмира Абдрашева
- «Клуб Добряков» еріктілер
қозғалысының негізін қалаушы.
Ол екі жыл бұрын Instagram әлеуметтік платформасының
жоғары
тиімділігін
пайдаланып,
көмекке
мұқтаж
жандардың базасы орналастырылған ашық топ құрады.
Қайырымдылар клубының ұраны: «Қайда болсаң да, пайдаң
тисін!».
«Клуб добряков» атты қайырымдылық қозғалысын өз
қалаларында көргісі келетін тұрғындардың сұрауы
бойынша сол қалада клуб ашылады. Басқа 4 клуб солай
пайда болды.
Клубтың арқасында 30-дан астам адам жұмысқа
орналастырылды. Отбасында бір немесе одан да көп
мүгедек
баласы
барлар,
көп
балалы
отбасылар,
жалғызбасты зейнеткерлер, жетімдер клубтың тұрақты
қамқорында. Сонымен қатар, өмірдің қиын жағдайына
ұшыраған адамдарға да көмек көрсетеді.
Гүлмира әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға, мұқтаж
жандар мен үйі жоқ жануарларға тегін көмек көрсетеді.
Қайырымдылық шаралары Гүлмираға ешқандай қаржылық
пайда әкелмейді. Гүлмира Абдрашева қоғамға нағыз
ақпейіл жанның қандай болатынын үлгі етіп жүр.
34
7.
«Тұлғалық
өсу»
Достарыңызбен бөлісу: |